Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қысқаша көбейту  формулалары -

Қысқаша көбейту формулалары

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 251 | Просмотров: 1824 | Размер: 44.0 Kb | Автор: arai
. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Ораз Жандосов атындағы № 30 жалпы орта мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы :

Қысқаша көбейту
формулалары

Орындаған : Оңғарбаева Ф.О.

Шымкент 2012

Сабақтың тақырыбы: Қысқаша көбейту формалары (Тарауды қайталау)
Сабақтың мақсаты :
а) білімділік – осы тарау бойынша оқушылардың білім дәрежесін анықтап алған білімдерін одан әрі тиянақтау .
ә)Дамытушылық - алған білімдері бойынша ережелерді еркін айтуға үйрету. Дәптерге берілген тапсырмаларды жазбаша орындау.
б) Тәрбиелік –мәдениетке , адамгершілікке тәрбиелеу . Сауатты жазуға тәрбиелеу .
Сабақтың түрі :Дәстүрлі емес сабақ “Көкпар ” зерделілер жарысы атты жарыс сабақ.
Тәрбиелік мәні “Көкпар ” – зерделілер жарысы атты топтардың жарысы арқылы өз халқымыздың ұлттық дәстүрін сақтауға , шапшаңдыққа , батылдыққа , жинақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі : Дискке жазылған күй (Сарыарқа ) .
Таблицалар , перфокарталар , карточкалар , магнитті тақталар . Кеудеге тағатын белгілер .
Үй тапсырмасын пысықтап алғаннан кейін , тарау бойшынша қайталау сабағын “Көкпар ” зерделілер жарысы атты ойын түрінде сынып оқушыларын үш топқа бөлу арқылы жүргіздім .
Ойын қазақтың ұлттық “Көкпарға ойыны негізделіп құрылды.
Әр топтың аты: Құлагер , Тайбұрыл , Елік жирен. Әр топта бір бапкер, үш-үштен шабандоз, үш-үштен жанкүйер бір емші – оташы , бір сарапшы болады. Әр топтың бапкерлері өз топтарының алдында жеке отырады, олардың алдында өз топтарының аттары жазулы тұрады. Әр топтың емші-отаршылары, сарапшылары да жеке-жеке отырады.
Шабандоздар мен жанкүйерлері өз бапкерлерінен кейін отырады.
Емші отаршылар отырған үстелге, сарапшылар отырған үстелге
“сарапшылар” деп жазылуы тұрады. Осы ойын сабаққа қатысушылардың кеуделерінде өзінің осы сабақта атқаратын міндеттеріне байланысты белгілері болады, яғни бапкер, шабандоз, емші-оташы, жанкүйер, сарапшы деп жазылған және көкпардың суреті бар белгі.
1) Бапкерлер жарысы.
Үш топтың бапкерлері тақтаға шығарылып есептер беріледі.
Қай топтың бапкері есепті дұрыс, тез шығарса, сол топтың аттары жақсы бапталған деп есептеліп, жоғары ұпай қойылады ( Ең жоғары ұпай -5) беріледі. Мен осы топтардың біреуінің есебін көрсете кетейін.

1. Көпмүше түрінде жаз
а) (у-3 )2=
б) ( х2-11)(х2+11)=
2. Көбейткіштерге жікте
27х3 +1
3. Есептеп шығар: 100*95

Бапкерлер жарысынан кейін шабандоздар жарысы , яғни шабандоздардың қалай шыныққанын байқаймын. Үш топта үштен 9 шабандоз бар, мен осы топтан бірден үш шабандозды тақтаға шығардым да алтауына перфокартамен тапсырма бердім.
Есепті тез , дұрыс шығарған шабандоздарға жоғары ұпай беріліп, өте жақсы шыныққан деп есептеледі.
1. Көпмүше түрінде жаз
5у( у-3)(у+3)
2. Теңдеуді шешіңдер
(х-7)+3=(х+2)(х-2)
3. Өрнектің мәні
41+19 60қа бөлінетіндігін дәлелде.
6. Шабандоздардың шыныққанын байқаған соң аты мықты, шыныққан шабандоздарға көкпар додасы басталады. Бұл дода болған соң оған шабандоздар мен қоса жанкүйерлер де, бапкерлер де, қатыса алады. Бұл жарыста ауызша есептер “Кім жылдам?”, “Ойлан тап!” , Ең мықты өзіне-өзі сенген шабандоздар тақтаға мынадай есептер шығарады, үш топтан бір шабандоздар, қалған оқушылармен ауызша есептермен жұмыс жасаймын.
1. Тепе-теңдікті дәлелде.
( a+b)(a-b)2ab(b-a) -6ab(a-b) =(a-b)
2. Теңдеуді шешіңдер
х-2х –х+2=0
3. Көбейткіштерге жікте.
a+b+2(a+b)
4. Әр топқа тілектес болып өз тобының жанкүйерлері отырады, олар өз тобының ұпай санына ұпай қосып, оларда үлгерімі нашарлау оқушылардан ережелерді сұраймын, бұл кезде шабандоздар дем ала тұрады.
5. Жанкүйерлермен жарыстан кейін емші-оташыларға кезек беріледі.
Әр топта бірден 3 емші-оташы бар.
Атпен жарыс болғандықтан әр түрлі оқыс жағдайлар болуы мүмкін. Аттан жығылып мертігу: сіңір созылуы , сүйек сынуы, аяқ-қол тартылуы сол кезде емші-оташылар көмекке келеді.
Біздің сабақ жағдайында емші-оташылар есеп шығара алмағандарға немесе қате шығарса соларға дер кезінде көмекке келе алады. Мен емші-оташыларға сыныптағы өте жақсы оқушыларды таңдап алдым, олар өздері ғана есеп шығармайды әр жарыс сайын есепке де , ауызша есептерді де, ережелерді айтқанда да егерде қате болып бара жатса менің рұқсатымсыз қателерін түзей береді.
Бұл оқушылардың өз білімдеріне сеніммен қарауына, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа да қалыптастыра отырып мұғалімге де көп көмек көрсетеді. Осы емші-оташылардың бір тобына берілген есепті көрсете кетейін. Үш оқушы да есепті тақтаға шығарады.
1. Бөлшектердің мәнін табыңдар. 38-17/72-16
2. Көпмүше түрін жазыңдар.
(a(a+2b)+b)(a(a-2b)+b)((a-b)+4ab)
6. Емші- оташылардан кейін сарапшылардың алдында 0-30-ға дейін ұпайлар жазылған карточкалар жатады, олар әр жарыс сайын есепті шығару дәрежесіне қарай ұпай береді. Менің келісімім арқылы, ол берілген ұпайларын әр топтың аты жазылған қалташаларда тұрады, соған есептеп салып отырады. Әр топтың өзінің неше ұпай алғанын біліп отырады. Сарапшыларды мен жақсы оқитын оқушылардан белгілеп алдым. Сарапшыларда өз тобының ұпай санын толықтыруға жарысқа шығады.
1. Есептеп шығар :108*92=
2. Көбейтінді түрінде жаз: 27а-х(а-b)
Сарапшылар сайысынан кейін әр топтың ұпай санына қарай орындары белгіленеді де , жеңген топ көкпарды алып кеттті деп есептеледі. Содан кейін баға қойылады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.