Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Айтыс және жыраулық өнер -

Айтыс және жыраулық өнер

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3276 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тоқсандық тақырыбы: Айтыс және жыраулық өнер
Сабақтың тақырыбы: Ақтамдерді жыраудың батырларға рух беруі.
Сабақтың мақсаты:
.
Білімділік мәні : Оқушыларды жыраулық өнермен таныстыру

Дамытушылығы: Жыраулар туралы деректер жинау.
.
Тәрбиелік мәні :Сөйлеу мәдениетіне, сөзге тоқтай білуге тәрбиелеу,елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.
Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты түгендеу, амандасу.
Үй тапсырмасы:Асан қайғы.
Жаңа сабақты түсіндіру.Ақтамдерді жыраудың батырларға рух беруі.
Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ақтамберді жырау (1675-1768) Ақтамберді Сарыұлы (1675—1768) Сарыұлы Ақтамберді атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері, 1675 жылы Оңтүстік Қазақстанда, Қаратау бойында ауқатты семьяда дүниеге келеді.. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Болашақ жырау жамағайын туысы Бердіке деген батырдың қолында өседі. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның, жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар. Ақындық талантын тым ерте, 10-11 жасында танытқан Ақтамберді 17 жасынан бастап қазақтардың Орта Азия хандықтарымен арадағы соғыстарына қатынасады. Өзінің жанкешті ерлігімен, ақыл-айласымен көпке танылады. Талай рет өлім аузынан қалады. Бірде, тіпті, жортуылда жау қолына түсіп, өлім жазасы орындалар қарсаңда ғана қашып қүтылады. 1723 жылы қазақтар ойраттардан ойсырай жеңіліп, бүкіл оңтүстік және шығыс аймақтан айрылған шақта Ақтамберді атақты батыр, Орта жүздің рубасы ақсақалдарының бірі еді. Батыр жырау өзінің белсенді ісімен де, жалынды жырымен де жоңғарға қарсы күресті ұйымдастырушылардың бел ортасында болады, қазақ жасағының алдыңғы сапында шайқасады. Жоңғар мемлекеті біржола талқандалып, жаудан босаған шығыс бетке қайта қоныстану кезінде Ақтамберді қазақ руларын атамекенге біржола орнықтыру ісінде зор қызмет атқарады. Батыр жырау тоқсан үш жасында, 1768 жылы қайтыс болады. Жыраудың жартылай құлаған күмбезі қазір Семей облысы, Абай ауданы, «Жданов» совхозының шегіндегі Жүрек Жота деген төбенің басында тұр.Ақтамберді өз ғұмырнамасын толғауларына көркемдік қуаты зор, келісті нақыштармен түсірген. Шығармалары зиялы зергердің қолтаңбасын танытады. Әлі де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі қолда бары 300 жолдан аспайды. Азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы. “Күмбір-күмбір кісінетіп”, “Уа, қарт Бөгембай”, “Менімен ханым ойнаспа”, “Жауға шаптым ту байлап”, “Заманым менің тар болды” және тағы басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы. Ақтамбердінің “Балаларыма өсиет” деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады.[3]Жауынгерлік поэзияның үздік үлгілері - «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Отбасар орны отаудай»толғаулары тағы басқа өлеңдері қазақ поэзиясының алтын қорына қосылады. Әуезов «Қазақ ССР тарихының» 1-томындағы (1957) «Қазақтың ауыз әдебиеті» тарауында 18 ғасырдағы жыраулық поэзияны талдай келіп: «Ақтамберді жырау эпостық жанр ақыны еді. Өзінің толғауларында ол батырлардың ерлігі мен батылдығын таңдана жырлады» деген.[4] Ақтамберді толғаулары мен жырлары С. Мұқановтың “Қазақтың 18-19 ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер” (1942), “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), “Алдаспан” (1971), “15-18 ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1985) жинақтарына енгізілген.[5]

Қорытындылау:
1.Ақтамбердінің туған жері?
2.Ақтамбердінің шығармалары?
3.Жыраудың күмбезі қай жерде орналасқан?

Үйге тапсырма. Ақтамберді жыраудың өмірі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.