Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
"Сұлулық- барша әлемнің  жаршысы." -

"Сұлулық- барша әлемнің жаршысы."

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 357 | Просмотров: 3441 | Размер: 61.0 Kb | Автор: arai
. Сабақ тақырыбы: "Сұлулық- барша әлемнің жаршысы."
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды сұлулық,көркемдік,әдемілік ұғымын сезіне,
түсіне,көре білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың табиғат,өнер,өлең,адам әдемілігі
туралы алған білімдерін,ойлау шеберліктерін,сөйлеу
мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық-этикалық тәрбие беру.
Сабақ түрі:кездесу сабағы
Сабақ әдісі:түсінік беру,сұрақ-жауап,сөйлету.
Сабақ көрнекілігі:музыкалық аспаптар,зергерлік бұйымдардан
көрме,қолөнер түрлерінен көрме,табиғат суреттері,
құстар,жануарлар,ұлттық би көріністері,аққу суреттері
слайд арқылы проектордан көрсетіліп тұрады.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Сабақ жоспарымен таныстыру.
1) Табиғатпен сұхбат.
2) Жануарлар сұлулығы (Жылқы туралы)
3) Құстар сұлулығы:Аққу (көрініс)
4) Өнер сұлулығы:
a) Би өнері
b) Сурет өнері
c) Ұлттық өнер
d) Қолөнер
e) Зергерлік өнер
5)Адам сұлулығы
1. Тән сұлулығы: (сыртқы тұлға,шаш,киім)
2. Жан сұлулығы:(ішкі жан дүние)
Кіріспе.
Құрметті оқушылар мен қонақтар!Біз бүгін «Атамекен» бағдарламасының «Сымбат» бағыты бойынша «Сұлулық-барша әлемнің жаршысы» атты ашық тәрбие сағатымызды өткізгелі отырмыз.Бүгінгі сабағымызға қонақтар шақырған едік.Сол қонақтармен таныстырып өтейін.
1) «Айтумыс» тігін цехының меңгерушісі: Көрпелиева М.
2)Әйелдер шаштаразының шаш сәндеу шебері: Қаламқас
3) «Маңғыстау » газетінің тілшісі: Есетқызы Айнахан
4) Сызу,сурет пәндерінің мұғалімі:Айбосынова Зульфия.
Қош келдіңіздер,құрметті қонақтар!
Енді сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі «Сұлулық -барша әлемнің жаршысы» атты ашық сабағымыздың мақсаты-айналамыздағы бізді қоршаған ортаның сұлулығын сезіне,түсіне,көре білу,табиғат,жан-жануарлар,құстар,өнер,адам сұлулықтарының бір-бірімен тығыз байланысын өзімізше зерделей білу.Ақын,жазушыларымыздың сұлулық туралы тебірене жырлаған өлең,жырларынан сұлулықты әркім өзінше сезіне алатынын көреміз.Міне,осы сұлулық жайлы ой бөлісейік,суреттейік,жырлайық,сұлулықты сезінейік.
1.Табиғатпен сұхбат. (Проектордан табиғат көрінісі көрсетіледі)
Табиғатта барлық нәрсе сұлу етіп жаратылған.Табиғаттың өзі де сұлу. Мысалы,жыл мезгілдері,соның ішінде қазіргі күз мезгілін алайық.Ағаш жапырақтарының сары түске боялып,жерге түсіп,қызылды-сары түсті кілемге орағанының өзі сұлулық емес пе?!
Осындай сұлулықты сезінбеген,табиғатқа табынбаған,көркіне таңдай қақпаған,өзіне арнап өлең-жыр жазбаған адам баласы жоқ шығар мына дүниеде.Табиғаттың жұмбаққа толы құбылыстары,тамаша үйлесімді заңдылықтары әркімді де тамсандырып,терең ойға батырары шындық.
Ұлы Абай атамыздың өзі әрбір жыл мезгілінің сұлулықтарын әдемі суреттегені өлеңдерінен көрініп тұрған жоқ па?
Мысалы, «Күз» деген өлеңінде:
«Сұр бұлт түсі суық,қаптайды аспан,
Күз болып,дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма,
Жылқы ойнап,бие қашқан,тай жарысқан.»
Енді, басқа жыл мезгілдерінің сұлулықтары туралы жыр шумақтарынан үзінділерді оқушыларымыз жеткізеді.
1-оқушы.
Қыс.(Абай Құнанбаев).
Ақ киімді,денелі,ақ сақалды
Соқыр мылқау,танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау,түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы үскірік,аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп,әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
2-оқушы:
Жазғытұры.(Абай Құнанбаев)
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,
Жер жүзіне өң берер гүл бәйшешек.
Қырда торғай сайраса,сайда бұлбұл,
Тастағы үнін қосар байғыз,көкек.
3-оқушы:
Көктем.
2.Құстар сұлулығы.
4-оқушы:
Аққулар. (Сайын Назарбекұлы)
Қызыл шырай, қара көз,қара сирақ,
Қара, аппақ денеге қара шырақ!
Мінсіз сонша табиғат мүсіндеген,
Қастерлеген,па шіркін,дара сыйлап!
Қара көз қыз ақ тонды,қара етікті,
Уыздай ғып,ғажап-ай жаратыпты.
Уатып тұр жем беріп құс аруы
Уылжыған өзі де дара тіпті.
Аққулары Ақтаудың,Атыраудың,
Қызға,құсқа көңілім қатар ауды.
Сағынғаннан сіздерді жүрегімде,
Енді,сірә,айықпас жатар-ау мұң!
(Осы өлең оқылып жатқанда проектордан суда жүзіп жүрген аққулар суреті көрсетіліп тұрады.)
Аққу туралы халық аузында «киелі құс» , «қасиетті құс», «махаббат симболы» деген ұғымдар қалыптасқан.Аңыз әңгімелерге,күйшілердің күйіне,ақындардың өлеңіне арқау болған.Соның айғағы құстар сұлулығын өлеңдеріне арқау ететін ақиық ақын Есенғали Раушановтың «Құстар» туралы поэмасынан шағын эпизод көрініс тамашалайық.(Осы көрініс қойылып жатқанда проекторда теңіз суреті,ондағы теңізде жүзіп жүрген аққулар суреті көрсетіліп тұрады.Музыка ойналып тұрады. )
Көрініс.
Рольдерде:Құралбаев Бақытжан,Оразова Ақтоты.
3.Жануарлар сұлулығы.
Біздің ата-бабамыз жылқыны жанындай жақсы көрген.Осы себепті де бәйге,көкпар десе елеңдемейтін,оны көруге құмартпайтын жан жоқ шығар?! «Ат-ердің қанаты» деген мақалымыз да көп дүниенің сырын білдірсе керек?!Жүйрік жайлы,жорға туралы қаншама ән,күй,дастан,поэмалар бар.Ақын Оразақын Асқар «Заман дүлдүлі» атты ортақ тақырыппен тұлпар туралы алты бірдей поэма жазыпты.Олар: «Пегас», «Тарпаң», «Мустанг», «Алашат», «Сәйгүлік», «Абсент» деп атаған.Ақынның «Жылқы» өлеңінен үзіндіні сіздерге жеткізуші-Абылаев Е.
5-оқушы:
Жеті атамның есімі аттас жылқымен,
Сырын білмей жүрме аттың сыртымен,
Жер жиһанда ойлашы өзге ел бар ма?
Бізше таныс аттың мінез құлқымен.
Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар Сәйгүлік,
Бапталмаған қазақта бар қай жігіт?!
Асыр салып,бәйге көкпар ойнаған
Сәбиі де құлын қуып,тай мініп!
4.Өнер сұлулығы.
Би өнері.

Қолөнер
Өнер
Сурет өнері

Архитектуралық өнер

Сөз өнері

Саз өнері
болып түр-түрге бөлінеді.
1)Ұлттық қолөнер-бұл бізге ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер.Қолөнер түрлі салаға бөлінеді:тоқыма өнері,зергерлік өнері.Зергерлік өнер мына көрмедегі бұйымдар шеберлер туындысы.(Көрмедегі бұйымдар көрсетіледі.)Осы қолөнер туралы бүгінгі қонағымыз қолөнер шебері Көрпелиева Меңдігүлге сөз берейік.
Апай осы өнер туралы қысқаша түсінік береді.
2)Сөз өнері туралы қасиетті қаламымен өз ойын өлеңмен өрнектейтін Маңғыстау газетінің тілшісі ақынжанды апамыз Айнахан Есетқызына сөз берейік.

3)Сурет өнері туралы өз ойын сурет арқылы жеткізетін апайымыз сурет пәнінің мұғалімі Айбосынова Зульфияға сөз берейік.

4)Өнердің тағы бір әдемі түрі-би өнері.Мына проектордан көріп отырғанымыз атақты биші Шұғыла Сапарғалиқызының билері.Шұғыла бес жасынан бастап бимен айналысқан.Мынау Шұғыланың «Тотықұс», «Үкілі ару», «Шұғыла назы», «Ай нұры» билері.Бишілер би элементтері арқылы қимыл-қозғалыс арқылы сөйлейді.Әр би-кішігірім әңгіме,.Ол мұңды әңгіме болуы да,қуанышты әңгіме болуы да мүмкін.Шұғыла Сапарғалиқызы қазір Астанада «Бишілер» мектебін ашып,бишілер тәрбиелеуде және би өнерінің сұлулығын шәкіріттерінің бойына сіңдіруде.

5)Сәулет өнері-бұл архитектура,кескін.Астанадағы «Бәйтерек мұнарасы,Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйі(төбесі сәукелеге ұқсас),Бейнеудегі Жеңіс аллеясындағы жан-жануарлар мүсіндері.

5.Адам сұлулығы.
Осы өнердің барлығы да адам ойымен,ақылымен,еңбегімен жасалады.Адам сұлулығы екіге бөлінеді:тән сұлулығы мен жан сұлулығы.
Тән сұлулығына адамның сыртқы келбеті,әдемі киінісі,шаш сәндеуі,жүріс-тұрысы,қимыл-қозғалысы жатады.Мысалы: мойны ұзын адамды «аққудың мойнындай»,қасы әдемі қиылған адамды «қарлығаштың қанатындай»,сүйкімді балаларды «киіктің лағындай», әдемі отыратын адамды «қиядағы қырандай»,аппақ адамды «аршыған жұмыртқадай» деп суреттейді.
«Шаш-адам көркі» дейді.Адамды сұлу,әдемі етіп көрсететін ең бірінші-шаш.(Проектордан шаш үлгілері көрсетіледі.)Осы шашты қалай күтеміз және сәндейміз?Осы сұраққа жауап алу үшін әйелдер шаштаразының шаш сәндеушісі Қаламқастың пікірін тыңдасақ.
Жан сұлулығы деген не?Осы сұрақ төңірегінде сөз қозғайық.Адамдарды адамгершілігіне,мінезіне,инабаттылығына,ізеттілігіне байланысты әр түрлі теңеу сөздермен атап жатады.
Қандай теңеу сөздерді білесіңдер? «Жаны жайсаң», «журегі жомарт», «ақ көңіл», «мінезі жібектей», «қор қызындай», «кең пейілді» т.б. суреттеп жатады.Осы туралы Венн диаграммасын құрайық:
Ізетті адамгершілікті

Сыпайы Әдепті

Ақкөңіл Жан сұлулығы Ақылды

Жомарт Инабатты
Кішіпейіл кең пейілді
Мінеки адам жанының сұлулығына байланысты пікірлерімізді айтып жатырмыз.Енді бір сәт көзімізді жұмып,біздің араласып жүрген ортамызда барлық сұлулық бойынан табылатын,сыртқы сұлулығы мен жан сұлулығы үйлескен адамдарды елестетіңдерші... деген сұрақтар қоя отырып,өздері үлгі алатын адамдары туралы 2-3 оқушының пікірі тыңдалады.
Қорытындылау бөлімі.
Біз бүгін «Сұлулық –барша әлемнің жаршысы» атты ашық тәрбие сағатымызда сұлулық әлемі туралы негізгі тақырыптар бойынша өз ойымызды толықтырып,әдемілік,сұлулық туралы мол түсінік алдық.Бүгінгі сабағымызға қатысып отырған,бізбен ой бөлісіп,өз ойларын ортаға салған құрметті қонақтарымызға рахмет айтамыз.Сабағымызды «Табиғат пен адам» жыр шумағын айта отырып қорытындылаймыз.
6-оқушы:
Табиғат пен адам. (Сайын Назарбекұлы)
Табиғаттың өзі барлық заманда
Ұқсайды да тұрады ылғи адамға.
Түрі-түсі,мінез-құлқы аумайды
Қысың ашу,жазың-күлкі содан ба?

Адамдар бар сұстылығы түсінің
Ығыстырар үлкенің кім,кішің кім?!
Түкірікті тас қып берер аяздар
Қабағына ауған осы кісінің.

Нұр жүзінен көрем анам пішінін,.
Ажарын-ай,жылысын-ай түсінің!
О,ғажайып!Аспандағы нұрлы күн
Жанарына ауған осы кісінің...

Қату қабақ сәл жібісе тереді,
Дала гүлін. Елге сол ғой керегі.
Нұрлы жанар сәл жымиса артынан
Тәй-тәй басқан бал бөбектер ереді.

Табиғаттың ақыл ойы кей кезде
Бедеріне жердің өрнек салатын.
Сол бір шақта ен далада Аралдай
Айдын шалқар пайда болып қалатын.
Сабағымызды Алданова Алтыншаштың орындауында «Қыз сыны» әнімен аяқтаймыз.Қонақтарға ескерткіш сыйлық беріледі.

Сұлулық-барша
әлемнің жаршысы.
(ашық тәрбие сағаты)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.