.
.
Пән: Математика 6 15.01.14 Санды теңсіздіктерді қосу және азайту.
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 534 | Просмотров: 2463 | Размер: 186.0 Kb | Автор: araiТақырыбы: Санды теңсіздіктерді қосу және азайту.
Мақсаты: 1) санды теңсіздіктерді мүшелеп қоса білу; мүшелеп азайта білу
дағдыларын қалыптастыру;
2) ойлау қабілеттерін, математикалық тілде сөйлеу дағдыларын
дамыту;
3) тапқырлыққа, топта жұмыс істеуге, жаувптылыққа тәрбиелеу,
пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ түрі: Саяхат сабағы. «Жүйелі білім» жедел поезын пайдалану.
Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Саяхат барысына түсініктеме.
3. Саяхатқа шығу.
4. Қорытындылау.
Сабақ барысы:
1) Оқушыларды түгендеу, сабақ жоспарымен таныстыру.
2) Саяхат барысына түсініктеме:
Бүгінгі сабақта «Жүйелі білім» поезында саяхатқа шығамыз. Жолымызда 4 станция кездеседі: І – «Тапсырма», ІІ – «Тұжырымдама», ІІІ – «Білім»,
ІҮ – «Амалдар» станциясы. Поез құрамында 2 вагон бар: «Ойшылдар», «Тапқырлар», әр вагонда тексеруші – контролер болады (Гүлдана, Айнур). Оларға оқушылардың аты-жөні жазылған табель беріледі. Соған білімдерін бағалайды. Тексерушілер білімін станция бастығы (мұғалім) бағалайды.
3) І. Станция бастығынан тексерушілер тапсырма жазылған конверттерді алады. Вагондарға отырғанша оқушылар тақтада жазылған ауызша есептерге жауап береді.
1) 2) 3) 4)оқыңдар а) -1<х<3
ә) 5<у<8
ІІ. «Тапсырма» станциясы. Әр тексеруші өз вагонының тапсырмасын алып станциядан қозғалады.
«Ойшылдар» вагонына: а)
ә) Санды теңсіздіктерді қосу ережесін тұжырымда.
«Тапқырлар» вагонына:
ә) Санды теңсіздіктерді азайту ережесін тұжырымда. «Тұжырымдама» станциясына келгенше есептерді шығарып, ережесін айтып болу керек. Тексеруші тапсырмаларға 2 баға қояды.
- Келесі станция – «Тұжырымдама» станциясы.
ІІІ. «Тұжырымдама станциясы».
Тексерушілер кезекпен конверттерін (тапсырмалар) қайтарып, бағаларын айтады. Тақтадағы ауызша есептерге жауап береді. Сонан соң тапсырма алып жүріп кетеді. (Бірдей тапсырма беріледі)
Оқулықтағы №995. Өрнектің мәнін бағала:
х+у мұндағы а) ә)
2) х-у, мұндағы: а) ә)
Сандарды салыстыру, ережесін, санды теңсіздіктердің қасиеттерін тұжырымда.
ІҮ «Білім» станциясы
Тексерушілер тапсырманы қайталап, ауызша жауап береді:
Келесі тапсырманы алып, «Амалдар» станциясына жүріп кетеді:
Тапсырмалар: 1- вагон: 2- вагон:
Ү. «Амалдар» станциясы: поезд тоқтайды. Тексерушілер тапсырмаларын тапсырады.
4. Сабақты қорытындылап, қай тексеруші жақсы жұмыс жасап, тиянақты білім деңгейін көрсеткенін бағалаймын. Үйге тапсырма беріледі. & 27, 28 (қайталау), №946
Оқушыларды бағалау.
Пән: математика 6 11.02.14
Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтың теңсіздікті шешу.
Мақсаты: 1) бір айнымалысы бар сызықтың теңсіздік ұғымын, оны шешімі мәндес теңсіздіктер, теңсіздікті шешу алгоритмін түсіндіру;
2) тіл- ой қабілеттерін дамыту.
3) тапқырлыққа, шапшаң есептеуге, жауаптылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, ойын, «математикалық домино», топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: «математикалық домино» карточкалары
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Жаңа сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
6. Қорытындылау
Сабақтың барысы:
1. Сәлемдесу, сыныпты түгендеу.
Сабақ мақсатымен, жоспарымен таныстыру.
2. Үй жұмысын тексеру «Топтастыру әдісі»
Сан аралықтары:
(-3;4) (0;5
«Интервал» «Жартылай «Кесінді» «Сәуле» «Ашық сәуле»
интервал»
Сан аралықтардың қиылысуы мен бірігуі
3. Алдын ала даярлық тапсырманы талдау. (Дәптерге сабақ тақырыбын жазу)
Үлгі:
теңсіздіктер
Оларды ықшамдау арқылы түрге келтіруге болады.
- бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер, мұндағы а,в- қандай да бір сандар, х- айнымалы, в- бос мүше.
Бір айнымалы бар теңсіздіктің
Сабақтың тақырыбы:
(математика, 6 сынып, жаңа тақырып меңгерту сабағы)
Бақылау жұмысы (5-сынып)
І- нұсқа
№ 1. Теңдеуді шешіңдер:
0,8х + 3,5х – 0,75 = 1,4.
№ 2. Болаттың бөлмесінің ұзындығы 7,5 м , ені 3,2 м. Мерекенің бөлмесінің ауданы сондай , бірақ оның ұзындығы 6,4 м . Мерекенің бөлмесінің енің табыңдар .
№ 3. Есептеңдер :
№ 4. Оқушы кітаптың 48 бетін оқығанда , ол кітап беттерінің 12%-ін оқыды . Кітапта барлығы неше бет бар ?
№ 5. Жазыңқы бұрыштың төбесінен АОС бұрышы 130-қа тең болатындай етіп ОС сәулесі жүргізілді. СОВ бұрышының градустық өлшемін табыңдар .
ІІ- нұсқа .
№ 1. Теңдеуді шешіңдер :
3,4 * (9х + 0,8) – 15,17 = 24,27.
№ 2. Шаруашылық айлық жоспарды 160 %-ке орындап , жоспарланғаннан 15,36 т артық өнім алды. Шаруашылық жоспар бойынша қанша өнім алуға тиісті еді?
№ 3. Есептеңдер :
№ 4. Бөлменің ұзындығы 9 м және ені 5,4 м. Осы бөлмеге еден төсеу үшін ұзындығы 8,1 м және ені ұзындығығының індей қанша тақтай қажет?
№ 5. АОВ= 120 , СОД= 90 , СОВ=60 болса, АОС және АОД бұрыштарын табыңдар.
А С
В
О
Д
ІІІ- нұсқа.
№ 1. Теңдеуді шешіңдер :
0,3* (2х + 3,9) = 1,8 :
№ 2. Самал бірінші күні кітаптың -сін, екінші күні -ін оқыды, бұл бірінші күнгіден
18 бет кем. Кітапта қанша бет бар? Самал бірінші күні қанша бет оқыды?
№ 3. Есептеңдер : [19- (12
№ 4. Фотоаппаратың бағасы бірінші рет 10%-ке арзандатылғаннан кейін 3600 тг болды. Сонан соң осы баға 8%-ке төмендетілді.Алғашқы бағасымен салыстырғанда фотоаппарат қанша теңгеге арзан болды?
№ 5. АВ және СД түзулері О нүктесінде қиылысады. болатынын дәлелдеңдер.
1. Бір-бірінен тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар ... деп аталады.
2. Натурал сандар және оған қарама-қарсы сандар және 0 саны ... деп аталады.
3. Бүтін сандар және бөлшек сандар (оң және теріс) ... деп аталады .
4. Оң санға қарама-қарсы сан ... сан болады.
5. Теріс санға қарама-қарсы сан ... сан болады.
6. 0 санына қарама-қарсы сан ... саны.
7. Координаталық түзу бойындағы санды кескіндейтін нүктенің санақ басынан (бірлік кесінді есебімен алынған) қашықтықтығы санның ... деп аталады.
І 5 І =
І 0 І = І І =
І І =
І -8,1 І =
1. Бір-бірінен тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар ... деп аталады.
2. Натурал сандар және оған қарама-қарсы сандар және 0 саны ... деп аталады.
3. Бүтін сандар және бөлшек сандар (оң және теріс) ... деп аталады .
4. Оң санға қарама-қарсы сан ... сан болады.
5. Теріс санға қарама-қарсы сан ... сан болады.
6. 0 санына қарама-қарсы сан ... саны.
7. Координаталық түзу бойындағы санды кескіндейтін нүктенің санақ басынан (бірлік кесінді есебімен алынған) қашықтықтығы санның ... деп аталады.
І 5 І =
І 0 І = І І =
І І =
І -8,1 І =
Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша әдістемелік бірлестігінің 2010-2011 оқу жылында атқарған жұмысының талдауы
2010-2011 оқу жылында мектептің жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша ӘБ-тің құрамында 6 мұғалім, сонын ішінде : жоғары білімді – 5, арнаулы орта білімді -1; І санатты - 2, ІІ санатты – 3, оқу жылы аяғында тағы 1 мұғалім ,дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Джубандыков З.Т. ІІ санатқа аттестацияланды.
Өткен оқу жылында ӘБ-тің 5 отырысы өткізілді. Оларды өткізу барысында «Жаңа технология - өмір талабы», «Жаңа технология әдістері», «Дене шынықтырудың бала денсаулығына әсері» тақырыптарында баяндамалар талқыланды , ашық сабақтарының талдауы , сыныптан тыс шаралар өткізу туралы есептер тыңдалды.
Математика,физика, информатика,биология , химия пәндерінің, спорт апталықтары ұйымдастырылып, өткізілді.Сонымен қоса «VІІ қысқы Азия » эстафетасы, ғарыш күніне (ғарышты игеруінің 50жылдығына орай) арналған шараларда өткізілді.
Осы оқу жылы барысында оқушылар «Ақ бота», «Кенгуру» интеллектуалдық марафондарға, аудандық «Математикалық регата» сайыстарына қатысты. Математика пәнінің мұғалімдері Кушанова У.С., Галиева Ж.С. аудандық мұғалімдер Олимпиадасына қатысты, мұғалімдер арасында өткізілген «Математикалық регатаға» қатысып, ІІІ орынға ие болды. Биология пәнінің мұғалімі Альменев С.Б., дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Изгалиева Д.Р., Джубандыков З.Т. жыл бойы аудандық спорт және туризм шараларына, ал Изгалиева Д.Р. облыс және республика деңгейіндегі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
ӘБ мүшелері өз білімдерін жетілдіру мақсатында әдістемелік әдебиеттерді оқып талқылау білді, аудан көлемінде ұйымдастырылған семинарларға үнемі қатысып жүрді.
2010-2011 оқу жылы ағымында «Мәтінді есептерді шешу» (5-с.), «Есептерді шешу» (6-с.), «Еңлікгүл» (6-с.) арнайы курстары, «Күрделі есептерді шешу», «Есептер шешу практикумы», «Тоғызқұмалақ» атты факультатив сабақтары жүргізілді.
Оқу жылы сонында жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша оқушылардың білім сапасы осындай болды:
Математика ,5-сынып - 75%, 6-сынып -60%; алгебра 7-сынып-67%, 8-сынып -100%, 9-сынып -60%; геометрия 7-сынып -67%, 8-сынып -100%, 9-сынып - 60%; жаратылыстану 5-сынып - 100%, биология 6-сынып - 60%, 7- сынып - 100%,
8-сынып - 100%, 9- сынып - 80%; география 6-сынып - 60%, 7-сынып - 67%,
8-сынып – 100%, 9- сынып - 60%; химия 8-с. – 100%, 9- с. - 60%; физика 7-с. – 100%, 8-с. - 100%, 9-с. - 60%;дене шынықтыру, технология 5-9 сыныптарда -100%
Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша әдістемелік бірлестігінің 2011-2012 оқу жылында атқарған жұмысының талдауы
2011-2012 оқу жылында жаратылыстану-ғылыми пәндерінің әдістеме бірлестігінде 6 мұғалім жұмыстанды, сонын ішінде жоғары білімді -5, арнаулы орта білімді-1, І санатты-2, ІІ санатты- 4.
Кушанова Улганым Сагиндыковна , математика және физика пәндерінің мұғалімі – білімі жоғары, І санатты, педөтілі 28 жыл. Өткен оқу жылында «Оқытудың жаңа технологиясын қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту » тақырыбында жұмыстанды. ӘБ –тің отырысында «Казіргі сабақты талдау үлгілері» атты баяндама жасады, математика пәнінен «Ондық бөлшектерді қосу, азайту » (5-с.) өткізді. Пән апталығын өткізу аясында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» (интеллектуалдық ойын), «Кім көп біледі?» (танымдық ойын), «Ақ бота», «Кенгуру», «Математикалық регата» есептерін шешу және талдау шараларын өткізді. Оқушылары «Ақ бота» интеллектуалдық марафонына қатысты.
Галиева Жамал Сагингалиевна, математика және физика пәндерінің мұғалімі – білімі жоғары, І санатты, педөтілі 26 жыл. Әдістемелік тақырыбы:оқушылардың танымдылық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тақырыпты жүзеге асыру барысында «Рационал сандарға амалдар қолдану», «Функцияның кестемен берілуі» ашық сабақтарын өткізді. «Білімді ұрпақ – ел тірегі» пән апталығында «КТК» сайысын, сөзжұмбақтар, судоку, сиқырлы квадраттар шешу сайысын, «Ақ бота», «Математикалық регата» есептерін шешу және талдау шараларын ұйымдастырып өткізді. Аудандық ғылыми жоба байқауына 6-сынып оқушысы Жаниязова Гүлзина «Сандар әлемінде» жұмысымен қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Осы оқушысы «Ақ бота» интеллектуалдық марафонына қатысып, ІІІ орын алған үшін дипломмен марапатталды.
Альменев Сатыболды Бисенович, биология пәнінің мұғалімі – білімі жоғары, ІІ санатты, педөтілі 24 жыл. Әдістемелік тақырыбы: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту арқылы табиғатты қорғауға және ізденімпаздыққа баулу. ӘБ-тің отырыстарында оқу белсенділігін арттыру, мұғалімнің кәсіби мәдениеті, 12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби-педагогикалық бағыттылығы мәселелері бойынша ой алмасты. Биология, химия, география пәндерінің апталығын өткізу барысында «Қызыл кітап беттерінен», «Ойлан тап, бұл қандай жануар», «Сен білесін бе?» (химиялық кеш), сөзжұмбақтарды шешу сайыстарын ұйымдастырып өткізді. Аудан мұғалімдер арасында өткен спорт жарысында (шаңғыдан) жүлделі орынға ие болды.
Изгалиева Динара Рафаиловна, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – білімі жоғары, ІІ санатты, педөтілі 11 жыл. «Ерте жастан бастап оқушылардың спортқа деген ынтасын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру» әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыстанды. Жыл бойы республикалық , облыстық, аудандық спорт және туризм шараларына қатысып, жүлделі орындарға ие болып оралды. Сонын ішінде «Батыс-Азимут» спорттық бағдарлау жарысында І орын, «Спринт» қашықтығы бойынша І орын, «Эстафета» қашықтықта І орын, аудандық туриадада оқушылар командасы ІІ орын жеңіп алды.
Изгалиева Нурслу Исмагуловна, физика және информатика пәндерінің мұғалімі – білімі жоғары, ІІ санатты, педөтілі 8 жыл. Әдістемелік тақырыбы: информатика сабағында оқушылардың ой қабілеттерін дамыту . Өткен оқу жылында ӘБ-тің отырысында «Интерактивті технология элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың біліктілігін арттыру» тақырыбына баяндама дайындады ,мұғалімнің кәсіби мәдениеті, оқу белсенділігін арттыру, ашық сабақтарды талдау сұрақтары бойынша пікір алмасты. Математика, физика және информатика пәндерінің апталығы аясында «Атажұрт» этнографиялық ойынын өткізді, сөзжұмбақтар сайысын ұйымдастырды.
Джубандыков Замир Талапович, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – білімі жоғары, ІІ санатты, педөтілі 5 жыл. «Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуін дамыту, денсаулықтарын нығайту, күш ептіліктерін арттыру» әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыстанды. Жыл ағымында әртүрлі спорттық шаралар ұйымдастырып өткізді. Сонын ішінде «Толағай» отбасылық спорт сайысы, денсаулық күндері (қыркүйек, сәуір айларында), спорт апталығы. Мұғалімнің өзі де аудандық спорт шараларына қатысып, шаңғыдан жүлделі орынға ие болды. Округ бойынша өткізілген спорт сайыстарына үнемі қатысып жүрді.
Өткен оқу жылы қорытындысы бойынша оқушылардың білім сапасы төмендегідей: математика, 5-с. – 50 %, 6-c.- 67 %, алгебра, 7-c.- 50 %, 8-c.- 100%, геометрия, 7-c.- 50 %, 8-c. – 100%, география,6-с. – 100%, 7-с. – 75%, 8-с. -100%, биология, 6-с. – 88%, 7-с.- 75%, 8-с. – 100%, химия, 8-с.- 100%, физика, 7-с.- 50%, 8-с. – 100%, информатика, 7-с.,8-с. – 100%, жаратылыстану, 5-с.- 75%, технология, дене шынықтыру ,5-8 сыныптар-100%.
№ 1 бақылау жұмысы
І- нұсқа
1. Ұзындығы 8 см СД кесіндісінде В нүктесі белгіленген. ВС кесіндісінің ұзындығы 2 см. ВД кесіндісінің ұзындығын табындар.
2. ОС сәулесі АОВ бұрышын екі бұрышқа бөледі. АОВ бұрышы 100 -қа тең, ал АОС бұрышы СОВ бұрышынан 40 артық болса, СОВ бұрышының градустық өлшемі неге тең?
3. Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың біреуі 70 . Қалған бұрыштарды есептеп табыңдар.
4. Доғал бұрыш сызыңдар. Оны АВС деп белгілеңдер. Бұрыштың төбесі В нүктесі арқылы бұрыш қабырғаларына перпендикуляр түзулер жүргізіңдер. Сызғыш пен үшбұрышты сызғышты пайдаланыңыз.
ІІ- нұсқа
1. Д нүктесі АВ кесіндісінде белгіленген. ДА = 3 см, ДВ = 5см. АВ кесіндісінің ұзындығын табу керек.
2. АВД бұрышының биссектрисасы – ВС сәулесі. АВС бұрышы 60 .АВД бұрышының шамасы неше градус екенін табыңдар.
3. Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың біреуі 40 . Қалған бұрыштарды есептеп табыңдар.
4. Бұрыш сызыңдар. Оны ДЕК деп белгілеңдер. Бұрыштың қабырғаларының әрқайсысына бір-бір нүкте алып, оларды А және В әріптермен белгілеңдер. А нүктесі ЕД-да, ал В нүктесі ЕК-да жататын болсын. А нүктесі арқылы ЕД-ға перпендикуляр түзу , ал В нүктесі арқылы ЕК-ға перпендикуляр түзу жүргізіңдер. Сызғыш пен үшбұрышты сызғышты пайдаланыңыз
«Бекітемін»
21 қараша 2012 жыл
Мектеп директоры:
Г.К.Джубанышкалиева
«Білімді мыңды жығар» атты математика, физика және информатика пәндері онкүндігінің жоспары
№ Тақырыбы Мерзімі Жауапты мұғалім
1 Онкүндіктің ашылуы 21.11.12. Галиева Ж.С.
2 Сиқырлы квадраттар, логикалық есептер шешу сайысы 21.11.12. Галиева Ж.С.
3 «Ақбота», «Кенгуру» интеллектуалдық марафондары есептерін шешу 22.11.12. Кушанова У.С.
4 «Жас математик» атты көңілді тапқырлар сайысы 23.11.12. Галиева Ж.С.
5 «Эрудит» танымдық ойыны 24.11.12. Кушанова У.С.
6 «Сынып көшбасшысы» зерде жетілдіру ойыны 25.11.12. Изгалиева Н.И.
7 Мектепішілік олимпиада есептерін талдау 26.11.12. Галиева Ж.С.,Кушанова У.С.
8 «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойын 27.11.12. Изгалиева Н.И.
9 Қазақ халқының ауызша есептерін шешу 28.11.12. Галиева Ж.С.
10 «Білім биржасы» зияткерлік ойыны 29.11.12. Изгалиева Н.И.
11 Онкүндіктің жабылуы, қорытындысы, марапаттау. 30.11.12. Галиева Ж.С.,Кушанова У.С., Изгалиева Н.И.
«Білімді мыңды жығар» атты математика, физика және информатика пәндері онкүндігінің қорытындысы
Математика, физика және информатика пәндерінің онкүндігі 21.11.12 -30.11.12. күндер арасында ұйымдастырылып өткізілді.
Бірінші күні сиқырлы квадраттар, логикалық есептер шешу сайысы өтті. Бұл шарада белсенді қатысқан 5-сынып оқушылары, сонын ішінде Изгалиев Әлихан және Мергалиев Мейрамбек.
«Жас математик» атты көңілді тапқырлар сайысына «Жас өркен» және «Теорема» топтары қатысты. Нәтижесінде жеңіске «Жас өркен» (топ басшы Жаниязова Гүлзина) тобы жетті.
«Эрудит» танымдық ойынында І орынға 7-сынып оқушысы Жаниязова Гүлзина, ал ІІ орынға 5-сынып оқушысы Изгалиев Әлихан иеленді. Информатика пәні бойынша «Сынып көшбасшысы» зерде жетілдіру ойынында 8-сынып оқушысы Темирханова Ляззат жеңіп шықса, «Білім биржасы» зияткерлік ойынына екі топ: «Модем» және «» қатысып, І орынға «Модем» тобы (топ басшы Жаниязова Гүлзина) иеленді.
Онкүндік өткізу барысында математика және физика мұғалімдері Галиева Ж.С., Кушанова У.С. оқушылармен олимпиада есептерін, «Ақ бота», «Кенгуру» интеллектуалдық марафондар есептерін, қазақ халқының ауызша есептерін талдап, оларды шешті.
Онкүндік қорытындысы бойынша белсенді қатысқан оқушылар мадақтама, алғыс хат, дипломдармен марапатталды.
№ 5- бақылау жұмысы
І нұсқа
№1. Бөлшектерді қосыңдар:
№2. Бөлшектерді азайтыңдар:
№3. Компьютерде теруші шығарманың бірінші күні -ін терді, екінші күні -ін терді. Компьютерде теруші екі күнде шығарманың қандай бөлігін терді?
№4. Ұзындығы м сымнан м сым кесіліп алынды. Қалған сымның ұзындығын табыңдар.
№5. Амалдарды орындаңдар:
№ 5- бақылау жұмысы
І нұсқа
№1. Бөлшектерді қосыңдар:
№2. Бөлшектерді азайтыңдар:
№3. Компьютерде теруші шығарманың бірінші күні -ін терді, екінші күні -ін терді. Компьютерде теруші екі күнде шығарманың қандай бөлігін терді?
№4. Ұзындығы м сымнан м сым кесіліп алынды. Қалған сымның ұзындығын табыңдар.
№5. Амалдарды орындаңдар:
Геометрия, 7-сынып
№ 3 бақылау жұмысы
І нұсқа
№ 1.
АДВ және АСВ тең бүйірлі үшбұрыштарын салындар. АВ-екі үшбұрыштың ортақ табаны. Д және С төбелері АВ-ға қарағанда әр түрлі жарты жазықтықтарда (яғни АВ- ның екі жағында) жатады. ДС кесіндісің жүргізіп, АДС және ВДС үшбұрыштарының тең екендігін дәлелдеңдер.
№ 2.
Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштарының қосындысы 100. Үшбұрыштың : 1) төбесіндегі бұрышын; 2) сыртқы бұрыштарын есептеп табыңдар.
№ 3.
АВС үшбұрышында А= 120; В= 40, С= 20. Ең үлкен қабырғаны, ең кіші қабырғаны атап көрсетіңдер. Себебін жазыңдар.
№4.
Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығы: 7см, 2см, 10см болуы мүмкін бе? Себебін жазыңдар.
ІІ нұсқа
№1.
АВС тең бүйірлі үшбұрыш берілген. АС-оның табаны. Е және К үшбұрыштың табанында жатқан нүктелер, АЕ= СК. ЕВК үшбұрышының ткң бүйірлі үшбұрыш екенің дәлелдеңдер.
№2.
Тең бүйірлді ұшбұрыштың табанындағы бұрыштарының қосындысы 140. Үшбұрыштың: 1) төбесіндегі бұрышын; 2) сыртқы бұрыштарын есептеп табыңдар.
№3.
ДКС үшбұрышында ДС=10см, ДК=4см, КС= 8см. Үшбұрыштың ең үлкен және ең кіші бұрыштарын атап жазыңдар. Себебін жазыңдар.
№4.
Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығы 3см, 3см, 10см болуы мүмкін бе? Себебін жазып көрсетіңдер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.