Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы  Жеңіске 65 жыл! -

Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіске 65 жыл!

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 418 | Просмотров: 1866 | Размер: 72.5 Kb | Автор: arai
. Шалқар қаласы. І. Үргенішбаев атындағы орта мектеп
Әбдіғалиева Тұрсынай Мырзабергенқызы
Тақырыбы:Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіске 65 жыл!
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың математика мен информатика пәндеріне қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
Тәрбиелік: Жас ұрпақты Отанды қорғауға, елін сүюге тәрбиелеу, ержүрек
болуға үйрету.

Көрнекілігі: компьютер, слайдтар.
1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек». /С. М.Ломоносов/.
2. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула» С.В.Ковалевская
3. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың
патшасы» /К. Гаусс/.
4.«Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер
және еңбек». / М. Искаков/.
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан окушылардың,
Сәті келді сыналар.
Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.
1. Сәлемдесу. Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны).
2. Викториналық сұрақтар. (Жауап нақты, тез болу керек)
1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )
2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)
5. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен
кем сан шығады? ( үтір )
6. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы
бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)
7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80
минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
9. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
10. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )
3. «Тарихи алаң»
Тарихи ақиқат
Тарихи ақиқатқа сүйенсек, 500-дей солдат пен офицер, оның ішінде 101 қазақ Кеңес Одағының Батыры деген жоғарғы атаққа ие болды. Мектебіміздің аты аталатын Ідіріс Үргенішбаев осы атақтың иегері. Солардың қатарында мұндай айрықша атақты екі рет алған ұшқыштар Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда, бір мәрте ие болған Нүркен Әбдіров пен Михаил Янко, араға ұзақ жылдар салып барып ұлы ерлігі мойындалған Бақтыораз Бейсекбаев пен Хиуаз Доспановалар бар. Тарихи ақиқатқа сүйенсек, 500-дей солдат пен офицер, оның ішінде 101 қазақ Кеңес Одағының Батыры деген жоғарғы атаққа ие болды. Мектебіміздің аты аталатын Ідіріс Үргенішбаев осы атақтың иегері. Солардың қатарында мұндай айрықша атақты екі рет алған ұшқыштар Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда, бір мәрте ие болған Нүркен Әбдіров пен Михаил Янко, араға ұзақ жылдар салып барып ұлы ерлігі мойындалған Бақтыораз Бейсекбаев пен Хиуаз Доспановалар бар./Слайд. Шалқарлық соғыс ардагерлері көрсетіледі/
Маги квадраты
Қытайдың көне “ Же-ким деген қасиетті тасбақа туралы аңыз бар. 4000 жыл бұрын император Ню өзені бойынан қасиетті тасбақаны көрген. Оның арқасында ақ және қара дөңгелектерден құрастырылған сурет бар. Әрфигураны дөңгелектер санына қарай сандармен ауыстырса мынадай кесте шығады.Кестенің ішіндегі сандарды қалай қосқанда да 15 шығады. Қытайлар бұл суретті до-шу деп қасиетті таңба ретінде маги квадрат деп атаған.
4 9 2
3 5 7
8 1 6
• Теріс санды сан өсіне тұңғыш рет орналастырған француздың қай математигі? Р. Декарт
• Айнымалы шама ұғымын ең алғаш математкаға енгізген қай математик?
• Р. Декарт
• “Функция” терминін бірінші қолданған қай математик? 1641, Лейбниц
• “Дәреже” таңбасын кім ұсынды? Р.Декарт
Астана, Пермь, Қызылтас, Қызылорда, Алакөл, Есік, Электроскоп сөздері жазылған. Осы сөздердің соңғы әріптерінен француз оқымыстысының фамилиясын шығарыңдар. Паскаль
4. «Кітапхана»
1. Ағып жатқан өзеннен 3 л және 5 л ыдыстар көмегімен 4 литр су алу керек.
2. "п" әрпімен басталатын 7 математикалық сөздерді ата
пирамида, планиметрия, параллель, плюс,
парабола, параллелепипед, перпендикуляр
«Логикалық асхана».
1. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)
2. Бір кішкене қыз атасынан , сіз нешедесіз?-деп сұрады. Сонда атасы: “Менің алты есе кемітіп, 6-ны азайтса, 6-ға тең болады. Сонда атасы неше жаста болғаны. ( 72 жаста )
3. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)
4.Бірнеше үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында,біреуі екіншісінің арасында және үшеуі қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатыр? (3 үйрек)
5. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
6. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
Ет алушылар неше адам.
Біреу қасапханада жылқы соятынын көрші-қолаңына хабарлайды. Белгіленген күні ол бордақысын сояды. Әр жерден ет алушылар келеді. Сойылған малды төңіректеп тұрғандарды көзімен санап шығып, ол сәл ойланып қалады: “Бұлардың әрқайсысына жіліктеп берсем, үш жілік ет артылып қалады. Екі жіліктен сатсам, үш адамға ет жетпейді. Енді қандай амалын табайын?” Ет алуға келгендер неше адам? / 9 адам/
Табақ тарту
Тәттібек дейтін кісі меймандос адам екен. Бір күні оның үйіне бір топ қонақ келеді. Үй иесі оларды жылы шыраймен қарсы алып, дастархан жаяды. Шайдан кейін ет пісіп, табақ тартылар шақта үй иесі меймандарын көзбен шолып шығады да, сәл ойланып қалады. Ошақ басында жүрген жұбайына келіп:
- Екеу ара бір табақ тартсақ, онда табақ жетпей қалады, үшеу ара бір табақ қойсақ, онда бір табақ ет артылып қалады, енді не істесек екен?- дейді.
Бұл үйдің меймандары қанша? Үйде бар табақ саны қанша?
/ Адам саны – 12, табақ саны -5/.
«Құпия алаң».
1. Ақпаратты қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? /принтер/.
2. Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпаратты өлшейтін. /бит/.
3. Экранның беті оның тұрағы қашан болса жыпылықтап тұрады / курсор/.
4. Тетігін басса алаңсыз
Жазады қалам қағазсыз / компьютер /.
5. Батырмасын басасың
Қажет файлды ашасың / тышқан/.
12 бұтағы бар алып емен.
52 шыбық тарап, өсіп өнген.
Шыбық сайын 7-ден жапырағы
Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген.
Еменім 1 жыл болар ойлап тұрсам.
12 ай бұтақ деген деген ойды ұқсам
1 жылда 52 апта бар ғой
Әр апта 7 күннен әуел бастан
Егіз туған қос жүйрік
Жарыса шауып терлейді.
Бірін -бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапсада
Бір мәреге келмейді / Параллель түзулер/
«Жаттықтыру алаңы». /Информатика пәні бойынша сұрақтар қойылады/
«Мұнара алаңы».
1. Үш отау ауылдың шетінде орналасқан, олар сол ауылды басқарады.
А) Бірінші отаудың есігін қақсаң, ауыл түгел оранып жатып алады.
Ә) Екінші отаудың есігін қақсаң, жайылып қалпына келеді.
Б) Үшінші отаудың терезесін қақсаң, есіктерін тіпті тас қылып жауып алады.
2. Ол мың бір жаста болатын,
Жүз бірінші сыныпқа баратын.
Портфелінде жүз кітабы болатын,
Бұның бәрі ақиқат, жалған емес. (1001 – 9 жаста, 101 – 5 сынп, 100 – 4 кітап)
«Жоба алаңы».
«Ғажайып алаң» сөзінен сөздер құрастыру.
Қорытындылау: Міне, осынау қан майданның төрінде жазумен жанын қия айқасқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас ие отырып, ол кісілердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау, күту болашақ мына біздің қолымызда. Еліміз үшін, жеріміз үшін құрбан болған батырларымызға мың тағзым . /Слайдтар/.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.