Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жай бөлшектер тарауын  интерактивті әдіс – тәсілдермен оқыту -

Жай бөлшектер тарауын интерактивті әдіс – тәсілдермен оқыту

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2303 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі

З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп – лицейі



Тақырыбы:
Жай бөлшектер тарауын
интерактивті әдіс – тәсілдермен оқыту

Дайындаған: Тоқсанбай М.

Қабылдаған: Бейсенбаев Д.

Шымкент, 2011 ж.

Жоспары

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Оқытудың интерактивті әдістері

2. Негізгі қағидалары мен мақсаттары

3. Оқытуды ұйымдастыру ережелері

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

«Пәнді оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану формаларын» кез келген мұғалім біліге міндетті сынды. Менің ең алдымен бұл тақырыпты шығармашылық жұмыс ретінде алып отырғанымның мақсаты: Оқушылардың оқу барысында оның әртүрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір тараудың есептерін бір мезетте бірнеше жолдарын қолданып, есептер шығаруды сүйікті ісіне айналдыру.
Мен интерактивті әдіс – тәсілдерден бұрын жай бөлшектер тарауын таныстырып кеткім келді. 5 сыныпта математика пәніне мемлекеттік стандарт бойынша аптасына 5 сағаттан жылына 170 сағат бөлінген және әр түрлі тараулардан тұрады. Сондықтан жаңа өмірге қадам басқандай математиканың баспалдағын жай бөлшектер бастайды деп түсінемін. «Жай бөлшектер » тарауына мен күнтізбелік – тақырыптық жоспарда 23 сағат, ал жай бөлшектерге амалдар қолдануда 31 сағат бөліп отырмын. Тараудың маңыздылығын түсіндіру үшін 1 ай шамасында оқушыларды әрдайым топқа бөліп, сол бойынша жұмыс жасадым. Нәтижесін көрерсіздер. Олай болса сабақтан бұрын интерактив дегеніміз не? Қандай технология және оның әдіс – тәсілдерімен келесі негізгі бөлімде таныстырайын.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Оқытудың интерактивті әдістері

Елде болып жатқан саяси, әлеуметтiк, экономикалық және т.б. өзгерiстер бiлiм беру жүйесiне де әсер етуде. Бұл өзгерiстер оқыту әдiстемесiнде жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа пәндер, ендiруге қажеттiлiк тудырды.
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.
Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер и н т е р - а к т и в т i деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.
Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұдлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.

Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері

Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін мойыгндай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекеи дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың нәтижелілігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін, оқу топтарының жасақталып, қажетті оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың таным белсенділігі артып, жаңаша оқуға дайындықтарының жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық ұжымның қалыптасуын айтуға болады. Жалпы алғанда, интерактивті оқытудың басты шарттары қауымдастық пен бәсекелестік болып табылады.
Топтың сандық құрамы оқыту немесе өзара әрекеттестiктiң сапасын анықтамайды. "Өзара әрекеттестiк” әдiсiнiң өзектi ерекшелiгi – ол АШУ ҮРДIСIН бiлдiредi, оның мәнi – оқушылардың оқыту дағдыларын өзара әрекеттестiк арқылы меңгеруi.
Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң м а қ с а т ы – тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.
Интерактивтi оқыту әдiстерiн қолданатын мұ-ғалiмдер, тек ақпарат беретiн және өздерiнiң қатысу-ынсыз берiлген тапсырмаларды оқушылардың есте сақтауы нашар болады, оқушылар қолдарындағы кө-термелеушi қор – құрдастарының идеяларын пайда-лана алмайды деп есептейдi. Зерттеулердiң "бiз қолы мызбен iстегеннiң 80 пайызын, оқығанымыздың 20 пайызын, естiгенiмiздiң 10 пайызын ғана есте сақтаймыз” деген қорытындысын жиi естимiз.
Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені білгілі: балаға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру, балаларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау, оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату және іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.
"Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты” дайын білімді қабылдап алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды роль атқарады. Ол үшін оқыту білімді балалардың өздігінен оқып-үйренуге бағытталуы керек.

2. Интерактивті оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары
Оқушылардан, шешу үшiн кейбiр нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы мәселелердi неге беретiндiгiн сұрағанда, олар:
- өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi;
- шешендiк өнерiн жетiлдiредi;
- танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын);
- сыни ойлау дағдыларын дамытады;
- өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады;
- пiкiрлердiң көптiгiн түсiнесiң және т.б. деп жауап берген.
Өзара әрекеттесуге бағытталған үрдiс барысында бала iстеп жатқан iсiнің мәнiне енедi. Оқушыларға дайын жауаптары бар тапсырмалар бергенде, олардың танымдық белсендiлiк деңгейi жоғары болмайды. Ал, өз ойын тиянақтап, оны қорғау кезiнде танымдық белсендiлiк деңгейi күрт артады.
Танымдық iскерлiктi қажеттi интеллектуалды дағдылар деңгейiне қарай жіктеуге болады. Тиiмдi оқыту бағдарламасы оқушылардың төмендегi iскерлiктерiн практикада қолдануды көздейдi, олар:
- Фактiлердi есте сақтау (аса көп күштi қажет етпейдi);
- Құбылыстардың мәні мен маңызын түсiну;
- Бiлiмдердi дағдылы және жаңа жағдайларда қолдану;
- Анализ (бiз бiр нәрсенi құрамдас бөлiктерге бөлу);
- Синтез (идеяларды жаңа нәрсе жасау үшiн топтастыру);
- Бағалау (бiр нәрсенiң сапасы туралы пiкiр бөлiсу).
Қоғамның дамуы осы аталған iскерлiктердiң барлығының болуын талап етедi, дегенмен бiлiмдердi қолдану, синтездеу мен бағалау ішіндегі аса маңыздылары болып табылады.

Қағидалар Мақсаттар
Орта қалыптастыру • Білім алушы оқып/үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау
• Үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым – қатынас орнату
• Үйренушілерге білімді дайын күйде бермей, оны ізденуге бағыт –бағдар сілтеу
Бірлескен әрекеттер арқылы үйрету/үйрену • Үйренушілерге білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәлелдеу
• Үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру
Өмірмен байланыстыру • Үйрету/үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру
Өзінділік пен дербестікке баулу • Үйренушілердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды ой – толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру (егер шәкірт жауап бере алмаса, дұрыс жауапты өзі беруге асықпай, оны басқа үйренушілердің табуына ықпал жасау)
• Үйренушілерде сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру (күмәндану, ақпараттан әр түрлі мағнаны көре білу, өзіндік түсінікке ұмтылу, дәлелдеме келтіу).

3. Интерактивті оқытуды ұйымдастыру ережелері
Бірінші ереже. Сыныпты жұмысқа дайындау.
Екінші ереже. Топқа бөлу
Үшінші ереже. Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау.
Төртінші ереже. Жұмыс ережелерін қабылдау.
Бесінші ереже. Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру.
Алтыншы ереже. Барлық үйренушілер жұмысқа қатысуы керек.
Жетінші ереже. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалуы керек.
Сегізінші ереже. Жазбаша жұмыстар.
Тоғызыншы ереже. Кері байланыс.
Мінеки оындай бірнеше ережелерден құрала келіп, зерттеу нәтижесінде сіздерге төмендегі «Жай бөлшектер» тарауын интерактивті әдіс – тәсілдермен оқытудың үлгісін көрсетпекпін.




Мінеки, осылайша кез келген тарауды интерактивті әдіс – тәсілдермен қатар интерактивті тақтамен көптеген істер бітіруіміз ғажап емес. Балалар мұндай сабақтардан көптеген әсерлер, ұшқыр білімді т.с.с жайттарды ашық нық түсінеді. Бала топпен де өзара жеке жұмыстар жасауы да мүмкін. Себебі олар кез келген есептерді шығаруға қызығушылығы артып, жан – жақтағы жолдастарымен жарыса түседі. Бір ай толық зерттеудің нәтижесінде оқушылар зейіні 88 пайызға жетті.

ІІІ. Қорытынды

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Жаңа елу елдің қатарына ену» үшін біз осы бастан орта буындағы балаларды сабаққа жүйелі түрде дайындау мен қатар олардың болашаққа деген көзқарастарын ұшқыр ойдың жетегіне жетелей отырып, математиканың адам өміріндегі маңызды жайттарын жай бөлшектермен түсіндіріп, ұғындыру. Сондықтан мен бірінші бөлімде математиканың ең маңызды бөлімдерінің бірі «Жай бөлшектер» тарауын қарастырдым. Онда мемлекеттік стандарт бойынша қанша сағат берілгені мен қатар оларды қай бағытта жұмсау, есептер шығару барысында қиындықтарды жеңе білуге үйрету сынды мәндер көрсеттім. Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу, азайту, егер бөлімдері әртүрлі болған жағдайда ортақ бөлімге келтіріп шығару керектігін оқушыларға түсіндіру жолдары қарастырылды.
Ал екінші бөлімде , кез келген тақырыпта интерактивті әдіс – тәсілдердің сабақтағы маңыздылығы, ұйымдастыру жолдары және есептер шығаруда мұғалімге көп пайда әкелетінін көрсеткім келді.
Үшінші бөлімде интерактивті әдіс тәсілдердің бірнеше ережелерін айта кетіп, өз жетекшілігіммен ұйымдастырылған жай бөлшектер амалдар қолдану тарауына бірнеше сәттерді пайдаланғанымды және осындай жұмыстың нәтижесінде оқушылардың ойында 88 пайыз білім бар екендігіне көзімді жеткіздім.

Баршаңызға сәттілік тілеймін!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.