.
.
«Алтын күз» байқауы «Алтын күз» байқауы
Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2003 | Размер: | Автор: muniraЖүргізуші: - Бейне нұрлы көкте күн,
Білсең өмір – Көктемің.
Айқара ашар есігін,
Хош келдің! – деп көкте күн.
Балдырғандар! Бұл мәлім,
Еркелігін тастайды.
Қыркүйекте бақшада,
Оқу жылын бастайды.
Соңғы айы бұл күздің,
Бақшада ойын ойнаймыз.
«Күзгі балын» бақшаның,
Қарашада тойлаймыз!
- Құрметті балдырған бүлдіршіндер, апайлар! Бүгінгі «Күзгі бал» мерекесіне хош келдіңіздер!
Құлақ түрсең аңдай қағып,
Күз кеткендей әнге айналып.
Жел сыңсытса, қобыз тартып,
Қыр тыңдайды таңдай қағып – деп ортаға бүгінгі байқауға қатысушы талапкерлерімізді шақырамыз, сіздердің қошеметтеріңізбен!
- Салқын тартып түз демі,
Білдіреді күз нені?
Шым еткізер жүректі,
Тырналардың тізбегі – деп ортамызға Ортаңғы «А» «Алтын кілт» тобын шақыруға рұқсат етіңіздер.
- Ызғырықты жел өтіне,
Шыдап баққан тербетіле.
Ағаш біткен шашып жатыр,
Алтын теңге жер бетіне – ортаға Ортаңғы «Б» «Күн шуақ» тобын шақырамыз.
- Тұратұғын құлап көктен,
Күнде салқын қыратты өпкен.
Момақансып, сылдыр қақпай,
Жылтырайды бұлақ біткен – қошеметпен ортаға Ересек «Балдәурен тобын» шақырайық.
Алтын шашты алтын күз!
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді әр ісімен,
Риза етті халқын қыз.
Қыры толы егіске,
Бағы толды жеміске.
Елді сыйға кенелтті.
Қолы ашық періште.
- Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар, балалар. Табиғат қай кезде болмасын – тамаша дүние. Күз келсе – біз сары – қызыл жапырақты тамашалаймыз; қыс түссе – аппақ қарда алысып ойнаймыз; көктемде қабат – қабат тонымызды шешіп, күн сәулесіне қыздырынып, жаңадан бүршік атқан талдарды, ұшып келген құстарды көріп, жаңа өмір басталғандай боламыз; ал жазда – көлге барып, суға түсіп, жазғы демалысымызды ерекше өткізуге тырысамыз.
- Жыл мезгілінің бәрі тамаша. Әйтседе бүгін біз Күзге деген құрметімізді өзінің жылы лебізімен, тәтті тілегімен, сәтті қадам тілейтін балабақшамыздың меңгерушісі: Г.Әзімжанқызына сөз кезегін береміз.
Табиғатты адамзат аялаған,
Егін егіп, мал бағып саялаған.
Қарасындай көзінің қорғай жүріп,
Қамқорлығын ешқашан аямаған - деп ақын ағамыз жырлаған екен. Ендеше бүгінгі байқауда әділ бағаларын беріп, сараптаушы әділ қазылар алқа мүшелерімен таныс болыңыздар:
1. Балабақша меңгерушісі: Г.Әзімжанқызы.
2. Балабақша әдіскері: Р.Қалжанова
3. Балабақша психологы: А.Жалғауова
Құрметті қауым! «Алтын күз» мерекесінің бағдарламасымен таныс болыңыздар.
1. Таныстыру:
2. Өз өнерін көрсету:
3. Жұлдызды сәт: (балалардың өздеріне ұнайтын танымал әнші апа,
ағаларына деген еліктеушілік қабілеттерін бақылау)
4. Сән үлгісі: (топтық қиялдау, шығармашылық қабілеттері)
5. Күз сыйы: (топтық, жеке, ұжымдық қол жұмыстары)
- Бағдарламамен таныс болдыңыздар, бізге тек реттік сан таңдау. Ол әділқазылар алқасының алдында әрбір алтын жапырақта жасырулы, қалаған жапырақты таңдап әкелулеріңізді тұраймыз.
Ал, енді қатысушы талапкерлерімізге оң қадам деп, «Таныстыру» кезеңіне дайын болғанша «Құлыншақ» II – кіші топ бүлдіршіндерін «Күзге сәлем!» әнімен қарсы алыңыздар.
Әлсін - әлсін күркілдеп,
Ашу қысып, зіркілдеп.
Бұлт оттығын шаға алмай,
Желп – желп етер шыр – пыр боп.
Гу – гулейді жел өктем,
Қашты ебелек дедектеп.
Сол, сол екен… Боз тұман,
Құрды перде кенеттен.
I. Кезекте «Таныстыру»
1. «Балдәурен» ересек тобы: Ернұр Ерберген
Ханым Жолмырзаева
2. «Алтын кілт» ортаңғы «А» тобы: Азамат Кеңес
Меруерт Мүбарак
2. «Күн шуақ» ортаңғы «Б» тобы: Сұлтан Сандыбаев
Бегімсұлу Жаңабай
Алма пісті бағымда,
Пісті балдай қауында.
Жүзімдер тұр мөлдіреп,
Үзер шағың келді деп.
Алтын дәнін сары дала,
Құйып жатыр қамбаға.
Күз еңкейе береді,
Жер жемісін тереді.
II. Келесі кезекте «Өз өнерін көрсету»
1. «Балдәурен» ересек тобы: Ернұр Ерберген
Ханым Жолмырзаева
«Қырманға кел, қалқатай» әнімен би қимылында.
2. «Алтын кілт» ортаңғы «А» тобы: Азамат Кеңес
Меруерт Мүбарак
«Көңілді би» жұптық би
2. «Күн шуақ» ортаңғы «Б» тобы: Сұлтан Сандыбаев
Бегімсұлу Жаңабай
«Балалайка» орыс халық биі
Қолшатырлар көбейіп,
Бұлт тұмшалап өңірді.
Жыл мезгілі – Алтын күз!
Аспан жасы төгілді.
Күн қайтадан ашылды,
Ерке – шолжаң бейне іс.
Таңқалдырар адамды,
Мың құбылған бейнесі.
- Кезекте биші қыздарымыздың «Ақ қайың» биін қабыл алыңыздар.
Берекелі, мерекелі,
Келген жомарт алтын күз.
Қала да да, дала да,
Жанның бәрі жарқын жүз.
Балақайлар алақайлап,
Бақшаға іші нұрланды,
Астық жыры, шаттық жыры,
Қырман басы думанды.
Қарқынды еңбек,
Әр күн өрлеп,
Әр ісіне сүйсінді.
Ән тасқыны, жыр тасқыны,
Ырыс болып құйылды –
III. «Жұлдызды сәт» кезегіде келіп жетті
1. «Балдәурен» ересек тобы: Ернұр Ерберген
Ханым Жолмырзаева
«Айгөлек жұлдыздары: Алихан, Назым,Еркеш» пародиясы
2. «Алтын кілт» ортаңғы «А» тобы: Азамат Кеңес
Меруерт Мүбарак
«А. Жеменей мен М.Жүнісова» пародиясы
2. «Күн шуақ» ортаңғы «Б» тобы: Сұлтан Сандыбаев
Бегімсұлу Жаңабай
«Бүркіт пен Алиша» пародиясы
IV. «Сән үлгісіне» кезек берсек.
1. «Балдәурен» ересек тобы: Ернұр Ерберген
Ханым Жолмырзаева
«Күз сиқыршысы мен Алтын жапырақ» жарамсыз заттардан киім үлгісі
2. «Алтын кілт» ортаңғы «А» тобы: Азамат Кеңес
Меруерт Мүбарак
«Қазақ ұлттық киім үлгісі» жарамсыз заттардан
2. «Күн шуақ» ортаңғы «Б» тобы: Сұлтан Сандыбаев
Бегімсұлу Жаңабай
«Сиқырлы шар» киім үлгісі
- Тамаша. Ал, Мұқағали атамыз «Табиғатты өлеңмен өрнектеп...» деген өлеңінде былай деген екен:
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адам, қалай ғана қатыгездік жасайсың ?
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.
V. - Олай болса біздің балалар табиғатты қалай сүйетіндерін байқайық. Ол үшін кезекті «Күз сыйы» көрмесіне берейік.
1. «Балдәурен» ересек тобы: Ернұр Ерберген
Ханым Жолмырзаева
«Алтын дән – дәмдә нан» бисерден жасалған торт
2. «Алтын кілт» ортаңғы «А» тобы: Азамат Кеңес
Меруерт Мүбарак
«Күз кереметі» жапырақтар мен дәннен жасалған панно
2. «Күн шуақ» ортаңғы «Б» тобы: Сұлтан Сандыбаев
Бегімсұлу Жаңабай
«Күз ғажайып уақыт» жарамсыз тоқыма жіптерден жасалған габилен
Алтын күз де атырап
Аздап тыныс алыпты.
Жапырақтар қалтырап
Жерге түсіп қалыпты.
Алма - алмұрт албырап,
Жеміс-жидек пісіпті.
Қауын - қарбыз балбырап
Қамбаларға түсіпті.
Құрметті қонақтар, біздің кішкентай бүлдіршіндер! Әділқазылар алқасы байқауымыздың қортындысын шығарғанша біз сіздермен біраз ойын ойнап жіберейік!
Ойын: «Кім тапқыр» деп аталады.
Бәрекелді, балалар, енді біз”Жұмбақтар әлеміне”аттанайық.
Бәрекелді, балалар, білімдерің жақсы екенін көрсеттіңдер.Ал енді әділ қазылар алқасына сөз берейік!
(Жеңімпаз топты марапаттау, құттықтау “Күз ханзадасы мен ханшайымын”анықтау)
Күн қарына алады,
Күздің соңғы айы бұл.
Қарда жауып қалады.
Алдамаса пайымым - деген өлең жолдарымен бүгінгі күз мерекесіне арналған байқауымызды аяқтаймыз.
- бүгінгі жеңіске жеткен топты, яғни балабақша ішілік “Күз ханзадасы мен ханшайымын” құттықтаймыз ! Жеңістерің құтты болсын! Келесі кездескенше!
Тақырыбы: «Алтын күз 2014» байқауы
Ұйымдастырушы: музыка жетекшісі Марат Роза
Мақсаты: Күз туралы және күзгі табиғат құбылыстарының ерекшеліктері жөнінде
мәлімет бере отырып, балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру. Сөздік қорларын молайту, білімдерін дамыту. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой – өрісін дамыту. Табиғатты аялауға, қорғауға баулу.
Қатысушы топтары:
1. «Балдәурен» ересек тобы: Ернұр Ерберген
Ханым Жолмырзаева
2. «Алтын кілт» ортаңғы «А» тобы: Азамат Кеңес
Меруерт Мүбарак
2. «Күн шуақ» ортаңғы «Б» тобы: Сұлтан Сандыбаев
Бегімсұлу Жаңабай
Әділ – қазылар мүшелері: Балабақша меңгерушісі: Әліпбаева Г.
Тәлімгер тәрбиеші: Сүйінтаева А.
Психолог: Жалғауова А.
Орын иегерлері:
I – орын: «Балдәурен» ересек тобы: Ернұр Ерберген
Ханым Жолмырзаева
II – орын: «Күн шуақ» ортаңғы «Б» тобы: Сұлтан Сандыбаев
Бегімсұлу Жаңабай
III – орын: «Алтын кілт» ортаңғы «А» тобы: Азамат Кеңес
Меруерт Мүбарак
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.