Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі -

Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3257 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, жаңа білім беру, қызығушылығын ояту. Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісін түсіндіру, оларды есеп шығаруда пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылар белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Батылдыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс – саяхат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер
Сабақтың өту жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ барысымен таныстыру.
Балалар бүгін сабағымызды біз «Сиқырлы бұрыштар» әлеміне саяхат жасаймыз. Саяхат барысында аялдамаларға тоқталамыз.
І. «Сиқырлы бұрыштар әлемі»
Мұнда сызба бойынша есептер берілген, оқушылар жауап береді.
Барлық жауаптарды алған соң мынадай нақыл сөз шығады:
«Еліміз еңселі болсын десек,
Шәкіртіміз білімді болсын»
Оқушылар, сендер – Қазақстанның болашағысыңдар. Сондықтан сендер бәсекеге қабілетті білімді жастар болып жетілулерің қажет.
∆EFD = ∆MKS
Тең үшбұрыштардың сәйкес элементтері де тең болады



ІІ. "Қызықты сандар қалашығы" аялдамасы .
Берілгендерді пайдалана отырып, тең үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау
№ АВС үшбұрышында А1В1С1 үшбұрышында
А В С а b c А1 В1 С1 а1 b1 c1
1 40о 3 4
2 30о 6 5
3 3 60о 7
4 30о 45о 8
5 35о 50о 4
Оқушылар сәйкес ұяшықтарға дұрыс жауаптарын жазу керек.
ІІІ. «Білімділер қалашығы» аялдамасы. Бұл аялдамада жаңа тақырып түсіндіріледі.
І. Проблемалық сұрақ:
1. «Үш элементі (екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыш) бойынша үшбұрышты толықтырып салуға бола ма?


2. Екі үшбұрыштың элементтерін салыстыр

3. Үшбұрыштарды беттестірмей салыстыруға бола ма?
ІІ. Жаңа сабақ:
Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі (І белгі)
Теорема: Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.

Бер: ∆ABC, ∆A1B1C1
AB=A1B1
AC=A1C1
Д/к: ∆ABC = ∆A1B1C1
Дәлелдеу:
А және А1бұрыштары және оған іргелес қабырғалары сәйкес келетіндей, үшбұрыш АВС-ны A1B1C1,үшбұрышына беттестіреміз.
AB=A1B1, АС=А1С1болғандықтан АВ және А1В1, АС және А1С1 қабырғалары
беттеседі =>В және В1, С және С1 төбелері де сәйкес келеді.
=>BC = B1C1 және ∆ABC = ∆A1B1C1.
Теорема дәлелденді


ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
Үшбұрыштар І белгі бойынша тең болу үшін қандай шарт орындалу қажет?

MP = ES
MK = ST
M = S
IV. «Дұрыс жауапты анықта» қалашығы аялдамасы.

V. Келесі аялдама «Қабілеттілер» аялдамасы
Оқулықпен жұмыс №92
VІ. Үйге тапсырма
1. Үшбұрыш жайлы сөзжұмбақ құрастыру.
2. №90, №91
3. Теорема жаттау
VІІ. Қорытындылау. Бағалау
«Геометрияны білмейтін адам бұл үйге кірмей-ақ қойсын» деп ежелгі грек философы Платон өзінің мектебінің кіре берісіне жазып қойған дейді. 2000 жылдан астам бұрын айтылған бұл сөздер қазірде де өз күшінде деп айтуға болады. Себебі айналамыздан геометрия сұлулығын, геометрия кереметтерін көреміз. Ал геометрия математиканың бір бөлігі десек, онда біздің өмірімізге өте қажет. Сондықтан оған қызығушылықпен қарайық.


С. Датұлы атындағы №26 орта мектеп



АШЫҚ САБАҚ


7сынып

Пән мұғалімі: Тажиева Маншук Болтасовна

Атырау 2012-2013
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.