Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Рационал сандарды көбейту». -

«Рационал сандарды көбейту».

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 473 | Просмотров: 2106 | Размер: 36.5 Kb | Автор: arai
. Солтүстік Қазақстан облысы,
Мағжан Жұмабаев ауданы,
Дүйсеке орталау мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Бейсенбаева Күләй Шөпшібайқызы.
Математика 6 сынып.
Сабақтың тақырыбы: «Рационал сандарды көбейту».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың рационал сандарды көбейтуді білу туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландыру, пәеге деген қызығушылықты, математика тілінің мәдениетін дамыту;
Тәрбиелілік. Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, есептер шығару.
Көрнекілігі.Үлестірмелі карточкалар, ребустар, карточкалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Екі көбейткіштің таңбалары әртүрлі: біреуі теріс, екіншісі оң болса, көбейткіштер теріс сан болады.
(-) ∙ (+) = (-), (+) ∙ (-) = (-).
Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі-модулі көбейткіштердің модульдерінің көбейтіндісіне тең теріс сан.
(-а) ∙ в= -ав, а ∙ (-в) =-ав.
Мысалы: 4∙ (-15) = -60.
Екі көбейткіштің таңбаларыбірдей болса, көбейткіштер оң сан болады.
(-) ∙ (-) = (+), (+) ∙ (+) = (+).
Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі-модулі көбейткіштердің модульдерінің көбейтіндісіне тең оң сан.
(-а) ∙ (-в) = ав,
Мысалы: (-30) ∙ (-3) = 90.
Егер көбейткіштердің кемінде біреуі нөлге тең болса , онда көбейтінді де нөлге тең болады,: а∙ 0 = 0 .
Кез келген санды 1-ге көбейткенде, көбейтінді сол санның өзіне тең болады.
а∙ 1 = а .
Мысалы: (-2,5) ∙ 1= -2,5
Кез келген санды -1-ге көбейткенде, көбейтінді сол санға қарама - қарсы санға тең.
а∙ (-1) = -а, - а∙ (-1) = а.
Мысалы: 7,4 ∙ (-1) = -7,4; -9 ∙ (-1) = 9.
ІV. Рационал сандарды көбейтуге байланысты есептер шығару:
№ 520 (ауызша)
-3 ∙ (-18) =54 , -2 ∙ (-15) =30, -30 ∙ (-2) = 60,
27∙ (-2) = -54, 9 ∙ (-7) = -63, -15 ∙ 4 = -60.
Деңгейлік тапсырмалар:
«А»
-20 ∙ (-4) =80, (-15) ∙ 0 = 0, 28∙ (-2) = -56,
3 ∙ (-25) = -75, -21 ∙ (-4) = 84.
«Б»
22∙ (-0,3) = -6,6, (-100) ∙ 0,72 = -72, -88 ∙ 0,1 = - 8,8,
-3,8 ∙ (-3) = 11,4, -0,4 ∙ (-30) = 12.
«С»
-1,5 ∙ 0,7 = -1,05, 0,6∙ (-0,5) = -0,3,
7,2 ∙ (-25,3) = -182,16, -0,7 ∙ 0,64 = - 0,448.
Тапсырмаларды орындау:

Сергіту сәті: «Ойлан тап».

Қөбейтіндіні орындап, шыққан мәндерді өсу ретімен орналастырып тиісті әріптерді қойсақ мақалдың жасырылған сөзін анықтаймыз.
1). -3 ∙2 ═ -6 (ы) 5). 4 ∙4 ═ 16(ң)
2). 4 ∙2 ═ 8(н) 6). -3 ∙(-5) ═ 15 (ы)
3). 5 ∙2 ═ 10(н) 7). 4 ∙(-5) ═ -20(о)
4). -3 ∙4 ═ -12 (с) 8). 5 ∙(-5) ═ -25(Д)
... мың болғанына мақтан, Дұшпаның жалғыз болса да сақтан.
Жауабы: -25, -20, -12, -6, 8, 10, 15, 16.
Д о с ы н н ы ң
1. Көбейтіндіні орындап, көбейтінділері бірдей әріптердің орнын ауыстырсақ мақалдың жасырылған сөзі анықталады.
1). -2 ∙ 3 ═ -6 (ң)
2). -10 ∙(-3) ═ 30 (ы)
3). -3 ∙(-2,2) ═ 6,6 (с)
4). -6 ∙(-4) ═ 24 (д)
5). 60 ∙(-0,1) ═ -6 (д)
6). 12 ∙ 2 ═ 24 (ы)
7). 5 ∙ 6 ═ 30 (о)
Жауабы: -6, 30, 6,6, 24, -6, 24, 30.
Д о с ы ң д ы
... үш күн сынама, үш жыл сына.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: №525,528.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.