.
.
Бекітемін: Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру.
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 363 | Просмотров: 4675 | Размер: 97.2 Kb | Автор: araiМектеп директоры Б.Кемелов
«Керегетас шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, математика пәнінің мұғалімі Омарова Есенкульдің қыска мерзімді сабақ жоспары
Сынып 5
Мерзімі 10.12.2014
Тақырыбы Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру.
Жалпы мақсаттар Ойлау қабілетін дамыту; ойын түсінікті етіп жеткізе білуге баулу; сыни тұрғыдан ойлауды дамыту; топтық жұмысқа бейімдеу; өзін-өзі реттеуді үйрету
Негізгі мақсаттар Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіре білуге үйрету; білімін есептер шығаруда пайдалана білуге, түсінгенін математика тілінде жеткізе білуге баулу.
Күтілетін нәтиже Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіре біледі, түсінгендерін математика тілінде баяндай алады, берілген бөлшектердің ең кіші ортақ бөлімі мен бөлшектердің әрқайсысы үшін толықтауыш көбейткішті табу туралы алған білімдерімен байланыстыра алады.
Қажетті құралдар 5 сынып математика оқулығы(Алдамұратова Т. «Атамұра» 2010), жұмыс парағы, өзін-өзі бағалау парағы, топтық бағалау парағы.
Оқыту әдістері Блум таксономиясы, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс.
Түйінді идеялар Берілген бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігі сол бөлшектердің ең кіші ортақ бөлімі болады.
Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру үшін:
1) берілген бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігін, яғни ортақ бөлімін табу керек,
2) бөлшектердің әрқайсысы үшін толықтауыш көбейткішті табу керек,
3) әрбір бөлшектің алымы мен бөлімін сол бөлшектердің толықтауыш көбейткішіне көбейту керек.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті Уақыты Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендейді,сабаққа керекті құралдардың дайындығын тексереді,сыныптағы оқушыларды топқа бөледі.
Сабақтың мақсатымен таныстырып,психологиялық дайындық жүргізеді Сабаққа керекті ,топтық жұмысқа қажетті құралдарын дайындайды,топтағы ролдерін белгілейді,сабақтың мақсатын түсініп, ассоциация жұмысына қатысады. 3 мин
Білу 1. Үй жұмысы тексеріледі.
2. Жабық тест. 1. Үй жұмысы дәптерлерін ауыстыру арқылы тексеріледі.
2.өз мақсатын айқындай отырып проблемманы шешуге әрекеттенеді. 5 мин 1.бес балдық жүйемен бағалау
Түсіну 1.Ауызша есеп шығару №541
2.Тапсырмалар әр топқа таратылады
I-топ №539 (2,4,6), №541(1,4)
II-топ №539 (1,3,5), №541(2,3)
Сергіту сәті орындалады. 1.жеке жұмыс
2.Берілген тапсырманы жұппен жұмыс жүргізеді.
10 мин 1.Өзін-өзі бағалау
2.Бірін-бірі
бағалау
Қолдану Есептер шығару
I-топ №545 (4,5), №547(1,4,6)
II-топ №545 (3,6), №547(2,3,5) жеке жұмыс 10 мин Өзін-өзі бағалау
Талдау
«Қатесін тап» ойыны ойнатылады.
I-топ №548 (1)
II-топ №548 (2) Жеке жұмыс 5 мин бағалау парағы арқылы өзін-өзі бағалау
Жинақтау Сәйкестендіру тесті орындатылады.
Сабақтан алған білімдерін тұжырымдайды 5 мин Бес балдық жүйемен бағалау
Бағалау
Үйге тапсырма Бағалау парағы бойынша оқушылар өз білімін бағалайды
Үйге тапсырма береді №543,546 Өзін-өзі бағалауды жүргізеді
Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады 7 мин Формативті бағалау
Кері байланыс
«Сабақта өзіңді бағала» рефлексиясын қолдану
2 мин
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.