.
.
Сызықтық функция Сызықтық функция
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2730 | Размер: | Автор: araiМақсаты: Білімділік. Сызықтық функция туралы түсініктеме беру және оның графигін жасауды үйрету,есептер шығаруды меңгерту
Дамытушылық. Оқушылардың «Математика» еліне ойша саяхат жасау арқылы,ақыл-ойын,ой-өрісін,шығармашылық қабілеттерін,сондай-ақ тіл байлығын және сөздік қорын дамыту.Танымдылыққа,ізденімпаздыққа баулу.Оқушылардың дәптерге көркем,таза жазуларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық,дұрыс жеткізе білуге,тапқырлыққа,жылдамдыққа ептілікке тәрбиелеу.Достық қарым-қатынас, ұжымдық,іс-әрекет тәрбиесін беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді дамыту
Сабақтың әдіс-тәсілдері:Көрсету,түсіндіру,түсіндірмесін есептеу, сұрақ-жауап,ойын,көрнекілік.
y = kx + l (мұндағы x - тәуелсіз айнымалы, k мен l – нақты сандар) түріндегі формуламен берілетін фуннкцияны сызықтық функция деп атайды.
у = kx + l функциясының анықталу аймағы барлық нақты сандар жиыны.
Егер у = kx + l сызықтық функциясындағы l = 0 болса, онда у = kx түрінде жазылады. у = kx функциясы тура пропорционалдық деп аталады.
Егер у = kx + l формуласындағы k = 0 болса, у = 0x+l, онда у = l; у = l функциясы тұрақты функция деп аталады. у = l тұрақты функциясы сызықтық функцияның дербес жағдайы.
№1058
y=5x функциясы берілген:
1) х-тің 2ге,-3 ке,0-ге, -ге тең мәніне сәйкес у-тің мәнін;
2) у-тің 0-ге,10-ға,-20-ға,12-ге тең мәніне сәйкес х-тің мәнін табыңдар
№1059
Сызықтық функция у=3х+2 формуласымен берілген:
1) х-тің -1-ге,4-ке,0-ге,- -ге тең мәніне сәйкес у-тің мәнін;
2) у=тің 5-ке,-1-ге,2-ге тең мәніне сәйкес х-тің мәнін табыңдар
№1060
Сызықтық функция у=2,3х+4 формуласымен берілген,кестені толтырыңдар:
Х -2 -1 3 10
у 4 6,3 8,6
Сызықтық функцияның графигі
У = 1,5x - 2 сызықтық функциясының графигін сызайық.
Ол үшін x пен y-тің сәйкес мәндерінің кестесін құрастыру керек.
х -3 -2 -1 0 1 2 3
у -6,5 -5 -3,5 -2 -0,5 1 2,5
Координаталық жазықтықта координаталары кестеде көрсетілген нүктелерді белгілейік.
Белгіленген нүктелерді қоссақ, түзу сызылады. Осы түзу у = 1,5x - 2 сызықтық функциясының графигі болады. y = kx + l функциясының графигі түзу сызық.
Жазықтықтағы екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізілетіндіктен, түзуді жүргізу үшін, оның екі нүктесінің координаталарын білу жеткілікті.
Y = kx + l сызықтық функциясының графигі болатын тузу ординаталар (Оу) осін (0;l) нүктесінде, ал абциссалар (Ох) осін ( ;0) нүктесінде қияды.
Сызықтық функцияның дербес жағдайлардағы графигі
l=0 және k 0 болғанда у=kx тура пропорционалдығының графигін қарастырайық.
у=kx функциясының формуласынндағы х=0 болғанда у=0. Сондықтан оның графигі координаталар басы арқылы өтеді.
у=kx (мұндағы k 0) функциясының графигі координаталар басы арқылы өтетін түзу.
у=kx тура пропорционалдығының графигін салу үшін ізделінді нүктелердің бірі ретінде О(0;0) нүктесін алу керек.
Ізделінді екінші нүктенің координаталарын табу үшін x-тің нөлден өзгеше қандай да бір (мүмкін) мәнін қойып, оған сәйкес у-тін мәнін табу керек.
Мысалы, у=2х функциясы үшін, х=2 болғанда у=4. А(2;4) нүктесін алу керек. Табылған О(0;0) және А(2;4) нүктелері арқылы жүргізілген түзу у=2х функциясының графигі.
у=kx функциясы графигінің координаталық жазықтықтағы орналасуы к коэфицентіне тәуелді. у=kx функциясында, егер х=1 болса у=k.
у=kx функциясының графигі –О(0;0) және (1;к) нүктелері арқылы өтетін түзу.
Егер к 0 болса, у=kx функциясының графигі I және IIIкоординаталық ширектерде, ал k 0 болса, II және IV координаталық ширектерде орналасады.
у=kx функциясының графигі мен у=kx+l функциясының графигі k-ның бірдей мәнінде өзара параллель түзулер. х-тің кез келген мәні үшін у = kx+ l функциясының мәні у=kx функциясының мәнінен l-ге артық.
у = kx+l функциясындағы к=0 болса, функция у=l формуласы-мен жазылады. у=l формуласының графигі абциссалар осіне параллель, абциссасы 0; ординаталары l болатын түзу.
№1083
Мына формуламен берілген функцияның графигін салыңдар
1)у=х+1 3)у=-3х+2 5)у=5х-2
2)у=2х+5 4)у=6х-1 6)у=х-3
№1084
у=3х-4 сызықтық функцияның графигін салыңдар.Графиктің көмегімен мынаны анықтаңдар:
1) х=2,-2,3 мәніне у-тің қандай мәні сәйкес келеді?
2) у=-1,2,5 мәндері х-тің қандай мәндеріне сәйкес?
Оқушыларды бағалау
Үй тапсырма №1085
Ататүрік атындағы № 17 мектеп – гимназиясы
Тақырыбы:
Математика пән мұғалімі: Атаева Н
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.