.
.
2 - сынып Әріпті өрнектің мәнін табу
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 10270 | Размер: | Автор: araiТақырыбы: Әріпті өрнектің мәнін табу
Мақсаты: а)-әріппен белгіленген белгісізді жеке-даралауға негізделген
өрнектердің шешу жолын меңгерту;
ә)-өрнектерді құру, оқу және жазумен байланысты білімдерін дамыту;
б)-жан-жақты ойлауға, шапшаң есептеуге, есте сақтауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: түрлі иллюстрациялар, парақшалар, суреттер
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, интерактивті
Жүрісі
І. Ұйымдастыру бөлімі: Сыныпта психологиялық жағдай туғызу, назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: №5 оқыту, мәнін тексеру, математикалық тілде сөйлеу дағдысын байқау.
Қорытындылау мақсатында топтастыру әдісі: «Әріпті өрнек», «Санды өрнек» 2+а 8+1 в-5 9-3 а+4 а+5 9-в 3+5 .....
«Кім шапшаң?» ойыны арқылы берілген өрнектердің мәнін шапшаң есептету 10-2 7-2 5+4 9-3 10+6 10-9 8-3 5+3 6+4 .....
ІІІ. Жаңа сабақпен байланыстыру: а)Көрнекілік бойынша суреттерді пайдаланып өрнек құрастыру ә)Әріпті өрнектерді түсіндіру, саннан және амал таңбасынан, әріптен тұрады ....
Ауызша салыстыру: Венн диаграммасы
Сергіту сәті: «5 саусақ»
ІҮ. Дәптермен жұмыс: а) Көркем жазу в-5 а+3 ә)Математикалық диктант: 7 мен 2-нің қосындысы, 8 бен 2-нің айырмасы ... тек мәндерін ғана жазу
Ү. Оқулықпен, тақтамен жұмыс: №3 Әріпті өрнекті бір бағанға, санды өрнекті екінші бағанға жазып,мәнін табу а+7 в+2 а-4 7+3=10 2+7=9 6+3=9 ...
№4 Мазмұнды есеп шығару
Өзіндік жұмыс: №5 өрнектердің мәнін табу
ҮІ. Деңгейлік тапсырма: І деңгей: 1)Санды өрнектердің мәнін тап
2)Берілген өрнектердің ішінен тек әріпті өрнектерді ғана теріп жаз.
ІІ деңгей: Өрнекті жаз және оның мәнін тап: 1) а мен 3 санының қосындысы, мұндағы а = 2; 4; 2) 10 мен в-ның айырмасы, мұндағы в = 8; 6
ІІІ деңгей: Мазмұнды есептің шартын құрып шығар 1)Аулада 6 қаз және сонша үйрек жүр. Аулада барлығы қанша құс жүр? 2)Осыған кері есеп құрастыр
Шығармашылық тапсырма: Қандай сан жасырынып тұр? * + 2 =7 9 - * = 6 Бұрын орындап болғандарға парақша үлестіру, берілген тапсырманы орындату
(әр деңгей сайын тізімге «+» таңбасын қойып отыру)
ҮІІ. Қорытындылау: Әріпті өрнектерге бірнеше өрнек айту, мысалдар келтірту.
ҮІІІ. а) Бағалау: Сынып мониторингін шығару, көрсетіп іліп қою ә)Үйге №6 тапсырманы түсіндіру
Атырау облысы, Атырау қаласы
И.Тайманов атындағы №27 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі:
Касенова Куляш Каримовна
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.