.
.
Ахметжанова Райкамал Ибитаевна, Виет теоремасы .
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 590 | Просмотров: 2328 | Размер: 64.5 Kb | Автор: araiматематика пәнінің мұғалімі
Семей қаласы,№13 ЖОББМ
8-сынып. Алгебра
Сабақтың тақырыбы: Виет теоремасы
Мақсаты: Квадрат теңдеу коэффициенттері мен оның
түбірлерінің арасындағы байланысты сипаттайтын Виет
теоремасын, оған кері теореманы және а+в+с=0 жағдайын
қарастырып, оларды есептер шығаруға қолдана білу
бейімділіктерін қалыптастыру. Алған теориялық,
практикалық білімдерін тиянақтау.
Міндеттері: Формулаларды практика жүзінде қатесіз, тиімді пайдалана білу.
Ойлау қабілеттерін және білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру.
Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: СТО технологиясы бойынша жүргізілген бекіту сабағы
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайд, таратпа қағаздар, формулалар
Сабақтың барысы:
- Бүгін біз Виет теоремасын қолдану арқылы топтаса отырып есептер шығарамыз.
І . «Қызығушылықты ояту»
1-флипчарт: сөзжұмбақта берілген тапсырмаларды дұрыс орындаса, француз математигінің фамилиясы шығады.
к в а д р а т
д и с к р и м и н а н т
к о э ф ф и ц и е н т
т о л ы м с ы з
Сұрақтар:
1. ах² +вх+с =0, (а =0) теңдеуі қалай аталады? (квадрат)
2. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласындағы түбір астындағы өрнек? (дискриминант)
3. Квадрат теңдеудегі а және в. (коэффициент)
4. Квадрат теңдеудің дербес түрі? (толымсыз)
2-флипчарт: оқушы Франсуа Виет туралы мағлұмат береді.
ІІ. Ой-толғаныс
1.Өткен материалды еске түсіру.
Виет теоремасы және кері теоремасы қалай айтылады?
Берілген түбірлері бойынша квадрат теңдеу құрыңдар:
І топ
ІІ топ ІІІ топ
х1 2 1 6 0,2 4 -2,1
х2 3 -3 2 -0,4 3 2
х1 + х2
х1 * х2
Теңдеу
2. Мағынаны ажырату.
Деңгейлік тапсырмаларды топта орындайды. Тапсырмаларды бір-біріне түсіндіріп, әр топтан оқушылар есепті тақтаға шығарады.
Берілетін тапсырмалар:
І топ ІІ топ ІІІ топ
А Берілген түбірлері бойынша квадрат теңдеу құрыңдар:
2;7 -1; 4 -3; -4
В Теңдеудің бір түбірі 1-ге тең болса, онда екінші түбірді табыңдар:
х²-6х+5=0 х²-19х+18=0 х²+17х-18=0
С Түбірлері берілген теңдеудің түбірінен 2-ге артық болатын квадрат теңдеу құрыңдар:
6х²-5х+1=0 8х²+6х+1=0 4х²+9х+2=0
ІІІ. Сабақты бекіту. (Интерактивті тақтада дұрыс тұжырым болатындай бос орынды толтырады)
1) х²+рх+q=0 теңдеу ... квадрат теңдеу деп аталады?
2) Егер х1 және х2 х²+рх+q=0 теңдеуінің түбірі болса, х1 + х2 = ... ,
х1 * х2= ...
3) х²+рх+q=0 квадрат теңдеудегі р ... коэффициент, р ... деп аталады?
Үйге тапсырма: §8. №159
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.