.
.
Мақсаты: Жас математиктер
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1955 | Размер: | Автор: Нартай45401. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілігі: Презентация, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел
Сабақтың түрі: топтық сайыс сағаты
Жүргізуші: - Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
Жас математиктер атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді!
-дей отырып, сайысымызды бастау үшін, алдымен екі топты ортаға шақырайық.
7«А» сынып оқушылары: _________________________
7 «Ә» сынып оқушылары:__________________________
Шеберлікті, білімді
сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болайық_____________________________
____________________________________________________________________]Тақтадан бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
Жоспары:
1. Эстафеталық сұрақтар
2. Жұмбақтар
3. Анаграммалар
4. Логикалық лабиринт
5. Математикалық викторина
1. Таныстыру.Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі; 5 ұпай
Жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, - деп келесі сайысымыз
І. «Эстафеталық сұрақтар» сайысына кезек береміз. (Әр топ кезекпен сұраққа дұрыс жауап беруі керек, әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі)
1. Сағаттың ¼ -і неге тең? 15 минут
2. Нүктенің бірінші координатасы қалай аталады? Абсцисса
3. 2-нің 6 дәрежесі. 64
4. Екі қатынастың теңдігі? пропорция
5. Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? 1
6. Ең кіші жұп санды атаңыз 2
7. Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады?(2 кг)
8. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш? (теңқабырғалы)
9. Жазыңқы бұрыш неше градусқа тең? (180)
10. Бір-бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер? (перпендикуляр)
11. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
12. .Өзі шыққан бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса
Жүргізуші: Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті
ІІ. «Жұмбақтар» сайысына береміз, Сайыс шарты бойынша әр топ кезекпен ұяшықтар таңдап математикалық жұмбақтарды шешеді, І-ші топ жұмбақтың шешімін таппаса, онда екі топ жауап беру құқығына ие болады. (Әр дұрыс тапқан жауапқа 10 ұпайдан беріледі)
1. Екі бұрыш ежелден
Тату көрші болған екен
Бірін – бірі толықтырып
Бір түзуде жатады екен (сыбайлас)
2. Егіз туған қос жүйрік
Жарысқа шауып терлейді.
Бірін – бірі көрмейді
Бір мәреге келмейді. (Параллель тузулер
3. Үлкен, кіші сандар арасына
Таңбаларды қойған кезде
Алынады қандай өрнек
Білейікші оны бізде /теңсіздік/
4.Нүктеден екі сәуледен
Құрылған айтшы бұл не екен? ( бұрыш)
ІІІ. Анаграмманы шеш. Геометриялық фигуралардың аттарын табу керек
1. еңшбре - шеңбер
2. шұбршүы - үшбұрыш
3. трұбышрөт-төртбұрыш
4. рвадкат – квадрат
IV. Логикалық лабиринт. Бұл сайыста 4 ұяшық берілген. Әр топ кезекпен ұяшықты таңдап, ондағы математикалық тәуелділікті табу керек
1) 9, 7, 10, 8, 11, 9, 12,... /10, 13, 11.../ 3) 18 10 6 4 ? (3)
2) 162 184 206 4) 1, 3, ?, 7, 9 (5)
179 ? 193 (186)
V. Математикалық виктарина
Сол жақтағы 10: Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы неше тең?/11 см/
Сол жақтағы 20: Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар?/33 асық/
Оң жақтағы 10: Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең? Сол сандарды ата /1,2,3/
Оң жақтағы 20: Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз.(цифрлар)
Ортадағы 10: 9 бен 27 сандарының арасында қанша жұп сан бар?/9/
Ортадағы 20: Шахмат ойынына 7 адам қатысқан. Әрқайсысы бір-бірімен бір партиядан ойнады. Олар барлығы қанша партия ойнаған? /21партия/
Қызықты үзіліс
Екі топтың ұпайларын санағанша, көрермендерімізбен қызықты үзіліс өткізейік.
Шарты: жасырылған ұғымды немесе іс-әрекетті оқушылар ешбір дыбыс шығармай тек іс-қимылмен бейнелеулеріңіз қажет.
Жасырылған сөздер:
1. Турист
2. Күнтізбе
3. Координаталық жазықтық
4. Боран
5. Піл
6. Жады
VIІ. Қорытынды.
- Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Жеңімпаздар марапатталады.
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей. Жұлдызшаның орнына олардың графиктері параллель болатындай сандарды қойып жазыңдар
І нұсқа ІІ нұсқа
1) у=4х-5 және у=*х-7 1) у=7х-6 және у=*х-3
2) у=*х+3 және у=-5х-2 2) у=*х-2 және у=0,8х+4
ІІ деңгей. Берілген функцияның графигін салыңдар
у=5х-3 функциясының графигіне у=2х+1 функциясының графигіне
параллель у=5х+1 функциясының гра- параллель у=2х-1 функциясының
фигін салыңдар. графигін салыңдар.
ІІІ деңгей. Функциялардың графиктерінің қиылысу нүктесін табыңдар.
у=5х-3 және у= 3х+ 1 у=-2х-10 және у= -х-7
_______________________________________________________________________
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей. Жұлдызшаның орнына олардың графиктері параллель болатындай сандарды қойып жазыңдар
І нұсқа ІІ нұсқа
1) у=4х-5 және у=*х-7 1) у=7х-6 және у=*х-3
2) у=*х+3 және у=-5х-2 2) у=*х-2 және у=0,8х+4
ІІ деңгей. Берілген функцияның графигін салыңдар
у=5х-3 функциясының графигіне у=2х+1 функциясының графигіне
параллель у=5х+1 функциясының гра- параллель у=2х-1 функциясының
фигін салыңдар. графигін салыңдар.
ІІІ деңгей. Функциялардың графиктерінің қиылысу нүктесін табыңдар.
І нұсқа ІІ нұсқа
у=5х-3 және у= 3х+ 1 у=-2х-10 және у= -х-7
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.