Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Рационал сандарды көбейту -

Рационал сандарды көбейту

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2233 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Математика пәні мұғалімі Ауезханова Гүлмира Жұмағалиқызы
Қостанай облысы Жангелдин ауданы
Қаражан Топев орта мектебі
Математика 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды көбейту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Рационал сандарды көбейту ережелерін түсіндіру,
оны есептер шығаруда дұрыс қолдана алуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,өзбетінше жұмыс жасай білуге
дағдыландыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды өз бетімен еңбектенуге, есептер шығару барысында дәлдікке ,ұқыптылыққа,шапшаңдыққа,ойын дәйекті баяндай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа ұғымды игеру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта ,презентация, кеспе қағаздар, электронды оқулық, формулалар
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеп,сабаққа даярлығын қадағалау.Оқушыларды 3 топқа бөлу.
2. «Миға шабуыл»-өтілген тақырыптарды пысықтау.
1-топ. 1. Натурал сандар дегеніміз не?
2. Қарама-қарсы сандарды қосу? 3. -100 бен -12 қайсысы үлкен? Неліктен?
2- топ 1. Бүтін сан дегеніміз не? 2. Таңбалары бірдей рационал сандардың қосу. 3. Координаталық түзу дегеніміз не?
3- топ 1. Рационал сан дегеніміз не? 2.Таңбалары әртүрлі рационал сандардың қосу. 3. Координаталық түзуде А(-3) және В(8) нүктелерінің арақашықтығы неге тең?
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
1 . Б і л у «Сәйкестендіру тест "
1. -0,73+5,27 -5,52.
2. 1-10 -2,5
3. 100+(-0,25) -15,6.
4. -3,42-2,1 0.
5. 0 - 2,5 99,75.
6. 4 –(- 0,78) 4,78.
7. -3,32+(-4) -7,32.
8. -6,3+6,3 -9
9. -5,6 -10 4,54 .
10. Түсіну
2. Түсіну. «Мағынаны тану.

1 мин 3м тереңдікке сүңгейді.2 мин,5 мин –та қанша тереңдікке сүңгейді?
Шешуі: 1мин. -3м, 2мин -6м , 5мин. -15 м барады.
Рационал сандарды көбейтуде көбейткіштердің құрамында теріс сандар болатындықтан, алдымен көбейтіндінің таңбасы анықталады.
1. Егер көбейткіштердің таңбалары әртүрлі болса:
-4 • 3 =(-4)+(-4)+(-4)=-12
-0,35• 3=(-0,35)+(-0,35)+(-0,35)=-1,05
Таңбалары әртүрлі екі рационал санды көбейту үшін:
1) көбейткіштердің модулін көбейту керек;
2)шыққан санның алдына «-» таңбасын қою керек.
(-8)• 6=-(8• 6)=-48
Таңбалар ережесі: (-) • (+)=(-) (+) • (-)=(-)
Формуламен берілуі: (-а) • в=-ав а• (-в) =-ав
2. Егер көбейткіштердің таңбалары бірдей болса:
4• 15=60, 12• 10=120 -0,4• (-0,1)=0,04
-7 • (-5)=35 -0,2• (-1,5)=0,3 -2• (-15)=30
Екі теріс санды көбейту үшін көбейткіштердің модульдерін көбейту керек.
-8• (-10)=8• 10=80
Таңбалар ережесі: (+)• (+) =(+) (-)• (-) =(+)
Формуламен берілуі: (-а)• (-в)= ав
Көбейткіштердің саны екіден көп болған жағдайды теріс көбейткіштер саны жұп болса,көбейтінді оң сан болады.
Мысалы: (-8) • (-3)• (-2)• (-0,5)=24
Көбейткіштердің саны екіден көп болған жағдайды теріс көбейткіштер саны тақ болса,көбейтінді теріс сан болады.
Мысалы: (-3)• (-2)•(-7)=-42
Егер көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса ,онда көбейтінді де нөлге
тең болады.
Мысалы: (-8,9)• 0=0 0• (-45)=0
Кез келген санды 1-ге көбейткенде, көбейтінді сол санның өзіне тең болады, ал санды -1 -ге көбейткенде ,көбейтінді сол санға қарама –қарсы санға тең болады.
Мысалы: -8 • 1=8 -5,6• 1=-5,6 23 • (- 1)=-23 45,9 • (- 1)=-45,9
Формулар: а• 0=0 -а• 0=0 а• 1=а а•(-1) =-а
-а• 1=-а -а•(-1) =а
3. Қолдану . «Білімің-ұшар қанатың» -оқулықпен жұмыс
1 .№ 520 ауызша 2.№521 дәптермен жұмыс . 3. №523 ауызша
4.Талдау «Ойлан,бөліс,талқыла!» - шығармашылық сипаттағы тапсырмалар
1- топ. а) х|х|=-4 б) 3 |х|= |х| 2
2-топ . а) -х|х|=-25 б) (х-1)• |х| =5(х-1)
3-топ а) -х|х|=-36 б)(х+1)• |х| =7 |х|
5.Жинақтау . «Кім жылдам?»
№544 1. 7 • ( )=-21
2. -15 • ( )=60
3. -5 • ( )=-30
4. ( )• (-4) =36
5. ( )• (-9) =-63
6. -25 • ( )=-100
7. -23 • ( )=23
8. -12 • ( )=0 9. -1• ( )=-56
Үй тапсырмасы 1. Рационал сандар тақырыбын оқу. №522,528
Бағалау . Рефлексия
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.