.
.
Сайыстың мақсаты: Сайыс сабақ
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3156 | Размер: | Автор: гостьБілімділік: Оқушылардың білімге талпынуын, ойлау қабілетін дамыту
Дамытушылық: Математикаға қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін дамыту
Тәрбиелік: Есте сақтау, қиыншылықты жеңуге, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Сайыстың көрнекілігі: плакаттар, АКТ:
Сайыстың өту барысы:
( математиканың өмірдегі байланысы туралы оқушылар шығармашылығы оқылады)
1 - оқушы:Математика – бір салалы ғылым, жаратылыстық ғылым, ойды жетілдіретін ғылым, тәжірибелік ғылым.
2 - оқушы: Математика - қоғамдық ғылымдарды зерттеудің құралы.
3 - оқушы: Математика сурет салу ғылымының құралы.
4 - оқушы: Математика – тіл білімін зерттеу құралы. Тіл – адамзаттың балалық ойынның туындысы да, математика – жоғары дәрежеде дамыған абстракт ойынның туындысы.
5 - оқушы: Математика – зерттеу құралы.
6 - оқушы: Математика – өндірісті еңбек пен күнделікті тұрмыстың құралы.
7 - оқушы: Математика – бір салалы техника, есептеу техникасы. Санды мәліметтерді бір жақтылы ету техникасы. Кесте, сызу, сурет салу және оны бір жақтылы ету техникасы. Сұрыптау, ой қорыту техникасы.
8 - оқушы: Математика – бір салалы барыс, Математика – абстракциялап жинақтау барысы, Математика – шамалық, сұрыптау, ой қорыту, қолданылмалық барыс.
9 - оқушы: Математика –идея – ақиқаттың адам миында бейнеленуі. Адамдардың ақиқат дүниені түсінудегі танымы.
10 - оқушы: Математика – біртүрлі рух, шынайылыққа, қарапайымдылыққа, ақиқатқа жаңалыққа талпынатын рух, Шындыққа, шынайылыққа талпыну - ерекше құнды адалдыққа талпыну рухы. Математика – қарапайымдылыққа талпыну, шыдамдылыққа ұмтылу рухы.
(барлығы бірігіп)
Математика ермек емес балалық,
Математика – көрегендік даналық.
Математика құрметтеуге лайық
Кел достарым, мұны жақсы ұғайық!
(фанфара ойналады, жүргізушліер шығады)
1 – жүргізуші: Армысыздар ағайын,
Ағайын тілі табайын.
2 – жүргізуші: Бармысыздар бауырлар,
Өкпе жоқ бізде бауыр бар.
1 – жүргізуші: Есенбісіз ұстаздар,
Шаршамайтын қыс жаздар.
2 – жүргізуші: Ізетке ие інілер,
Інілер еті тірілер.
1 – жүргізуші: Сайысқа келген сайланып,
Отырам деп жайланып.
2 – жүргізуші: Көрермендер аманба?
Отырған анау сайланып.
Бірге: Бәріңізге бір сәлем!
1 – жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, білімге құштар жас өрендер! Математика ғылымдар патшасы, ал арифметика – математика патшасы дегендей, бүгінгі математика патшалығында 6 сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Математика ханзадасы мен ханшайымы» сайысына (бірге) қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші: сайысымызды бастамас бұрын ең алдымен әділ баға беріп, ойынның әр кезегін сарапқа салатын әділқазылар алқасымен таныс болайық:
1. Қалалық « Жас мамандар» мектебінің жетекшісі – Жанаргуль Байгубенова
2. №30 ОЖББМ МИФ бірлестігінің жетекшісі – Закира Кайнуллина
3. № 37 ОЖББМ математика пәнінің мұғалімі, қалалық «Жас мамандар» мектебінің мүшесі - Жалғас Губайдуллин
1 – жүргізуші: Екеуміз асып – саспайық,
6 сыныптар шықсын қасқайып
2– жүргізуші: Ортаға үміткер ханзада мен ханшайымдарды шақырамыз. /әрбір қатысушыны шақырар алдында олар туралы жасалған слайдтар көрсетіледі/
1. 6 «а» сыныбы -
2. 6 «б» сыныбы –
3. 6 «в» сыныбы –
4. 6 «г» сыныбы –
5. 6 «д» сыныбы –
1 – жүргізуші: Еркіңді билеп барынша,
Жарыста сірә қалыспа.
2 – жүргізуші: Кеш қызығын достарым,
Осылайша шабытпен
Бірге: Қане енді бастайық!
1 – жүргізуші: Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Математика тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға, - дей келе бүгінгі сайысымыздың ережесімен таныс болайық:
2 – жүргізуші: 1. Таныстыру. «Математика патшалығы» тақырыбындағы макет
2. Қане бірге ойланайық. /логикалық есептер шешу кезеңі/
3. Білімді Ханзадалар сайысы /ханшайымдар белгілеген уақытта ханзадалар есептерді шығарып болуы керек/
4. Өнерлі Ханшайым /ханшайымдар өздерінің өнер көрсетеді/
5. Шабытыңды шыңда /фигуралардан сурет құрастыру/
/әрбір тур сайын бағалары көрсетіліп отырады /
Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз
1 – жүргізуші:
Талай жырлап, сан ғасырлар дастанын,
Кең даламнан естіледі асқақ күн.
Талай талант, сенде шыңдалып, сенде өсті,
Талай ғылым сенен алды бастауын - дей отырып, сайысымызды бастаймыз.
2 – жүргізуші:
1. Таныстыру. «Математика патшалығы» тақырыбындағы макет
1. « Математика Ханзадасы мен ханшайымына» үміткер
6 а сыныбы: 1)
2)
2. 2. « Математика Ханзадасы мен ханшайымына» үміткер
6 б сыныбы: 1)
2)
3. « Математика Ханзадасы мен ханшайымына» үміткер
6 в сыныбы: 1)
2)
4. 4. « Математика Ханзадасы мен ханшайымына» үміткер
6 г сыныбы: 1)
2)
5. « Математика Ханзадасы мен ханшайымына» үміткер
6 д сыныбы: 1)
2)
1 – жүргізуші: Алғашқы бөліміміздің бағаларын білсек.
1.
2.
3.
4.
5.
2 – жүргізуші: «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз: Барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту. Сайысымыздың негізгі кезеңі Қане бірге ойланайық. /логикалық есептер шешу кезеңі/ бөліміне де келіп жеттік.
1 – жүргізуші: Бұл кезеңде әрбір қатысушыға жеке – жеке логикалық сұрақтар қойылады. 2 мин ішінде нақты әрі тез жауап беруі тиіс. Жартылау жауапқа 1 балл, толық жауапқа 2 баллдан қойылады.
2 – жүргізуші: Бірінші болып кезекті 6 «д» сыныбының үміткерлері бастайды.
1. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? / Жанат – ұзын/
2. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? /Медет/
3. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? / 3 /
4. Бөлмеде 4 майшам жанып тұр. 1 уі сөніп қалады. Бөлмеде неше майшам қалды? /1/
5. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан жәнеоған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? /4/
6. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? /3/
7. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? /1- М, 2-А, 3 - Т/
8. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? /2/
9. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? /жоғары/
10. Ағашты 5 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек? /4 рет/
(1 метр)
1 – жүргізуші: Екінші болып кезекті 6 «г» сыныбының үміткерлері жалғастырады. .
1.Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, аңшы оның екеуін атып түсірді.Торғайдың қаншасы қалды? /екеуі қалды/
2.30 минутты сағатқа айналдыр./ 0,5сағат/
3.Егер екі кірпіштің салмағы8 кгболса, 1,5 кірпіштің салмағын тап. /6кг/
4. Болат сенбі күні кешкі сағат 9-да ұйықтауға жатты. Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі таңертеңгі 10-ға қойды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады. /1 сағат/
5.1-100 аралығындағы сандардың қосындысын бірден тапқан оқушы, кейіннен әлемге әйгілі математик /Карл Гаусс/
6. Түнгі сағат онда жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырау тұруы мүмкін бе? / мүмкін емес/
7. 8-наурызда екі шешей мен 2 қызына, әжей мен немересіне орамал сыйға тартылды. Неше орамал, бұл қалай? /3 орамал. Әжей, шешей, қыз/
8. Үш түйе құс ұшып келе жатыр. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? /түйе құс ұшпайды./
9.Барлық сандардың көбейтіндісі көп пе, әлде қосындысы көп пе? /қосындысы/
10. Түйе құс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? /1пұт/
2– жүргізуші: Үшінші болып кезекті 6 «в» сыныбының үміткерлері жалғастырады.
1. Жүзден бір бөлік /процент/
2. Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан 2 есе артық болады. Ол қанша жаста? (үште)
3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км. жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15 км/сағ)
4. 5 адам кездесіп қалып бір – бірімен қол алысып амандасты. Барлығы қол алысу саны қанша? (10)
5. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағ. 20 минут ұшады, ал кері 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
6. Миллионда неше нөл бар? /6/
7. Егер 7 жұмыртқаны бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаны бағасы неше теңге болады?/100/
8. Бір алманы төрт бала бөліп жеді. Сонда әрбір балаға алманың қандай бөлігі тиді. /төрттен бір/
9. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? /жоғары/
10. Ағашты 5 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек? /4 рет/
1 – жүргізуші: Төртінші болып кезекті 6 «б» сыныбының үміткерлері жалғастырады.
1. Бөлмеде 4 майшам жанып тұр. 1 уі сөніп қалады. Бөлмеде неше майшам қалды? /1/
2. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан жәнеоған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? /4/
3. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? /3/
4. 5 адам кездесіп қалып бір – бірімен қол алысып амандасты. Барлығы қол алысу саны қанша? (10)
5. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағ. 20 минут ұшады, ал кері 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
6. Болат Бақыттың ағасы. Бірақта болатта іні жоқ. Бұл қалай болғаны. /ағасы-қарындасы/
7. Шөлмектегі айранның жартысын балалар ішті. Қалғаны екі стақан болды. Шөлмекте неше стақан айран болды? /4 стақан/
8. Апалы сіңілілі Шәрия мен Мәдинаның әрқайсысында екі ағасыбар. Бұл жанұяда неше адам бар? /4 адам/
9. 2. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? /Медет/
10. 1-100 аралығындағы сандардың қосындысын бірден тапқан оқушы, кейіннен әлемге әйгілі математик /Карл Гаусс/
1 – жүргізуші: соңғы болып кезекті бөлімімізді аяқтайтын 6 «б» сыныбының үміткерлері.
1. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? / Жанат – ұзын/
2. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? /Медет/
3. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? / 3 /
4. Болат сенбі күні кешкі сағат 9-да ұйықтауға жатты. Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі таңертеңгі 10-ға қойды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады. /1 сағат/
5.1-100 аралығындағы сандардың қосындысын бірден тапқан оқушы, кейіннен әлемге әйгілі математик /Карл Гаусс/
6. Түнгі сағат онда жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырау тұруы мүмкін бе? / мүмкін емес/
7. Егер 7 жұмыртқаны бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаны бағасы неше теңге болады?/100/
8. Бір алманы төрт бала бөліп жеді. Сонда әрбір балаға алманың қандай бөлігі тиді. /төрттен бір/
9. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? /жоғары/
10. Ағашты 5 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек? /4 рет/
2 – жүргізуші: Жеңеміз деген армандары бар Ханзадалар мен Ханшайымдарымыздың білім жолындағы бағаларын сарапқа салар әділқазылар сайыстың кезекті бөлімі туралы ойларыңыз, бағаларыңыз.
1– жүргізуші: Сайыс – толқын айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да,жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып келеді аптығыста.
2 – жүргізуші: Ең қиыны жарыстың енді келді,
Мықтылары қалыпты, жеңсін енді.
Тез қимылда, ойланып тұрып қалмай,
Осы ойынна көрейік ерен ерді.
1 – жүргізуші: Білімді Ханзадалар кезеңі /ханшайымдар белгілеген уақытта ханзадалар есептерді шығарып болуы керек/.
2 – жүргізуші: Ханзадаларға берілетін есептер: Теңдеу құруға есеп, логикалық есеп және рационал сандарға амалдар қолдану тақырыбынан 3 тапсырма беріледі. Әрбір дұрыс жауабы 5 ұпай, Уақытынан болған ханзадаға 5 ұпай қосылады.
Тапсырмалар:
1. Қорапта төрт түсті 12 қалам бар. Жасыл мен сары қаламдардың сандары тең. Қызыл қалам көктен екі есе көп. Әр түсті қаламдардың сандарын тап?
/жасыл және сары қаламдар үштен,көк түстіден екеу, қызыл түсті төртеу/
2. Үш жәшікте алма, алмұрт, банан бар. Екінші және үшінші жәшікте алма емес, үшіншіде банан емес. Әр жәшікте не салынған? (алма – 1, алмұрт-3, банан - 2)
3. 1) -7 . (-3) + 18,5; 2) 0,35 . (-4) – 0,6.
Ханшайымдарымыз өз ханзадаларының уақыттарын белгілесе.
1. 6 а сыныбы, үміткер ханзада –
2. 6 б сыныбы, үміткер ханзада –
3. 6 в сыныбы, үміткер ханзада –
4. 6 г сыныбы, үміткер ханзада –
5. 6 д сыныбы, үміткер ханзада -
/сарапшылар кезеңді қортындылап болғанша, психологиялық теренинг қатысушылар, көрермендер арсында... (жауаптарын айтады сарапшылар)/
/ / ән или би:
2 – жүргізуші: Қазағымның қай басқосуы болмасын жиын-тойсыз, ән мен күйсіз өтпеген. Ол дәстүр бүгінде сақталмақ. Сайысымыздың «Өнерлі ханшайымды» анықтар кезеңіде келіп жетті. Олай болса ортаға:
1. 6 а сыныбы, үміткер ханшайым –
2. 6 б сыныбы, үміткер ханшайым –
3. 6 в сыныбы, үміткер ханшайым –
4. 6 г сыныбы, үміткер ханшайым –
5. 6 д сыныбы, үміткер ханшайым –
(бағалары сұралады)
1 – жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңінеде келіп жеттік. Бұл кезең Шабытыңды шыңда /фигуралардан сурет құрастыру/ деп аталады. Әрбір сыныптың қатысушысына белгілі математикалық фигуралар беріледі. Сол фигуралар арқылы сурет құрастыруы керек/болған соң таныстырып кетеді/.
/көрермендермен жұмыс жүргізу/
- 1. Қар жана ма?
- 2. Инемен құдық қазуға бола ма?
- 3. Елу құлағы бар кім?
- 4. Аппақ қарға болама?
- 5. Тауық түс көреме?
- 6. Оттанда ыстық болып тұрған не?
- 7. Мыңды жығар кім?
- 8. Тозбайтын тонның аты?
- 9. Кімнің көзі ашық?
- 10. Білімнің бұлағы мен өмірдің шырағы?
2 – жүргізуші:
Шеберлікпен білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер
1– жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,-деп үнемі білімдеріңді жетілдіріп, өте жақсы деген бағамен оқуларыңа
тілектеспіз. Бүгіні «Математика ханзадасы мен ханшайымы»сайысы аяқталды!
«Математика, физика және лирика»
«Математика, физика және лирика»
Қорытынды кеш
Мақсаты: Шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, математика, физика пәндеріне қызығушылығын арттыру, берік білім негізін қалау.
- Уа, халайық, халайық.
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде
Есеп шешіп, жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Есеппен ән салысып,
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шеруін шашайық,
Мұнда қызық тағы бар
Жаңылтпаш, жұмбақ тағы бар,
Ат салысып, аянбай
Бар өнерге басайық.
- Математика – бұралаңсыз, нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін,
Айдынында сүңгіп – сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығың,
Шығамын десең биік шыңның басына,
Адал досың – Біліміңді ал қасыңа,
Зула, топ жар! Бәйгеге түс бекем бол,
Тула, толқы, тебірен бірақ тасыма.
- Математика – ғылым негізі,
Математика - білім көзі.
Математиканы білгендерге,
Ғажайыптың бір өзі,
Кешке қатыс тұрып қалмай,
Қиындыққа мойымай,
Бұл ілімді білсең егер,
Биіктейсің, сен самғай.
- Сандардың біз сырына үңілеміз.
Үйренбеген достардан түңілеміз,- дей келе «Математика әніне» кезек береміз.
«Ананың тілі» әнінің әуенімен
Мектепке келдім, ұстазды көрдім,
Жазу, сызу мен санау үйрендім,
Сан мен өрнек, теңдеу мен бөлшек,
Сырына аның үңіліп көрсек,
Қайырмасы:
Математика – бар ілімнің басы,
Математика – ғылым патшасы,
Математика – өмір тірегі
Математика – шәкірт жүрегі
Сенсіз дүниеге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз,
Сенсіз уақытты біле алмаймыз,
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз.
Қайырмасы:
- Орта ғасырда өмір сүрген ұлы ғұлама Әл - Фараби өзінің «Музыканың ұлы кітабы» деген еңбегінде музыка ол – физика, математика және медицина деп атап көрсеткен. Физикадағы тербелістер математикадағы шектің өзгерісі, медицинада жүректің, өкпенің тербелістері бірдей екен.
- Шығыстың ұлы ғұламасы энциоклопедист ғалым Әбу Насыр әл – Фараби музыканың дыбыс периодты тербеліс арқылы пайда болатындықтан, оны математикалық теңдеу арқылы анықтауға болады. Мысалы шектің ұзындығы мен амплитудасының арасындағы математикалық байланысты бірінші рет Эйлер ашқан.
- Ендігі кезекті «Физика туралы» әнге берсек (Аруана әнімен )
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер,
Бар ізгілік тек білімнен алыңдар,
Білімменен аспанға жол салыңдар,
Физика да, табиғат тілі тілдесер,
Аяғыңды аттап бассаң кездесер,
Сұлулықтың сыры ғой ол көз тастар,
Барлық ғылым табиғаттан жаралған,
Салған әнім, айтылған сөз бәрі де,
Аққан судың, соққан дайыл желі де.
Бәрінің де бағынары физика,
Сондықтан да физикасыз күнің жоқ.
- 2050 – дің бағдарлы биігі,
Білімнің еншісі мұны әркім біледі,
Сондықтан математика тарихына үңіліп бір қаралық,
Алынбас қамал жоқ, шыңдайық жігерді.
Қане ойланайық, «Математика қандай ғылым?»
- Математика ғылымын оқуға, үйренуге және оны зерттеуге деген құштарлығымызды жоғалтпау және математика ғылымына деген көзқарасымызды айқындау үшін, математиканың қандай ғылым екенін жан – жақты түсінуіміз қажет.
- Шынында да математика қандай ғылым?
- Міне, бұл жеңіл желпі жауап бере салатын әдеттегі мәселе емес, бір ғылымның жүйесін тануға, тегін зерттеуге апарып саятын күрделі мәселе.
-
Құрметті студенттер!
Математиканы тереңдей түсініп, шынайы оқуымызға аз да болса көмегі болар ма деген мақсатпен бүгінгі кешімізді математиканы әр қырынан, әр түрлі орнына қарай талдау жасап, оның қандай ғылым екеніне тоқталсақ:
1 - студент: Математика - тарихы ұазақ ғылым, 4 кезеңге бөлуге болады:
1 - кезең: Математикалық білімдердің пайда болуы, қорлануы, жинақталуы, дамуы. Бұл дәуір өте ерте ғасырда басталып, б. д. д. VI - VII ғасырына дейін созылған.
2 - кезең: Математиканың өз алдына дербес теориялық ғылым болып туылу, қалыптасу кезеңі. Осы дәуірде арифметика, алгебра, геометрия, тригонометриялар айырым теориялық пән болып қалыптасты, бұл кезең 17 ғасырда аяқталған.
3 - кезең: Айнымалы шамалар математикасы, яғни жоғары математиканың туылу, қалыптасу кезеңі. Бұл дәуір ХІХ ғасырдың соңғы жартысына дейін жасалған.
4 - кезең: Осы заманғы математика дәуірі, яғни «Жиын» теориясының жарыққа шыққан кезеңі. ХХ ғасырдың 40 жылдарынан бастап, математика және математикалық логика ғылымның көмегінде компьютерлер жасалды.
2 - студент: Математика – бір салалы ғылым, жаратылыстық ғылым, ойды жетілдіретін ғылым, тәжірибелік ғылым.
3 - студент: Математика - қоғамдық ғылымдарды зерттеудің құралы.
4 - студент: Математика сурет салу ғылымының құралы.
5 - студент: Математика – тіл білімін зерттеу құралы. Тіл – адамзаттың балалық ойынның туындысы да, математика – жоғары дәрежеде дамыған абстракт ойынның туындысы.
6 - студент: Математика – зерттеу құралы.
7 - студент: Математика – өндірісті еңбек пен күнделікті тұрмыстың құралы.
8 - студент: Математика – бір салалы техника, есептеу техникасы. Санды мәліметтерді бір жақтылы ету техникасы. Кесте, сызу, сурет салу және оны бір жақтылы ету техникасы. Сұрыптау, ой қорыту техникасы.
9 - студент: Математика – бір салалы барыс, Математика – абстракциялап жинақтау барысы, Математика – шамалық, сұрыптау, ой қорыту, қолданылмалық барыс.
10 - студент: Математика – бір түрлі идея, идея – ақиқаттың адам миында бейнеленуі. Ғылыми идея – обьективтік өмір мәнінің адам миындағы сәулеленуі, ойдың өңделген туындысы, адамдардың ақиқат дүниені түсінудегі танымы.
11 - студент: Математика – біртүрлі рух, шынайылыққа, қарапайымдылыққа, ақиқатқа жаңалыққа талпынатын рух, Шындыққа, шынайылыққа талпыну - ерекше құнды адалдыққа талпыну рухы. Математика – қарапайымдылыққа талпыну, шыдамдылыққа ұмтылу рухы.
- Халқымыздың ең ежелгі де аса бай мұрасы мақалдар мен мәтел сөздер. Бұл қайнар көзі өмір бойы суалмайтын, қайта уақыт өткен сайын толысып, жаңара беретін, әр заманның талап тіршілігі, мәдени қалыптарын танытып, тілге нәр, сөзге ерекше әсемдік пен ұтымдылық құятын үлкен байлық. Олар әр кезеңде көсемдер мен шешендердің, ақындар мен абыздардың, батырлар мен билердің ауыздарынан шыққан ұтымды да ұшқыр, өрнекті ойлармен толысып отырады. Мақал – мәтелдер көп ретте халқымыздың әдет – ғұрып, салт – сана, таным – талғам, талап – парыз нормалары қызметін атқарып келеді, алдағы уақытта да солай болары сөзсіз.
- Ендігі кезекті мақал – мәтелдерге берелік. (Көрермендерге).
- Жаңылтпаш қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш ойын сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып, әртүрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылтпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе ұзақ және қатаң дауыссыз дыбыстардын құралады. Қара сөз немесе өлең түрінде болады. Ендеше кезекті жаңылтпаштарға береміз. (көрермендерге)
- Бес түп алма бестік алғандікі,
Төрт түп алма төрттік алғандікі,
Бестік алған төрт түп алмайды,
Төрттік алған бес түп алмайды.
- Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.
- Шеңбер, шеңбер доп емес,
Доп сияқты доп емес,
Доп деп, доп деп шеңберді
Ойлама шеңбер ол емес.
- Оны мың бір нар бар деме,
Он бір мың нар бар деме,
Сол бір нар бар де.
- Жұмбақ – халық поэзиясының нақты не бір затты немесе құбылысын тұспалдар айтатын және шешушінің алғырлығын сынайтын қысқа жанры. Ол бейнелі суретпен де беріледі.
- Ендігі кезекті жұмбақтарға берелік.
- Біз санбыз сызықпен бөлінген,
Математиканы ұқпас адамға,
Құбыжық боп көрінген,
Дұрыс, бұрыс, аралас,
Ондық болып бөлінген. (бөлшек сан)
- Нүктеден екі сәуледен,
Құралған, айтшы бұл не екен? (бұрыш)
- Алды артымыз шексіз деп,
Жете алмайсың біздерге,
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білсе де. (түзу)
- Ендігі кезекті айтасқа берсек қалай қарайсың?
- Физикалық айтыс:
1. Көк аспанның төрінді,
Бұлттар жүзіп барады,
Күн күркірі тегін бе?
Жаңбыр неге жауады?
2. Конденсация есебінен,
Көктен жаңбыр жауады,
Ауаның да біркелкі,
Қызбауынан да болады,
1. Бұлт аспанның төрінде,
Найзағай неге ойнайды?
Байқап тұрсаң түбінде
Жаңбыр жаумай қоймайды
2. От ойнатқан бұлтты аспан,
Зарядтардан түзілген,
Күркірегені гүрілдеп,
Ашылады күн күлімдеп.
1. Жылдың төрт мезгілінде,
Мазасыз жел соғады,
Әлде бұл өздігінен бе?
Себебі неден болады?
2. Температура бір болмай
Жылы ауа тарайды,
Конвекция пайда болып,
Жел соқты деп санайды.
1. Қыста аспан түнеріп,
Қар жауады себелеп,
Себебін біз де білейік,
Сұрақ қойдық неге деп?
2. Қардың жауу себебі,
Кристалданар су буы
Жерге құлап түсуі
Ауырлық күшінен болады.
- Ал, сіз көбейту кестесін білесіз бе?
- Ия, әрине
- Көбейту кестесі ішінен ең қиын кесте қай кесте дер едің?
- Әрине 9 - дың көбейту кестесі.
- Біз үшін 9 - дың көбейту кестесі ең оңай болып саналады.
- Енді соның сырын ашайық:
12 - студент:
1*9=09
2*9=18
3*9=27
4*9=36
5*9=45
6*9=54
7*9=63
8*9=72
9*9=81
10*9=90
- Басқалай қалай түсіндіруге болады?
- Онда саусақпен көбейту кестесін көрсетсек қалай болады?
13 - студент: Көбейту кестесін 10 саусақпен көрсетеді.
Бүгінгі кешімізді «Математикалық ән»
(Еркем – ай әуенімен)
Жүзген кеме тұманда, неге адасып кетпейді.
Немесе ол да бір маңда, төмен неге шөкпейді.
Оны сақтап қалатын, математика - ғылымы бұл.
Сондықтан да ерінбей сол ғылымның тілін біл.
Бүгінгі кеш талайдың, шабыттарын шыңдады.
Кеш қызығын қызықтап, талай адам тыңдады.
Тәрбиелі мол тәлім, болды бүгін әсерлі.
Бүгінгі кеш түйінін көрермендер шешеді.
Ақынжанды болмаған, математик бола алмас,
Қызықты кеш болмаса, көңілге әсте қона алмас,
Бүгінгі кеш көңілді, оған біздер сенімді.
Қошеметпен қол соқты, көрермендер өнімді.
Көңіл бөліп бұл кешке, келгендерге рахмет!
Шын сезінген көрерменге, мың рахмет, мың рахмет!
- Енді осы физика, математиканы ойынға қосып көрсек қайтеді?
- Менде физикаға қатысты бір ойын бар. Соны ойнатып көрсек қайтеді.
- Әрине, онда ойын шартын түсіндіріп жібер.
- «Атомдар мен молекулалар» атты физикалық ойын. Ойын шарты бойынша ортаға 8 студент шығады. Шығарылған студенттер атом болып саналады. Ал, атомдар молекулалардан құралған. Мен 3 молекула дегенде үш - үштен бөлініп топтасып қалу керек. Ойын шарты түсінікті болса бастайық.
- Менде құр алақан емеспін.
Математика ғылымына қатысты менде бір ойын ұйымдастырып жіберейін. Ол ойын «Формулалар биі» деп аталады. Ойын шарты бойынша 8 студент ортаға шығарылады. Оларға формулалар жазылған парақшалар таратылып беріледі. Сол парақшадағы формулаларды дұрыс болатындай етіп бір – бірін толықтыру қажет.
- Математика, физика – ғылымы бұл,
Сондықтан да ерінбей,
Сол ғылымның тілін біл,- деп кешімізді аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.