.
.
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру Рационал сандарды салыстыру
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 311 | Просмотров: 1800 | Размер: 53.0 Kb | Автор: araiМақсаты:
І.Білімділік: Оқушылардың рационал сандарды салыстыруда, координаталық түзуде суреттеуде алған білімдерін жүйелеу, кеңейту және тереңдету; тарихи мәліметтерімен таныстыру;
ІІ.Тәрбиелік: Оқушыларды белсендiлiкке, дербестiкке, жан-жақтылыққа, шапшандыққа тәрбиелеу;
ІІІ.Дамытушылық: Өзіндік жұмыстарын талдауға, салыстыруға мүмкіндік туғызу; байқағыштығын, тапқырлығын, өз-өзін бағалай алуын дамыту.
Түрі: Бекіту сабағы
Типі: Қайталау, пысықтау
Әдісі: Өзіндік жұмыс және білімді тексеру
Сабақ көрнекілігі: таратпа материалдар, бағалау плакаты, интерактивті тақта
Барысы:
І.Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, әр қатардан көмекшілер бекіту, оларды міндеттерімен таныстыру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
№382.
1) |1,5|+|8| |1,5+8|; 3)
2) 4)
ІІІ.Қайталау. / флипчарт беті /
№1 тапсырма.
Рационал сандарды салыстыру ережесін еске түсіру.
Оқушыларға жауап жазу парақтары ұсынылады, көп нүкте орнын толтыру.
1) Кез келген оң сан 0 – ден . . .
2) Кез келген теріс сан 0 – ден . . .
3) Кез келген теріс сан , оң саннан . . .
4) Екі теріс санның қайсысының . . . кіші болса, сол сан . . . болады.
5) Координаталық түзуде . . . сан оң жақта, ал одан . . . сан оның сол жағында кескінделеді.
ІҮ. Бекіту жұмыстары: / флипчарт беті /
№2 тапсырма.
Сандардың модулін салыстыру: / флипчарт беті /
Оқушыларға жауап жазу парақтары ұсынылады, көп нүкте орнын толтыру.
1) |-2,1| ... |-2,2|; 2) |-55| ... |-5,5|;
3) |-45| ... |35|; 4) 5)
№3. Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар оқулық және дәптермен жұмыс жасайды.
№390. Сандарды салыстырыңдар: / флипчарт беті /
1) -4,35 пен 4,3; 2) 3) 6,81 мен -6,9; 4)
№396. х-тің бүтін сан мәнін табыңдар:
1) -5,8<х<-4,5; 2) 0,5<х<1,8; 3) 1,7<х<2,9; 4) -3,7<х<-2,9;
Тарихи мәлімет.
Б.з.д. ІІ ғ. Египеттіктерде, вавилондықтарда, ежелгі гректерде теріс сандарды білмеген. Теріс сан деген түсінік теңдеуді шешу кезінде пайда болған. Математика есептерін шығаруда Қытайда пайдаланған, онда қызыл түспен оң сандар, қара түспен теріс сандар берілген.
№4 тапсырма. / флипчарт беті /
Оқушыларға жауап жазу парақтары ұсынылады.
Суретті пайдаланып, координаталық түзуде санақ басы 0-ді белгілеңдер, егер
а) а және в – оң сандар
а в
ә) а және в – теріс сандар
а в
б) а және в – қарама-қарсы сандар
а в
в) а және в – таңбалары әртүрлі сандар.
а в
Тарихи мәлімет.
Б.з.д. ІІІ ғ. Ежелгі гректік математик Диофант оң сандар мен теріс сандарды көбейтуді қолданып жүрген. Бірақ ол теріс санды дербес сан деп ойламаған, оны бар болғаны «азайтқыш» деп, ал оң санды «қосылғыш» деп есептеген.
№5 тапсырма. / флипчарт беті /
Оқушыларға жауап жазу парақтары ұсынылады.
Суреттегі координаталық түзуді пайдаланып, көп нүктенің орнына <, > және = таңбаларын қойыңдар:
а) у ... 0; ә) х ... 0; б) к ... 0; в) у ... к;
г) к ... х; д) у ... х; е) |х| ... |у|.
х у 0 к
Тарихи мәлімет.
Француз математигі Рене Декарт 1637 ж «Геометрия» атты кітабында «Сандық осіте нүктемен оң сандар нөлдің оң жағында, ал теріс сандар сол жағында орналасады» геометриялық тұжырымы берілген.
№6 тапсырма. Қосымша тапсырма. / флипчарт беті /
Оқушыларға жауап жазу парақтары ұсынылады.
Тізбектес үш бүтін сан шығатындай, көпнүктенің орнындағы сандарды табыңдар:
а) ... , -99 , ... ; ә) ... , ... , -17; б) -45, ... , ... ; в) ... , 0 , ... ;
г) ... , ... , 0; д) 66, ... , ... ; е) ... , ... , 99; ж) ... , 23, ... .
Ү. Қорытынды.
Тест жұмысы. / флипчарт беті /.
Оқушыларға жауап жазу парақтары ұсынылады.
Баламалы тест. Жауаптары иә немесе жоқ деп берілуі керек.
1) Егер санның модулі сол саннан үлкен болса, онда ол теріс сан (иә)
2) Егер санның модулі сол санға тең болса, онда ол нөл (жоқ)
3) Координаталық түзудің бойында -4,5 пен -2 арасында екі бүтін сан бар (иә)
4) Таңбалары әртүрлі екі санның үлкенінің, модулі де үлкен (жоқ)
5) -4,555 > -4,5 (жоқ)
6) Егер –х > 0, онда х < 0 (иә)
7) Егер х болса, онда ол теріс емес (иә)
8) Екі оң санның үлкенінің модулі де үлкен (иә)
9) Кез келген теріс емес сан теріс саннан кіші (жоқ)
10) Нөл кез келген теріс емес саннан үлкен (жоқ)
ҮІ.Бағалау.
Бағалау плакатын пайдалану.
р/с Аты-жөні №1
/5/ №2
/5/ №3
/8/ №4
/4/ №5
/7/ №6
/8/ Тест
/10/ Жалпы ұпай
/39+8/
Баға
1
ҮІІ.Үйге тапсырма: №383, №390 (5,6), №393, №396 (5,6), №400.
№220 орта мектеп
Рационал сандарды салыстыру
Пән мұғалімі: Әбдіжалелов Ә.
Арал қаласы, 2010 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.