Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы. -

Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы.

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 343 | Просмотров: 3524 | Размер: 60.5 Kb | Автор: arai
. Сабақтың тақырыбы: Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы.
Сабақтың мақсаты: білімділік:Екі сызықтық функция графиктерінің қиылысу және параллель болу шарттарын қорыту; сызықтық функция және тура пропорционалдықтың графиктерін тұрғыза білу;
дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, өз бетінше жұмысты ұйымдастыра отырып салыстыру, заңдылықты табу, жалпылау, зерттеу қабілеттерін дамыту
тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілікке, сабақты ынта қойып тыңдауға, еңбекке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, зерттеу, есептер шығару
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Сұрақ-жауап
ІІІ. Қатемен жұмыс
IV. Жаңа сабақ
1. Сызықтық функциялардың графиктерін зерттеу
2. Қорытынды шығару
V. Бекіту
VI. Оқулықпен жұмыс
VII. Үйге тапсырма
VIII. Қорытындылау, бағалау

Экспресс-сауал:
• Қандай функция сызықтық деп аталады? (y=kx+l түріндегі түріндегі функцияны сызықтық функция деп атайды)
• Сызықтық функцияның графигі қандай болады? (Сызықтық функцияның графигі түзу сызық болады)
• Тура пропорционалдық қандай формуламен беріледі? (y=kx түріндегі функция тура пропорционалдық )
• Түзу мен Ох осьінің оң бағыты арасындағы бұрыш неге байланысты өзгереді? (Егер k>0, онда сүйір бұрыш; егер k<0,онда доғал бұрыш.)
• х=а және у=b теңдеуінің графигі қандай болады? ( х=а – ОУ осіне параллель түзу;
у=b – ОХ осіне параллель түзу.)

Қатені тап:
Оқушы функциялардың бірінің графигін салғанда қате жіберді. Қай суретте қате бар?


Сызықтық функциялардың графиктерін зерттеу

Графиктерді бір координаталық жүйеде салып, сұрақтарға жауап бере отырып, қорытынды шығарып көр:
• Барлық түзулер қалай орналасқан?
• Барлық формулаларда ортақ не бар?
• Әр функцияның бұрыштық коэффициентінің мәні қандай?
Тексеріп көрелік!

Дұрыс жауапты табыңдар:

Зерттеуге тағы да сауал!
• Алдыңғы суреттен өзара перпендикуляр екі түзуді табыңдар!
Бұл у= 0,5х+3 және у= - 2х түзулері
Ал міне тағы бірнеше мысалдар

Перпендикуляр түзулердің теңдеулеріне мұқият қарап, сұрақтарға жауап беріп көріңдер:
Қандай жағдайдар екі түзу өзара перпендикуляр болады?
у= 0,5х+3 және у= - 2х
у= - 5х+3 және у= 0,2х+1
у=3х – 1 және у=- 1/3 х+3

Міне бірінші көмек:
Бұрыштық коэффициентке көңіл бөліңіз:
0,5 және - 2 - 5 және 0,2 3 және – 1/3
Екінші көмек:
Бұрыштық коэффициенттерді көбейтіңіз:
0,5 *(-2)= -1 - 5*0,2= -1 3* (-1/3)= -1
Сонымен, екі түзу қай кезде перпендикуляр?
Қорытынды : екі түзу перпендикуляр болады, егер олардың бұрыштық коэффициенттерінің көбейтіндісі -1-ге тең болса
Ендеше барлық зерттеулеріміздің нәтижелерін қорытындылап, нақтылайық …
• k бұрыштық коэффициенті неге «жауап береді»?
• Түзудің орналасуына l саны қалай «әсер етеді»?

к саны
сызықтық функция : шарты : қорытынды :
у= k1x +l1

y= k2x + l2 k1=k2 Түзулер параллель.
k1= k2 Түзулер қиылысады.
k1 * k2= - 1 Түзулер перпендикуляр
l саны
Өздік жұмыс
• y=k1x+l1 және y=k2x+l2 екі сызықтық функциялары берілген. Мына шарттар орындалатындай k1, k2 , l1 , l2 сандарын таңдап алыңдар:
- параллель болатын;
- қиылысатын;
- тік бұрыш жасап қиылысатын;
- беттесетін.
Сәйкес формулаларын жазып, салыңдар

Оқулықпен жұмыс
№1388(ауызша), №1391, №1396, 1400
Үйге тапсырма: №1389(ж),1390,1392, №1397
Қорытындылау, бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.