Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
« Жай бөлшектер »  тарауына есептер шығарту. -

« Жай бөлшектер » тарауына есептер шығарту.

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 260 | Просмотров: 1644 | Размер: 123.5 Kb | Автор: arai
. Сабақтың тақырыбы: « Жай бөлшектер » тарауына есептер шығарту.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың есептерді
шығарудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және
зейін қою қабілеттерін дамыту.Практикалық дағдыларын
қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік
ізденістерін қалыптастыру. Сын тұрғысынан саралай білуге
тәрбиелеу.Бір-біріне достарына көмек көрсетіп, топ, ұжым
болып бірлесіп, тату-тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс
жасауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Топтық сайыс сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта,таратпа материалдар,
Сабақтың жоспары:
 Ұйымдастыру
 Үй тапсырмасы “Қайталау – оқу айнасы”
 “Білім көзі кітапта” (кітаппен жұмыс)
 Деңгейлік тапсырма
 Сабақты қорытындылау
 Үйге тапсырма
 Бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа даярлығын,қатысуын шолып өту,құралдарын тексеру.
Бүгінгі сабақ топтық сайыс,ойын сабағы.Оқушыларды үш топқа бөлемін.
І топ. « Дұрыс бөлшектер » тобы.
Ұраны: «Білікті бір есеп шығарар,
Білімді мың есеп шығарар »
Таныстыру: Бөлшектің түрлеріне енді келсек,
Алымы мен бөліміне көңіл бөлсек.
Алымы кіші ьолса бөлімінен.
Шығады онда нағыз дұрыс бөлшек.
ІІ топ. « Бұрыс бөлшек » тобы.
Ұраны: « Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске»
Таныстыру: Он цифрмен жаза аласын оларды,
Қатарлары бір – бірлеп-ақ толады.
Егер олардың бөлімі тең,не одан үлкен болса,
Шығады онда бұрыс бөлшек.
ІІІ топ. « Аралас сан » тобы.
Ұраны: « Білекті бірді,білімді мыңды жығады »
Таныстыру: Бүтін,бөлшек бөліктерден
Бөлшек сызығы айырып тұрады.
Осы санды кім біледі,
Аты қандай болады?
Бұл сан « Аралас сан»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(слайд 5)


Сол жақтағы 10 - Қандай сандар 2-ге бөлінеді?
Жауабы: Жазылуы жұп сандармен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді.
Ортадағы 10 - Қандай сандар 5-ке бөлінеді?
Жауабы: Жазылуы 0 цифрмен немесе 5 цифрмен аяқталатын натурал
сандар 5-ке бөлінеді.
Оң жақтағы 10 - Қандай сандар 9-ға бөлінеді?
Жауабы: Цифрларының қосындысы 9-ға бөлінетін натурал сандар
9-ға бөлінеді.
Сол жақтағы 20- Жай сандар деп қандай сандарды атайды?
Жауабы :1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды
Ортадағы 20 - Құрама сандар деп қандай сандарды атайды?
Жауабы: Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар құрама сандар деп аталады
Сол жақтағы 20- Қандай сандарды жұп сандар, тақ сандар деп атайды?
Жауабы: 2-ге бөлінетін натурал сандарды жұп сандар деп атайды.
2-ге бөлінбейтін натурал сандарды тақ сандар деп атайды.
Оң жақтағы 30 – Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу деген не?
Жауабы: Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу – оны тек қана жай
сандардың көбейтіндісі түрінде жазу.
Ортадағы 30 – Қандай сандар берілген сандардың ЕҮОБ деп аталады ?
Жауабы: Берілген натурал сандардың ЕҮОБ деп сол сандардың әрқайсысы
бөлінетін ең үлкен натурал санды айтады.
Оң жақтағы 30 - Берілген натурал сандардың ЕКОЕ деп қандай санды атайды ?
Жауабы: Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші
натурал санды сол сандардың ЕКОЕ деп атайды.
ІІІ. « Білім көзі кітапта » -кітаппен жұмыс.
І топ. № 452 (1 )
ІІ топ № 452 ( 2 )
ІІІ топ № 452 ( 3)

ІV. Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей. ( 5 ұпай )
1. Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жаз:
ә) б)
2. Аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде жаз:
а) ә) б)
ІІ деңгей ( 10 ұпай )

1. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтір.
а)

2. Жай көбейткіштерге жікте:
628 716



ІІІ деңгей. ( 15 ұпай )
1. 51 мен 68 сандарының ЕКОЕ тап.
2. 84 және 280 сандарының ЕҮОБ тап.
3. Теңдеуді шеш: а) б)

V. Сабақты қортындылау. Aktivote құралымен тест жұмысы.
1. қандай бөлшек ?
а ) дұрыс б ) бұрыс в) аралас сан
2. қандай бөлшек ?
а ) дұрыс б ) бұрыс в) аралас сан
3. қандай сан ?
а ) дұрыс б ) бұрыс в) аралас сан
4. Бөлшектерді салыстыр:

а) б) в)

5.Бөлшектерді салыстыр:


а) б) в)
6. Теңдік тура болатындай жұлдызшаның орнына тиісті натурал санды қойыңдар.

а) 20 б) 15 в) 30

Жауаптары: 1. а 2. б 3. в 4. а 5. б 6. а

VІ. Үйге тапсырма. Ережелерді қайталау. № 599
VІІІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.