.
.
Статистикалық мәліметтерді топтау және талдау. Статистикалық мәліметтерді топтау және талдау.
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 643 | Просмотров: 7028 | Размер: 128.0 Kb | Автор: araiтақырыбына қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Утегенова Айнур Туреахметқызы 8 сынып, 20 оқушы Күні: 13.04.13
Сабақтың тақырыбы Статистикалық мәліметтерді топтау және талдау.
Мақсаты
Ықтималдық, медиана, арифметикалық орта, мода, ауытқу ұғымдары бойынша білімдерін толықтырып, статистикалық мәліметтерді топтау, талдау жүргізу туралы білім беру.
Күтілетін нәтижелер А)Ықтималдық, арифметикалық орта, мода, медиана, ауытқу ұғымдары бойынша білімдері толығады.
В)Жоғарыда аталған түсініктер бойынша есептер шығарады.
С) Статистикалық мәліметтерге топтау жүргізіп талдайды;
Сабақтың әдіс тәсілдері Түсіндіру, сұрақ-жауап,
Оқытудағы жаңа тәсілдер: постер құру, топтық, жұптық әңгіме.
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары: «БББ» кестесі,«Ойлан, бірік, бөліс», «жоғары және төмен мәртебелі сұрақтар»
АКТ: Power Point, сергіту сәтін ұйымдастыруда видеоролик, ғаламтор және оқулықпен жұмыс.
Оқыту формасы: жеке, жұптық, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі Жұмағұлова З, Тулеубаева С. Алгебра-8: Дидактикалық материалдар.
АКТ, проектор, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар, түрлі түсті қарындаш, сызғыш.
Кіріспе Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушылармен ортаға дөңгеленіп тұрамыз, қызыл түсті қолды бір-бірімізге тілек айта отырып беріп шығамыз. Оқушыларды топқа бөлу үшін үстел үстінен теріс қарап жатқан фигуралар арқылы бөлдім. Әр топтың басшысы, хатшысы және баяндамашысы бар. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау негізінде оқушыларды бағалау парағымен таныстырамын және бағалау парағын әр топтың басшысына беремін.
Бағалау парағы:
р/с Оқушының тегі-аты Миға шабуыл (сұрақ-жауап) Деңгейлік тапсырмалар Қосымша тапсырма Топпен жұмыс
Бекіту Қорытынды баға
1
2
2 мин
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Тұсаукесер:
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулін қолдану.
Миға шабуыл 6 мин
1. Кездейсоқ оқиғалар дегеніміз не?
2. Ақиқат оқиға дегеніміз не?
3. Мүмкін емес оқиға дегеніміз не?
4. Математикалық статистика қай мақсатта қолданылады?
5. Санды мәліметтер қандай мақсатпен реттеледі?
6. Математикалық статистиканы қандай жағдайда қолданған ыңғайлы?
Оқушылар алдымен өздері, одан жұпта, топта бір-бірін тексеру арқылы жауап береді.
Негізгі бөлім
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Деңгейлік тапсырмалар 20мин
А деңгейінің есебі
№308, №311
В деңгейінің есебі
№314, 317
С деңгейінің есебі
№322, №323
Сыныптағы дарынды және талантты балаларды оқытуды қолдану.
Қосымша тапсырма
А: Адамдар бір күнде қанша шай ішетіні туралы сұрау жүргізілді: Қанат -5; Айша – 4; Дулат -6; Жүсіп -8; Фарида -6; Самат-7; Шынар -6. Айжан бір күнде өзі ішетін шайдың кесе саны жоғарыда көрсетілген сандардың модасына тең екенін айтты. Ол күніне қанша шай ішеді?
В: Дүкенге бірнеше адамның сатып алған тауарларының саны тіркелген: 5;4;3;7;4;8;6;3;3;12;1;3. Сандарды өсу ретімен орналастырып, неше топқа бөлінетінін анықтаңдар. Модасы мен арифметикалық ортасын есептеңдер. Жауабы: 8 топ; мода -3, мединана – 4, арифметикалық орта – 5.
С: Жеке шаруашылық 9 егістік жерге бидай екті. Бір егістік жердің әр гектарына 21 центнерден өнім алынды. Басқа егістік жерлеріндегі егін өнімділігі: 24, 18, 28, 18, 24, 24, 21, 22, 19. Осы сандардың арифметикалық ортасын, медианасын, модасын табыңдар.
Оқушылар өз деңйгелерін таңдап есептер шығарады.
Дарынды оқушыға арналған қосымша тапсырма. Жоғары деңгейлі оқушылардың барлығы деңгей есептерін және қосымша тапсырманы да орындайды.
Сыни тұрғыдан ойлауды қолдану.
Топпен жұмыс 7 мин
Топтағы оқушылар аяқ киімінің өлшемінің арифметикалық ортасын, модасын, медианасын анықтаңдар. Аяқ киім дүкенінің басшысы осы өлшемдердің қайсысын жақсы білуі тиіс?
«Ойлан, бірік, бөліс»:
Ақиқат, мүмкін емес, мүмкін сөздерін қолданып, ықтималдыққа мысал келтіріңдер: Оқушылар топ болып жұмыс жасайды. Басшылар басқарып, хатшылар толтырып, баяндамашылар презентацияларын қорғайды.
Әр топ келесі топтың жұмысына талдау жасап, сын айтады.
«Сіз шын мәнінде мақтан тұтатын бір мысалды табыңыз да оны дөңгелетіп сызыңыз. Бұл неге ұнайтыны туралы көршіңізге және тобыңызға айтыңыз».
Қорытынды бөлім
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сыни 5 минуттық эссе жазу
Тақырыбы: Оқиға, ықтималдық Оқушылар 5-минуттық эссе жазады. Басшының шешімімен әр топтан бір эссе тыңдалады.
Бағалау 3 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Басшылардың бағаларын тыңдау Әр топ басшысы топ мүшелеріне қойған бағаларын айтады.
Үйге тапсырма 1 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
№328. Қосымша тапсырмалар
Рефлексия 1 мин
Оқушыларға смайликтер таратамын. Әр оқушы өзінің көңіл-күйіне байланысты смайликті жапсырып кетеді.
Сабақтың өзіндік талдауы:
Сабақты бастамас бұрын алдын-ала сыныптағы оқушыларды геометриялық фигураларды таңдау арқылы бөлдім. Осы кезде мен таңдаған жоғары деңгейлі оқушым Камалов Еркін және төмен деңгейлі Муратов Ерболат дөңгелек тобына кетсе, орташа деңгейлі Махмұт Әлім төртбұрыш тобына бөлінді.
Диалог негізінде оқыту және оқу белсенді жүзеге асатындықтан, сабақтарымды сыныпты топқа бөліп, психологиялық ахуал тудыру мақсатында интерактивті тақта арқылы көрсетілген видеороликтегі таңғы жаттығуды жасатып (Қосымша 1).
«Сен ғажайыпсың» тренингін өткіздім. (Қосымша 2) Алдымен, ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін, сабақты сергіту сәтінен бастағанда, оқушылардың көңіл-күйлерінің көтерілгенін байқадым. Одан соң «Сен ғажайыпсың» атты тренинг өткізгенде оқушылар өздерінің сыныптастарының жақсы қасиеттерін айту арқылы ашыла түсті. Мысалға, төмен деңгейдегі Муратов Ерболатты, сыныптасы: «сен ғажайыпсың, себебі қай кезде адамды күлдіртуді білесің» десе, ал Еркінді «сен сыныпта әрқашан алғашқылардың бірісің» деп айтулары арқылы бірін – бірі қуантып тастады. Осындай көңіл – күйден кейін сабақты бастадық. Және сабақта оқылатын тақырыптан нені білу керектігін, қандай нәтиже күтілетінін оқушылар маршруттық карта арқылы анықтап алды.
Маршруттық картаның тиімді жақтары көп екен, өйткені, математика пәніне қабілетті бар оқушылар өзбетімен, әзірше оқуда кедергісі бар оқушылар көршісімен немесе деңгейлік есептер шығару арқылы сабақта жұмыстана білді. Келесі кезеңде оқушылар үй жұмысын сағат тілімен бағыттас, бағалау парағына өзара бағалап өтті. (Қосымша 3)
Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін сұрақтардың екі түрі - төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар қолданылады. Төмен дәрежелі сұрақтар жаттап алуға бағытталса, ал жоғары дәрежелі сұрақтар қою арқылы ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға бағытталуы тиіс. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 41б.).
Сұрақ қоюдың техникасын басшылыққа ала отырып, мен сабақта сұрақтың екі түрінде қолдандым. Мысалға алдымен мәртебесі төмен сұрақтардан бастадым.
-Арифметикалық орта дегеніміз не? Оны қалай табамыз?
-Мода дегеніміз не?
-Медиана дегеніміз не? Ол қалай табылады?
-Өзгеріс ауқымы дегеніміз не? Оны қалай табамыз? Осы сұрақтарға жауап беру кезеніңде, барлық топ қиналмастан жауап берді. Ал мәртебесі жоғары сұраққа қиналғандар көп болды. Сұрақ қойылғаннан кейінгі кідіріспен қатар зерттеуде мұғалім оқушының жауабын алғаннан кейін де кідіріс жасау қажет екенін атап көрсеткен Харгривс және Гэлтон (2002) жалпы алғанда мұғалім сұрақ қойғаннан кейін оны қайталап, немесе сол сұрақты өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын шамамен 2 секунттай кідіретіндігін анықтаған. (Мұғалімге арналған нұсқаулық,42б.)
Ойлауға берілетін уақыттың ұлғаюы оқушыларға өз жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға мүмкіндік береді. Оқушы дұрыс жауап бермеген жағдайда мен ойлануға уақыт беріп отырдым. Сол кезде оқушының ойлау қабілеті артады, өзінің қателігін түзетуге мүміндік алады. Қатесін өзі түзей отырып, өзіне деген сенімділік артады.
Мәселен, жоғары деңгейлі Тынымова Фаруза «Статистика қай мақсатта қолданылады?» деген сұраққа ол «статистика халық санағын есептеу үшін, мысалға алатын болсам: бізге жазда, қыста үйге санақ жүргізіп жүреді. Осы арқылы олар мектепке дейінгі, мектеп оқушысын, яғни 18 жасқа және олардың ата-аналары туралы мәліметті біліп отырады. Бұл тек біздің мектепте емес, барлық жерде есептеліп, мәліметтерді топтау арқылы талдайды» деді. Ал, орташа деңгейдегі Махмұт Әлім «күнделікті жарнама роликтерінен бізге зиянды заттарды қолдану арқылы, өкінішке әкеліп соқтыратыны туралы статистика жүргізеді» деп өмірмен байланысты тамаша ойларымен бөлісті. (Қосымша 4)
Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану оқытудың әртүрлі формаларын қолдана отырып, оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге, өз ойларын анық жеткізуге, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді, ізденіске баулып, естіп, көріп, білгенін түйіндеп, пайдалана білуге үйретуді көздейді. Әр уақытта сабақта оқушылардың сыни ойлауын дамыту мен сындарлы көзқарасын қалыптастыруды басшылыққа алуды болашаққа жоспарлап отырмын.
Білімді дайын күйінде, яғни «мынаны былай жасау керек» деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру қажетпіз. Осы тұрғыда оқушылардың арасынан дарынды оқушылар анықтала бастайды. Дарынды оқушы топтық жұмыста белсенділік танытып, қасындағы көршісіне есеп шығаруда бағыт беріп, кей жағдайда «үнсіз оқушылардың» ашылуына да көп көмегін тигізеді. Оқушылардың құрдастар тобындағы өзара қарым – қатынас оқуда маңызды рөл атқаратыны белгілі. (Мерсер, 2005. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 29б.)
«Ойланыңыз, бөлісіңіз, талқылаңыз» кезеніңде алдымен оқушылар өздері, одан үштікте, кейін топта ақиқат, мүмкін, мүмкін емес оқиғаларына үш мысалдан келтірді. Одан кейін олар өз таңдауларын оқушылардың басқа жұбына түсіндіре отырып, қандай әдістің барынша тиімді болатынын анықтады. Осы жұмыс барысында оқушылар өздері қолданатын әдісті дұрыс тұжырымдаулары керек. Бұдан басқа, олар басқалар пайдаланатын әдістердің түсіндірілуін тыңдауы тиіс. Бұл оларға әртүрлі әдістер бойынша өз түсінігін жасауға мүмкіндік берді. (ІІ бетпе-бет кезеңі, 6 ресурс парағы)
Мысалға, дөңгелек тобындағы төмен деңгейлі Муратов Ерболат өз тобында ақиқат оқиғаға, жоғары деңгейлі Камалов Еркін мүмкін оқиғаға мысал келтіруге талпынса, орташа деңгейлі Абдрахманов Асылбек мүмкін емес оқиғаға мысалдар ойластыруды өзара бөліп алғанын байқадым:
Ерболат: - су 100 ° қайнайды, ол ақиқат десе,
Еркін: - ертен жаңбыр жауады, мүмкін,
Асылбек: 5 + 4 = 10 мүмкін емес.
Одан кейін оқушылар өз ойларымен топтағы ең үздік үш мысалдарды қорғады.
Үшінші тапсырма бойынша, статистикалық сипаттамалар түрлеріне топтар постер қорғайтын болды. Осы кезеңде жоғары деңгейдегі оқушым Камалов Еркін белсенділік танытып, әрбір статистикалық сипаттамалар түрін тобындағы барлық оқушыларға таратып берген болатын (Қосымша 5). Және де олар бір-бірінің пікірін тыңдап, ой алмасып бірлесіп жұмыс жасауға тырысты. Осы топтағы Ерболат мен Диана ауызша жауап беруге анықтамалармен жұмыстанса, Еркін мен Дархан есептеулерін жүргізді. Есептеу барысында бірінің білмегенін бірі түзеп отырған болатын. Топ арасынан Талғат берілген тапсырмаларды флипчартқа әдемілеп түсірді. Бұл топта барлық оқушылар сынып алдында сөйлеп ойымен бөлісті. (Қосымша 6) Мысалға, осы топтағы төмен деңгейдегі Муратов Ерболат «моданы табу үшін ең жиілігі көп санды аламыз. Оған өмірден мысал келтірсем, адамның үстіндегі белгілі бір мезгілдегі киімдері немесе бәрінде бірдей маркалы ұялы телефондарды жатқызамын» деп ойымен бөлісті. Ал Куликеш Мерген «өзгеріс ауқымын табу үшін ең үлкен мәннен кіші мәнді азайту арқылы және де біз топтың шешімімен ауа райының градустарын мысалға алдық» деді.
Әрбір топ үйден интернет арқылы көп ізденгені көрініп тұрды. Олар статистикалық сипаттамалар туралы өз ойларын ұсына отырып, топта талдап, сыныпқа жауаптарын дәйектеуге тырысты. Бар білгендерін топпен бөлісудің орнына, өздерінің білгендерін айтуға шыдай алмай тез ауызша айтып тастағандары да болды. Осы кезде мен оларға топтық ережені естеріне салып отырдым.
Жалпы сабақ бойы әрбір топ өз ойларын ортаға салып жатты және әр топ әр түрлі жұмыстанды. Бір-бірімен келіспеген кездері де болды, яғни өз ойларын ортаға сала отырып, өздерінің бойында сенімділік ұялап, өздеріне деген жауапкершілікті сезініп жатты. Келесі топта отырған орташа деңгейлі Махмұт Әлім үйден интернет арқылы көп ізденген. Ол тобының атынан арифметикалық ортаны қорғады.
Бұл сабақта АКТ-ні қолданудың тиімділігі тек қана оқу материалымен шектелмей, интернет көздері арқылы қосымша мәліметтермен танысуы, уақытты үнемдеу және АКТ-нің мүмкіндігіне оқушылардың көз жеткізуі болып табылады. Оқушылар «matematik.kz» және «уикипедия» сайттарынан материалдарды алып қарастырды. Оқытуда АКТ-ны пайдалану арқылы сабақты тиімді өткізуге болады. АКТ туралы білім ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану және интернет желісінде бірлескен жұмысқа пайдалануға тиімді. Тек кездескен кедергім барлық оқушының үйінде интернет жоқ және кейбірі интернетке кіруге әлі дағдыланбағаны.
Негізгі бөлімде оқулықтағы 119-бетті оқушылардың барлығы өзбетімен оқып, топта талдай отырып, жаңа материалды меңгерді. Жаңа материалды меңгергенін байқау үшін, оқушыларға интерактивті тақтаның мүмкіншілігімен анықтаманы жалғастыру тапсырмасын бердім. Әр оқушы өзіне берілген тақырыпты игеруге арналған тапсырмаға ұқсас тапсырмаларын орындады. Жұпта талдады, дұрыс не бұрыс екендігін айтты.
Сыныптың барлығы анықтамаларды талдап, өзгелердің жауаптары арқылы ойларын жетілдере отырып, толықтырып, тақырыпты меңгерді. Осы кезеңде оқушылардың әрбір ойын ынталандыру мақсатында мадақтап отырдым.
Мерсер «Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын сипаттағандай, диалогтық әдіс пікір алмасу барысында, диалог құру арқылы жүзеге асады» деген болатын.
- «Арифметикалық ортаға өмірде қандай мысал келтіресің?», - деп топтар бір-біріне сұрақтар қойған кезде, орташа деңгейдегі Махмұт Әлім «Мен сынып журналын келтірер едім, себебі, менің анам мұғалім, ол оқушыларға баға шығарғанда барлық бағаны қосып, бағанының санына бөледі, демек арифметикалық ортаны қолданады», - деп жауап берді.
Жаңа материалды меңгергенін пысықтау үшін мысал есептерді интерактивті тақтадан қарап шығарды. Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмаларды бірінші жеке, одан кейін топта сағат тілі арқылы тексеріп отырды Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Дарынды балаларды оқытуда Л.С.Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймын. Кез- келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін алдымен бастапқы негізді біліп алған жөн. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның математикалық есептеулерді жүргізу қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісін бағамдау қажет. Выготский бойынша «ЖАДА» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 72б.).
1-деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар үлгі бойынша формуланы «қолдану» арқылы орындады, яғни жаңа сабақ бойынша берілген тапсырмалармен жұмыс жүргізді.
2-деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түсті. Оқушылар өз бетімен жұмыстанды.
3- деңгей тапсырмаларына талдау, жинақтау, қорытуы бар арнайы математикалық диктант берілді. Бұл тапсырмаларды дарынды, ізденімпаз, математика пәнінен қабілеті жоғары оқушыларға арналды.
Жоғары деңгейлі оқушыларымның барлығы, оның ішінде Камалов Еркінде үшінші деңгейлі тапсырмаларды орындап үлгерді және топпенде бөлісіп отырып, түсіндірді. Үшінші деңгейлі есептерін шығаратын оқушылардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары, олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң әр топбасшы параққа оқушылардың балдарын қойып есептеп отырды. Қорытындысын бағалау парағына түсірді. (Қосымша 7)
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау – білім сапасының нәтижесі, яғни көрсеткіші. Мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды. Және осы бөлімде оқушының ойлау қабілетін арттыру мақсатында логикалық есептер бердім. Оны оқушылардың ойлау қабілеттілігінің шапшаңдығын шыңдай түсетіндіктен қолдандым. Логикалық тапсырмаларды интерактивті тақтадан көрсету арқылы орындады, кейін жасырынған жауапты өз жауабымен салыстырды. (Қосымша 8)
Кері байланыс жасау – оқушының оқуын жақсарту үшін қажет нәрсе. Сондықтан әр сабағымда өтілген сабақ бойынша оқушылардың не үйренгенін, оған қалай қол жеткізгенін, нені дамыту қажет екендігін, қандай сұрағы бар екенін жазуын дағдыға айналдыруға тырыстым.
Қорытынды бөлімде кері байланыс орнату мақсатында «БББ» кестесін толтыруға бердім. (Қосымша 9) Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісе отырып, смайликтер арқылы сабақтан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін білдірді.
Топтарға «БІРГЕ ОЙЛАЙМЫЗ, СӨЙЛЕЙМІЗ. ЕСЕПТЕЙМІЗ» ресурсын бердім, оған оқушылар «+»,
«-» таңбаларын салып отырды. Бұл бағалауды қолданғандағы менің ең негізгі мақсатым – өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып, оны түзетуге бағыттау. Сабақ барысында оқушылардың айтқан пікірі мен үшін құнды.
Сабақ мақсатына жетті, себебі оқушылардың бұл тақырыпты меңгергендіктері көрініп тұрды. Сабаққа сыныптағы 20 оқушы түгел қатыса отырып, өздерінің білігі мен білімдерін өз түсінік дәрежесінде көрсете алды деп есептеймін. Нәтижесінде жеті оқушы «5», он бір оқушы «4», екі оқушы «3» деген бағаға ие болды.
Сабақты бағалау: Барлық алып келген әдіс-тәсілдерім іске асты, және де болашақта осындай тәсілдерді қолданамын. Себебі, математика сабағында да оқушылар тақырыпты өзара түсіндіру арқылы өздері түсініп аша білетіндеріне, бір-бірін бағалай білетіндеріне, жауапкершілікті сезінетіндеріне көзім жетті.Осы сабағымда оқушылар бір-біріне сұрақ қоя және оған нақты жауап ала білді. Сонымен қатар оқушылар топпен жұмыстана және өз ойларын еркін айта, нақты дәлелдемелер таба алды. Оқушылар жұпта, үштікте, топта жұмыс жасай білді. Оқушылардың әрқайсысы диалогқа түсті, өз идеяларымен, шешімдерін ұсынды, ауызша, жазбаша дәлелдеді, дұрыс пікірді құптап келісімге келді. Оқушылар өзара әрекетпен нәтижеге жету мақсатында пікір алмасып өздерінің күш жігерін жұмсады. Бағалау парақтары берілгенде, оқушылар өзін-өзі, үштікте, топта өзара бағалады. Сабаққа барлық оқушы белсенді қатысып, рефлексия парағын толтыруда тамаша ойларымен бөлісті.
Сабақ бойынша өзгертулер:
1. Топтық жұмысты орындау кезеңдерінде тапсырманың мөлшерін шектеуді, оған сәйкес уақытты үнемдеуді;
2. Бағалау критериясын әрбір оқушыға беріп қою арқылы өзін-өзі бағалауды;
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.