Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қысқаша көбейту формулалары -

Қысқаша көбейту формулалары

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 282 | Просмотров: 1738 | Размер: 23.9 Kb | Автор: arai
. 19.12.2012. 7асынып алгебра
Пән мұғалімі : Мамыхова Гулмира Есентайқызы
Сабақтың тақырыбы :Қысқаша көбейту формулалары
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушылардың қысқаша көбейту формулаларын бүтін өрнектерді түрлендіруде ,көпмүшелерді көбейтуде және көбейткіштерге жіктеуде қолдана білу бейімділігін қалыптастыру
дамытушылық: математикалық тілдерін, ойлау қабілетін , теориялық білімді практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру ;
Тәрбиелік: шапшаңдыққа ,ізденімпаздыққа , тиянақтылыққа, ұжымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу;
Сабақтың міндеттері:
Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланудың тиімді тәсілдерін қарастыру;
Бұрынғы алынған білім-білік дағдыларды пайдалана отырып есептеу дағдысымен жұмыс;
Математикалық танымды кеңейту;
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: формулалар, слайд , әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар;
Сабақтың барысы: 1) ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа әзірлігі, сәлемдесу , түгендеу;
2) алғашқы ұғымдар мен түсініктерді тексеру кезеңі:
Сөйлемді аяқтаңыздар:
А) « екі өрнектің қосындысының квадраты...........»
ә) «екі өрнектің айырмасының квадраты...............»
б) «екі өрнектің айырмасы мен олардың қосындысының көбейтіндісі...........»
в) «екі өрнектің квадраттарының айырмасы -----------------»

ой толғаныс
а) « екі өрнектің қосындысының квадраты»
ә) «екі өрнектің айырмасының квадраты»
б) «екі өрнектің айырмасы мен олардың қосындысының көбейтіндісі»
в) «екі өрнектің квадраттарының айырмасы»
∆ ,∎-күрделі өрнектер
〖1) (∆ +∎)〗^2=∆^2+2∆ ∎+∎^2
〖 2) (∆- ∎) 〗^2=∆^2-2∆∎+〖 ∎〗^2
3) (∆ -∎)(∆+∎)=∆^2-∎^2
〖4) ∆ 〗^2-〖 ∎〗^2=(∆-∎)(∆+∎)
Ауызша жаттығулар
〖1) m〗^2-25=
2) 1-x^2=
〖3) (m+n)〗^2=
〖4) (x-3)〗^2=
〖5) (а+4)〗^2=
6) (х-4)(х+4)=
Оқушылардың алдына мақсат қою:
Бүгінгі сабақта осы формулаларды негізге ала отырып ,есептер шығарамыз.
Ойлаған жетер мұратқа
1-есеп Өрнектің мәнін тап:
〖1) а〗^2-2ав+в^2 ,мұндағы а=55 ,в=25
2) а^2+2ав+в^2 ,мұндағы а=24 ,в=16
3) а^2-в^2 ,мұндағы а=65,в=35

2-есеп Жұлдызшаның орнына тиісті өрнекті қойыңдар
〖1) (2а+*)〗^2=4а^2+*+25в^2
〖2) (*-4)〗^2=с^2-*+16
3) (*+*)^2=x^2+14х+49
3-есеп. Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып есептеңдер
〖57〗^2-〖43〗^2=
〖76〗^2-〖24〗^2=
〖25〗^2-〖24〗^2=
4-есеп. А) Кестені толтырыңдар:
Х 0 1 2 5 -4 -6
У 1 2 3 8 10 0
х^2+2ху+у^2
(х+у)^2

Қандай қорытындыға келеміз?
(х+у)^2=х^2+2ху+у^2 - теңдігінің ақиқаттығына көз жеткіземіз.

Ә) Кестені толтырыңдар:
Х 1 3 5 11 4 -7
У 0 1 2 7 10 5
х^2-2ху+у^2
(х-у)^2

Қандай қорытындыға келеміз?
(х-у)^2=х^2-2ху+у^2 - теңдігінің ақиқаттығына көз жеткіземіз

Оқулықпен жұмыс
№387 Бөлшектің мәнін есепте
А) 72/(〖13〗^2-〖11〗^2 ) б) (〖92〗^2-〖48〗^2)/(〖27〗^2-〖17〗^2 )
Ә) (〖79〗^2-〖65〗^2)/420 в) (〖63〗^2-〖27〗^2)/(〖83〗^2-〖79〗^2 )
Нені үйрендім?
Оқушылардың ойларын тұжырымдап, пікірін айтуы ,қорытындылауы.
Үйге тапсырма №374, №375, №378, №395
Сабақты қорытындылау, бағалау
Сонымен , бүгінгі сабақта, математикалық есептеулерде қысқаша көбейту формулаларын пайдаланудың тиімді екендігіне көз жеткізіп, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуде формулаларды кері тәртіпте қолдана білу қабілетімізді қалыптастырдық.

Назарларыңызға рахмет !!!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.