Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жай бөлшектер тарауын қайталау. -

Жай бөлшектер тарауын қайталау.

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1797 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жай бөлшектер тарауы бойынша алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру, математикалқ тілде өз ойларын нақты және дәл жеткізе білуге, салыстыра білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушылар ұйымшыл болуға,жауапкершілікке, тиянақтылыққа,зейінділікке, өз Отанын сүюге және тарихын білуге үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, саяхат-сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, түрлі суреттер, түрлі тапсырмалар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеп, сабақтың өту барысымен таныстыру, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
№592(1)
№593(2)
№ 596(1,4,6)
ІІІ.Тәуелсіз еліміздің шежіресіне саяхат.Тапсырмалар интерактивті тақтада орындалады. Тақтаға шыққан оқушы қай жылды таңдайды, сол жыл бойынша тапсырма шығады.
ТАПСЫРМАЛАР
1989 жыл
Ережелерге тез жауап беру:
1. Қандай цифрларды жұп және тақ деп атайды?
2. Қандай сандар 2-ге бөлінеді?
3. Қандай сандар 5-ке бөлінеді?
4. Қандай сандар 10-ға бөлінеді?
5. Қандай сандар 3-ке бөлінеді?
6. Қандай сандар 9-ға бөлінеді?
7. Жай сандар және құрама сандар деп қандай сандарды атайды?
8. Өзара жай сандар қандай сандар?
1990 жыл
Бақылау диктанты
Жай бөлшектерді түрге ажырат:

1991 жыл
Бұрыс бөлшектерді аралас санға айналдыр:

1992 жыл
Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыр:

1993 жыл
Жай бөлшектерді қысқарт:


1994 жыл
Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіріңдер:
2) 3)
1995 жыл
Бөлшектерді салыстырыңдар:
1) 2) 3) 4)
1996 жыл
Координаталық сәуледен А, В, С және D нүктелеріне сәйкес сандар ды тауып, оларды кему ретімен жазыңдар.



1998 жыл
Суреттегі фигуралардың: 1) Қандай бөліктері боялған? 2)Қандай бөлігі боялмаған?
а) ә)

б) в)


2011 жыл
Теңдік тура болатындай жұлдызшаның орнына тиісті натурал сандарды қойындар:
1) 2) 3) 4) 5)
Сабақты қорыту: Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: №599 (1-3) №600
1989 жылы қазақ тіліне — мемлекеттік, орыс тіліне — ұлтаралық қатынас тілі, 1997 жылы қазақ тіліне — мемлекеттік, орыс тіліне — ресми тіл мәртебесі берілді.
1990 жылы 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы декларация қабылданды
1991 жылы 29 тамыз - Елбасы Жарлығымен Семей полигоны жабылған күн.
1991 жылы 1 желтоқсан Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың президенті етіп сайлады.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялы және құқылы» мемлекет деп жариялады.
1992 жылы – қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубакіров ғарышқа ұшты.
4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы Қазақстан Республикасы заңдарына қол қойды.
Қазақстан Республикасы БҰҰ мүшелігіне қабылданды.
Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы өтті.
1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз шықты.
1993 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы, Қазақстанның Жоғарғы кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ал қазіргі Ата заң 1995 жылы 30 тамызда, республикалық референдумда қабылданды.
1994 жылы 30 маусымда қазақ халқының екінші қыраны – ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.
1995 жылы ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны – Абай Құнанбайұлы 150 жасқа толды
1996 жылы Алматының орталық алаңында « Тәуелсіздік» монументі орнатылды
- Мемлекеттің жаңа Әнұраны, Елтаңбасы, Туы қабылданды.
1998 жылы Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді.
2011 жылы Қазақстан Республикасының тәулсіздігіне 20 жыл толды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.