Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сандар тізбегі және оның берілу тәсілдері. -

Сандар тізбегі және оның берілу тәсілдері.

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 445 | Просмотров: 5294 | Размер: 84.0 Kb | Автор: arai
. Астана қаласы
№ 58 орта мектептің
математика пәнінің мұғалімі
Бидалова Аманай Кездікқызы

Тақырыбы: Сандар тізбегі және оның берілу тәсілдері.

Мақсаты: Сандар тізбегі және оның берілу тәсілдері туралы түсінік беру және олардың әр түрлі тәсілдерін меңгеру.

Күтілетін нәтиже: Оқушыларға сандар тізбегі туралы түсінуге, олардың берілу тәсілдерінің түрлерімен танысуға мүмкіндік туғызу.

Игерілетін мазмұнның оқушы үшін маңызы: Сандар тізбегінің ерекшелігін түсіну, сандар тізбегінің түрлерінің маңызды екеніне көз жеткізу.

Сабақ құрылымы:
1. Ақпарат блогы (қысқаша АБ)
2. Логикалық тапсырмалар блогы(ЛТ блогы)
3. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы(ЖБЕА)
4. Интелектуалдық тренинг блогы (ИТ)
5. Күтілетін нәтиже блогы (КН)
Оқыту әдісі:
Проблемалық. Сандар тізбегінің берілу тәсілдері қандай? Ал тізбектің түрлері қандай?

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы:
Белсенді танымдық (интерактивті)
Оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру:
Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материялын А блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру. ЛТ блогындағы тапсырманы орындай отырып тақырып бойынша қорытынды шығарып теориялық білімін бекіту. ЖБЕА блогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау. ИТ блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға ат салысу.

Оқушыда дағды қалыптастыру:

Тақырып түйіні берілетін қысқа тұжырымдар арқылы оқулық материалын бекіте отырып, осындай нұсқа сөздерді (слайт мәтінін) тұжырымдап үйрену, логикасы әр түрлі кестелермен жұмыс істей білу, олардың негізінде қорытынды жасай алу, өзін-өзі дамыту дағдылары-өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай сәттілік сәтіне ұмтылу, ұжымда жұмыс істеу дағдылары –ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы оны сынып алдында қорғай алуы.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:
Сандар тізбегі, тізбектің мүшесі, тізбектің берілу тәсілдері (аналитикалық тәсіл, баяндау, реккуренттік, графиктік), шекті және шексіз тізбек, өспелі және кемімелі тізбек, тұрақты тізбек.

Ақпарат көздері – оқулық А.Абылқасымова
есептер жинағы – А.Абылқасымова
дидактикалық материалдар – Ә.Шыныбеков
оқулық – Ә.Шыныбеков

Жоспары: 1. Сандар тізбегінің анықтамасы.
2. Сандар тізбегінің берілу тәсілдері.


Анықтама. Натурал аргументті функция сандар тізбегі, ал тізбекті құрайтын сандарды тізбектің мүшелері деп атайды.
Тізбекті мүшелері сәйкес мүшелердің индексі (реттік нөмірі) көрсетілген әріппен белгіленеді:
a1, a2 ,a3, ......, an, ......
Берілген жазуда:
a1 саны - тізбектің бірінші мүшесі;
a2 саны - тізбектің екінші мүшесі;
a3 саны - тізбектің үшінші мүшесі;
...........................................................
an саны - тізбектің n мүшесі;
...........................................................
Мысалы, (2) тізбекте: a1 ═ 1, a4 ═ , a15 ═ , an ═ .
Тізбекті қысқаша an f (n) немесе (an) түрінде жазылады.
2.

2.1


2.2

2.3

2.4
Мысалы, нөлмен аяқталатын бүтін оң екітаңбалы сандар жиыны 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90
шекті тізбектер, ал 1, 2, 3, 4, 5, ..., n, ...
шексіз тізбек болып табылады.Бір ғана саннан құралған тізбек тұрақты тізбек деп аталады. Мысалы, 2, 2, 2, 2, 2, ..., 2, ...


Кестені толтырып теориялық біліміңді жүйеле.


Сандар тізбегінің анықтамасы.

Баяндау тәсілі

Аналитикалық
және рекурренттік тәсіл

Графиктік тәсіл



Қорытынды_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Деңгейлік тапсырмалар
1 деңгей тапсырмалары

1. Кітаппен жұмыс № 84 xn шекті тізбек берілген; 3, 0, -3, -6, -12. Оның бірінші, үшінші, алтыншы мүшелерін атаңдар.

2. № 86 (am) тізбегі an=3n-1 формуласымен берілген. a1, a2, a3 -ды табыңдар.


3. № 89 Тізбек 1) an=5n+2, 2) bn =n3-3 формуласымен берілген. Оның үшінші мүшесі неге тең?

формуласымен берілген тізбектің бірнеше алғашқы мүшелерін табыңдар.

2 деңгей тапсырмалар

1. Кітаппен жұмыс № 154

Тізбектің k-шы мүшесін өрнектейтін формуланы жазыңдар; а) натурал сандарға кері сандар; ә) 1; -1; 1; -1... .

2. № 155 Тізбектің k-шы мүшесінің формуласы белгілі. a2, a4, a7 -ні есептеңдер; a) ak=4+5(k-1); ә) ak =5∙2k-1.

3. № 158.Жалпы мүшесі а) 3∙2n-1; ә) ; б) формуласымен берілген,тізбектің бірнеше алғашқы мүшелерін есептеңдер.

3 деңгей тапсырмалар

1.Кітаппен жұмыс № 161

Бірнеше алғашқы мүшелері бойынша сандар тізбегін құрастыру ережесін анықтаңдар және тізбектің жалпы мүшесін мүмкіндігінше қарапайым формуламен көрсетіңдер; а) 2, , , ,...; ә) , , , ... .


«Топтық жұмыс»

1. Натурал сандар тізбегін жазып, оның формуласын жаз.
2. 3-ке бөлінетін сандар тізбегін құрастырып, формуласын жаз.
3. 5-ке бөлгенде 2 қалдық қалатын сандар тізбегін құрастырып формуласын жаз.

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы
ЭССЕ ЖАЗ: _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Үй жұмысы: № 86, 88, 91. Оқулықтан тақырыпты қайтала.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.