.
.
«Тапқыр болсаң талас жоқ» «Тапқыр болсаң талас жоқ»
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2266 | Размер: | Автор: гость1.Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 7 «а,ә» сыныптар сыныптар аралығында «Тапқыр болсаң- талас жоқ» атты математикалық кешімізге қош келдіңіздер!
2- жүргізуші:
Математика ғылымдар патшасы деп
Мойындаған барғалым жер шарында
Сол қағида тағы да дәлелденбек
Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында
Математика төрт амал негізінде
Туындатқан талай заң келбетінде
Жұмбақ әлем болғанмен, ей замандас,
Меңгерілер еңбек, талап шеңберінде.
1-жүргізуші:
Мұнда қызық табылар,
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар
Айтыс тартыс тағы бар
Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ
О-ой бір қызық кеш болар
Өздеріңнен бес болар.
2-жүргізуші:
Құрметті оқушылар. Енді 2 сыныптың барлық оқушыларына сұрақтар беріледі. Барлығы 10 сұрақ. Сұраққа жауап берген оқушыларды одан әрі білімін шыңдауға шақырамыз.
1.Фигураларды зерттейтін ғылымды не дейміз? (геометрия)
2.Негізгі геометиялық фигураларды ата.(нүкте, кесінді, үшбұрыш, шеңбер)
3.Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы нешеге тең? (11 см)
4.Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 8 см, периемтрін тап(24 см)
5.Планиметрия- геометрияның қандай бөлімі(жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі)
6.Глобус қандай фигураны елестетеді?(шар)
7.Бұрышты өлшейтін құрал(транспортир)
8.Аксиома дегеніміз не?(дәлелдейтін сөйлем)
9.50-ді ½-ге бөліп, 3-ті қоссаңдар нешеге тең?(103)
10.Екі қабырғасы тең болатын үшбұрышты қандай үшбұрыш дейміз?(теңбүйірлі)
1-жүргізуші:
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шерді шашайық.
Енді оқушылар сіздерге жұмбақ жасырамыз, жұмбақтың жауабын тапқан оқушы әрі қарай жарысқа қатысады. Ешқандай жауап бере алмаған оқушы орнына жайғасады.
1-жұмбақ
Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан- жағыңа қарамай(натурал сан)
2-жұмбақ
Екі бұрыш ежелден
Көрші болған ең тату
Бірін- бірі толықтырған
Жазыңқыға бар қаңқу(координаталық жазықтық)
3-жұмбақ
Түзудің бір бөлігі
Екі шеткі нүкте көрігі
Ұзындығы және бар
Айтшы сыйлық сенікі(кесінді)
4-жұмбақ
Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді
Көңілге армандаған қона бермейді
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін
Қандай сан бар, достарым пікір демейді.(бөлшек сан)
5-жұмбақ
Параллель түзулер қос-қостан
Оңды- солды жүріп өткен
Пайда болған фигура сонла
Бар ма іштеріңде көрген- білген(төртбұрыш)
6-жұмбақ
Санасаң сан жетпейтін нүктелерден
Құралған фигура бар қарапайым
Салу үшін оны сызғыш ізде
Бұл не өзі, бар ма, сірә дара пайым.(түзу)
7-жұмбақ
Үлкен, кіші сандарды сен
Ажыратқың келсе егер,
Қандай таңба қояр едің
Кәне, ойлан куәгер.(теңсіздік)
1-жүргізуші:
Ал енді оқушылар енлігі тапсырмаларыңыз сына құралдармен өздеріңіз білетін кез келген фигураны жасаңыз және жасап болған соң жұмыстарыңызды қорғайсыздар, яғни қандай фигура екенін, қандай қасиеттері бар екенін айтасыздар.
Оқушылар тапсырманы орындай береді, біз оқушылардың дайындаған «Алгебра» және «Геометрия» айтысын тамашалайық.
2-жүргізуші:
Есте ұстау қабілетің
Қандай сенің ағайын
Жаңылтпашты қайта айтшы
Қазір саған айтайын
Ал, енді оқушылар жаңылтпаш оқимыз, сіздер қайталап айтып бересіздер:
1-жаңылтпаш
Шеңбер, шеңбер доп емес,
Доп сияқты, доп емес
Доп деп, доп деп шеңберді
Ойлама шеңбер ол емес.
2- жаңылтпаш
Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш
Тең- тең бұрыш, тұстас бұрыш
Тұстас бұрыш, тұстас бұрыш
Сәйкес бұрыш, құрған бұрыш
Жазыңқы бұрыш, құрған бұрыш.
1-жүргізуші:
Олар жайлы төреші,
Көрермендер өздерің
Ақ- қарасын айырып,
Куә болды көздерің.
2-жүргізуші:
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет
Шын сезінген көрерменге
Мың рахмет,сың рахмет- дей отырып, кешке қатысқан барлықтарыңызға рахмет айтамыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.