Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Теңбүйірлі үшбұрыштың  қасиеттері. -

Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері.

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3969 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік: Теңбүйірлі үшбұрыш, тең қабырғалы үшбұрыш анықтамаларын, қасиеттерін білуге, есептер шығаруда сол қасиеттерді пайдалануға баулу, үйрету;
2) Дамытушылық: Жылдам ой қорыту, тапқырлық, тиянақтылық қасиеттерін дамыту, есте сақтау қабілетттерін дамыту,
3)Тәрбиелік:Эстетикалық бағытта, яғни үшбұрыш сызбаларын дұрыс орындауға үйрету;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау,«оқытудың үш өлшемді әдістемелік
жүйесі » технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, тақта, слайд, флипчарт, модельдер, сызғыш.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. «К і м ж ы л д а м?»
Өткен оқу материалын қайталау, тірек тапсырмалары :
1.Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары 3см, 4см, 6см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.
2.Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 20см. Бүйір қабырғасы 7см. Үшбұрыштың табанын тап.
3.Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 39см. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
4.Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 12см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.
5.Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 20см. Бүйір қабырғасы табанынан 2 есе ұзын. Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар.
ІІІ. «О й қ о з ғ а у»
1) «Үшбұрыштар еліне саяхат» ертегі түрінде баяндау.
Ертегі кейіпкерлері – үшбұрыштар.( слайдта көрсетілген)
2) Сұрақтар, тапсырмалар
• Қандай фигураны үшбұрыш деп атайды? Элементтерін ата.
• Қабырғаларының ұзындықтарына қарай үшбұрыштар қандай түрлерге бөлінеді?
• Бұрыштарының шамасына қарай үшбұрыштар қалай аталады?
• Cуретте АD кесіндісі қалай аталады?

• Суретте ВК кесіндісі қалай аталады?

• Суретте СН кесіндісі қалай аталады?



IV.Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
1)Екі қабырғасы өзара тең үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш деп аталады



2) Үшбұрыштың табаны мен бүйір қабырғаларын ата:

3) 1 – теорема. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең.

4) Кері теорема

5) 2 – теорема. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген медиана осы үшбұрыштың әрі биссектрисасы, әрі биіктігі болады

6) Барлық қабырғалары өзара тең үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш деп аталады.



V. «О й т о л ғ а у» Бекіту тапсырмалары:





VІ. «Біліміңді байқап көр»
Деңгейлік тапсырмалар орындау. ( Оқулықпен жұмыс)
1 – деңгей
№51.
Е,D нүктелері АВС тең бүйірлі үшбұрышының АВ табанында жатыр. АЕ= DB . ACE және DCB үшбұрыштарының өзара тең болатынын дәлелдеңдер.
2 – деңгей
№62.

АВС үшбұрышының тең бүйірлі екенін
дәлелдеңдер.

VІІ. Үйге тапсырма

п. 4.3. Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері. Кері теорема
№52 (І деңгей)
№58 (ІІ деңгей).
VІІІ. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.

Геометрия 7 – сынып.



Өткізген: Байназарова Кама.

Шетпе гимназиясы – 2013 ж.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.