Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Үшбұрыштар елінде -

Үшбұрыштар елінде

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2336 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Үшбұрыштар елінде
Мақсаты: Оқушыларға үшбұрыштың түрлерінен алған білім дерін көтеру.Тез есептеудің әдістерін көрсету арқылы есептеу дағдыларын дамыту, математика ның жұмбақты да, қызықты есептерімен таныстыра отырып, ойлау қаблеттерін жетілдіру.
Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, математиктер сөздері. Интерактивті тақта, слайдтар.
Сайыстың барысы: Сайыс бес кезеңнен тұрады.
*«Үшбұрыш елімен танысу»
*«Мықты болсаң, тауып көр»,
*«Жүйрік болсаң, шауып көр»,
*«Ойлы болсаң, озып көр»..
*«Сен маған,мен саған» ( бірі-біріне сұрақ, есептері)
* қорытынды
1-Жүргізуші:
Ақталған ақ арманы, үміттері,
Қашан көрсең жүреді күліп тегі
Қаумалаған ағайын, аманбысың,
Аманбысың, сайыстың үміткері
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
2-жүргізуші:- «Тең бүйірлі үшбұрыш» тобы
1-жүргізуші: «Тік бұрышты үшбұрыш» тобы
2-Жүргізуші:
Шын жүйрік шабысымен танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады
Әділғазылар алқасымен таныс болыңыздар
( )
1-Жүргізуші:
Жақсылық адамдардың тілегі екен,
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.
Дәстүрі қазағымның сарқылмаған,
Шарттарын сайыскерлер біле ме екен? – сайысымыздың жобасымен таныстырып өтейік.
2-жүргізуші:
Сайысқа барлығы 14 оқушы қатысады.
Сайыс төрт кезеңнен тұрады.
1. «Үшбұрыш елімен танысу»
2.«Мықты болсаң, тауып көр»,
3. «Жүйрік болсаң, шауып көр»,
4. «Ойлы болсаң, озып көр»...
5. Үй тапсырмасы Екі топтың бірі-біріне сұрақ, есептері
Әр жауапқа 5 баллдан
1-Жүргізуші:
Жеңімпаз дипломымен және сыйлықпен марапатталады..

Сайыстың шарты түсінікті болса «Үшбұрыштар елінде» атты сайысымызды бастаймыз.
2-жүргізуші:
- Жарыс заңы ежелден
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектен жалықпай
Сәт сапар тілеп бәріңе
Сайысты біздер бастайық
Көрсетіңдер білімді
Қалмаңыздар жасқанып.
1-Жүргізуші:
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма
Қолымды мезгілінен кеш сермедім» -деп Абай атамыз айтқандай
2-жүргізуші:
Уақытында геометрия сырын түсініп алайық,кейіннен уысымызға түсірмей қалмас үшін,бүгінгі таңда геометриялық үшбұрыш фигуралармен сырласып, кейбіреулермен мұңдасып қалу үшін өткізгелі тұрған сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1-Жүргізуші: «Тең бүйірлі үшбұрыш» тобының Ұраны:
«Нақты жауап, сапалы шешім таба біл»
2-жүргізуші: «Тік бұрышты үшбұрыш» тобының Ұраны:
«Қандай сынақ болса-дағы беріспе
Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске »
1-Жүргізуші: «Тең бүйірлі үшбұрыш» тобының Сәлемдесуі:
Білімге толы санамыз
Бүгінгі күн жеңісті.
Алғырлықпен аламыз,
Есепті біз шешеміз
Оны мақтан етеміз.
«Тік бұрышты үшбұрыш» тобына
Кете қоймас есеміз.
2-жүргізуші: «Тік бұрышты үшбұрыш» тобының Сәлемдесуі:
Дайындықпен келіп тұрмыз жарысқа
Есеп білсек жетеміз ғой табысқа.
Сайыстарда біз оңай беріспейміз
Тең ойынға тағы да келіспейміз
Тапқырлықта алдыға жан салмаймыз,
«Тең бүйірлі үшбұрыш» тобынан ешқашанда қалмаймыз.
1-Жүргізуші:
«Үшбұрыш» атты хан болыпты,
Бір руға тең болыпты.
Оның алты баласы болыпты
1) Тең бүйірлі үшбұрыш
2) Әртүрлі қабырғалы үшбұрыш

3)Тең қабырғалы үшбұрыш
4)Сүйір бұрышты үшбұрыш
5)Доғал бұрышты үшбұрыш
6)Тікбұрышты үшбұрыш
«Үшбұрыш елімен танысу»
«Үшбұрыш» хан болыпты
Мен...
Ылғи үштен тұрамын
Үш қабырға, үш төбе
Үшбұрыш болар құралым
Қай элементімді санасаң
Үштен асып көргем жоқ
Өз алдымы бір елмін
Ешкімге есе бергем жоқ
Бұрыштарым қосындысы
1800-қа тең болады
Бір қабырғам ұзындығы
Қалған екеуінің ұзындығының
Қосындысынан кем болады
1).Тең қабырғалы үшбұрыш
Менің үш қабырғам тең, үш бұрышым,үш биіктігім, үш медианам, үш биссек трисам тең болады әрі бір нүктеде қиылысады,іштей және сырттай сызылған шеңберлердің центрлері беттеседі.Р=3а,
2) Әртүрлі қабырғалы үшбұрыш
Менің қабырға ұзындықтарымда бұрыштарымда әртүрлі , периметрім
Р=а+в+с,
3)Тең бүйірлі үшбұрыш
Менің бүйір қабырғаларым теңде табанымның ұзындығы өзгеше, табанымдағы бұрыштарым өзара тең, табаныма түсірілген биіктігім медианам, биссектрисам ,қабырғаның ортасы арқылы тұрғызылған перпендикулярым тең болады, іштей және сырттай сызылған шеңберлердің центрі биіктігімде жатады . периметрім Р=2а+в,
4)Сүйір бұрышты үшбұрыш
Менің үш бұрышымның үшеуіде сүйір болады,мен Тең бүйірліде, Тең қабырғалы үшбұрышта болааламын.
5)Доғал бұрышты үшбұрыш
Менің бір бұрышым доғал қалған екеуі сүйір болады,биіктігімнің бір сыртқы бетке түсіріледі,
6)Тікбұрышты үшбұрыш
Менің бір бұрышым тік қалған екеуі сүйір болады, тік бұрыш жасап қиылыса тын қабырғаларым катет ал оларды қосатын көлбеу гипотенуза деп аталады, сырттай сызылған шеңбердің центрі гипотенузанымды қақ бөледі, сырттай сыз ылған шеңбердің радиусы R=c/2:
іштей сызылған шеңбердің радиусы r=ab/(a+b+c)=(a+b+c)/2:

Үшбұрыштың екі қабырғасы мен арасын дағы бұрышы бойынша теңдік белгісі
Үшбұрыштың екі бұрышымен оған іргелес қабырғасы бойынша теңдік белгісі
Үшбұрыштың үш қабырғасы бойынша теңдік белгісі
Тік бұрышты үшбұрыштың катеті мен гипотенузасы бойынша теңдік белгісі
Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен сүйір бұрышы бойынша теңдік белгісі
Тік бұрышты үшбұрыштың екі катеті бойынша теңдік белгісі
Тік бұрышты үшбұрыштың катеті мен оған іргелес сүйір бұрышы бойынша теңдік белгісі
Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан кіші болады АВ<АС+ВС; АС<АВ+ВС;ВС<АВ+АС
Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының айырмасынан үлкен болады АВ>АС-ВС; АС>АВ-ВС;ВС>АВ-АС
Үшбұрыштың үлкен қабырғасына үлкен бұрышы қарсы жатады және керісінше, үлкен бұрышына үлкен қабырғасы қарсы жатады
Аралым мен Бекзат орындауынды ( күй Балбырауын)
2-жүргізуші:
Үшбұрыштар жайлы айтайын
Қалмасын ой үзіліп,
Құстар қайтар еліне,
Үшбұрыш боп тізіліп. «Мықты болсаң, тауып көр»,
1.Медиана: Мен ...
Кесіндіні қақ бөлем
Бұл міндеттім ежелден
Ыждағаттап ап келем
2.Биссектриса:
Мен берілген бұрышты
Тең екіге бөлемін
Жаралғалы ғылымда
... аталып келемін
3.Биіктік:
Өзім түскен қабырғаны
Тік бұрыш жасап қиямын
Үшбұрышқа ежелден
...атыммен сиямын
4.Орта сызық:
Мен үшбұрыш табанына параллель
әрі табанының жартсына тең боламын
Ақнұрдың орындауында ( ән туған жер туралы)
1-Жүргізуші:
Үшбұрыштар заңдылық,
Пифагордан таралған.
Үй құрайтын төртбұрыш
Үшбұрыштан құралған- деп,«Жүйрік болсаң, шауып көр»,
*Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын фигура?(Бұрыш)

*Үш пар ат 40 км жол жүрген болса, әр ат қанша км жол жүреді?(40км)
*Планиметрияның негізгі фигуралары? ( нүкте, түзу)
* Р=25см, а= 9см бұл қандай үшбұрыш? (тең бүйірлі)
* Р=32,4дм бұл қандай үшбұрыш? (тең қабырғалы)
* Қандай үшбұрыштың іштей және сырттай сызылған шеңберлердің центрі биіктігінде жатады? (тең бүйірлі)
Аралым мен Бекзат орындауынды ( күй
Математика, математика қандай қиын
Оқымасаң шешілмейді ешбір түйін
Ал өмірде тек соның көмегімен
Орындалар заңдылық, байлам дүйім. «Ойлы болсаң, озып көр»...
1.Қиылыспайтын түзулер қалай аталады? ( параллель)
2.Нүктенің абциссасы, ординатасы қалай аталады? (кордината)
3. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем ? (теорема)
4. Жүздің жартысын жартыға бөлсе нешеден келеді? (Жауап: 100:2 =
50; 50: 1/2 = 100)
5. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (1800)
6. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырға (гипотенуза)
7. Тең қабырғалы үшбұрыштың р=15 см, қабырғаларын тап. (5см)
8. Тең бүйірлі үшбұрыштың р=10 см, бүйір қабырғасы - 3 см табанының ұзындығын тап? (4 см)
9. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі үшбұрыш)
10. Теңбүйірлі үшбұрыштың р=14 см, табаны 4 см, бүйір қабырғаларын тап?
(5 см)
11. Үш нүктеден, үш кесіндіден құралған фигура? (үшбұрыш)
12. Үшбұрыштың тікбұрыш жасайтын қабырғалары қалай аталады.(катет)
13. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш (тең қабырғалы үшбұрыш)
14. Тең қабырғалы үшбұрыштың бір қабырғасы 3 см, периметрін тап.
(9 см)
5. Үй тапсырмасы. «Сен маған,мен саған» (Екі топтың бірі-біріне сұрақ, есептері)
6. қорытынды Екі топқа Қызыл ,Жасыл ,Сары және Көк түсті қағаздар беріледі. Одан оқушылар өздеріне ұнайтын үшбұрыш түрін қиып жасайды.Өздерінің жасаған фигуралары бойынша мінездемелік сипаттамалармен танысады.
Қазіргі таңда білімді ұрпақ заман талабына сай өзін-өзі тани білу математикалық жолмен де сипатталады.
«Тең бүйірлі үшбұрыш тобы» өздерінің мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтін, әрқашан әділдікті қолдайтын жандар екенін ,ал «Тік бұрышты үшбұрыш» тобы- ниеті таза, пейілі кең жомарт және мінезі қатты, алған бетінен қайтпайтын жандар деп сипаттама берілді. Сау болыңыздар.

Қызыл - өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетін жандар
Жасыл – ақ көңіл, табиғатты сүйетін жандар\
Сары – ниеті таза, пейілі кең жомарт жандар
Көк – мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтін жандар

Тікбұрышты үшбұрыш – мінезі қатты, алған бетінен қайтпайтын жандар
Әр қабырғалы үшбұрыш – құбылмалы мінезді, тез ойланып тез жауап беретін жандар
Тең бүйірлі үшбұрыш -
Тең қабырғалы үшбұрыш – сыпайы болуға ұмтылатын жандар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.