.
.
Тоқсандық тақырыбы: Ғажайып сырлы аспаптар үні. Аңыздан жаралған аспап – жетіген.
Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3718 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Аңыздан жаралған аспап – жетіген.
Сабақтың мақсаты: Музыка аспаптары, соның ішінде ұлттық музыка аспаптары туралы мағлұмат беру.
Білімділік мәні : Санғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, эстетикалық бағыт беру және ұлттық аспаптарға деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік мәні : Музыкалық аспаптар арқылы ұлттық өнерін танып, білуге, ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет, технология,бейнелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасы: Саздан туған сазсырнай.
Актуалдау:
Сазсырнай аспабы неден жасалады, қалай ойналады?
Шаңқобыз аспабы неден жасалады, қалай ойнаймыз?
Сыбызғы аспабы неден жасалады, қалай ойнаймыз?
Тағы да қандай ұлттық музыка аспаптарын білеміз?
Ұлттық музыка аспаптары өте көп. Біздер өткен сабақтарда сыбызғымен, шаңқобызбен сазсырнаймен таныстық, бүгін тағы бір ұлттық аспап- жетігенмен танысамыз.
Жаңа сабақ: Аңыздан жаралған аспап – жетіген.
Қазақ халқының тағы бір баға жетпес ұлттық музыка аспабының бірі- жетіген. Жетіген – жеті ішекті, шертіп ойналатын музыкалық аспаптардың бірі.Бұрауы жоқ. Сондықтан оның құлақ күйін жеті асықты немесе жеті тиекті жылжыту арқылы келтіреді. Ағаштан жасалып, терімен қапталады.
Ән орындайық! Сөзін, әнін үйрету.
Достық әні. Әні И. Нүсіпбаевтікі.
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ
Ортақ бізге барлығы.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң
Бақытты өмір сүреміз.
Қорытындылау :
Біз қандай ұлттық музыка аспаптарын білдік?
Біз қандай баламыз?
Үйге тапсырма: Аңыздан жаралған аспап – жетіген. Достық әні.
Бағалау .
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.