.
.
Сыныбы: 4 Қара қобыз шебері –Жаппас Қаламбаев.
Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1725 | Размер: | Автор: Нартай4540Тоқсандық тақырыбы: Ұлы ұстаздар көші.
Сабақтың тақырыбы: Қара қобыз шебері –Жаппас Қаламбаев.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні : Әншінің шығармашылығына тоқталу , таныстыру,
таныту, жан – жақты білімдерін жетілдіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ұлттық музыкаға деген ықыласын дамыту.
Тәрбиелік мәні : Қара қобыз шеберінің өмірі мен шеберлігі арқылы халықтың
салт- дәстүрін, тәрбиесін балаға бере білу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих.
Сабақ жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасы: Жүсіпбек Елебековтің өмірі.
3.Бекіту
4.Жаңа сабақ: Қара қобыз шебері –Жаппас Қаламбаев.
5.Қорытындылау
6.Үйге тапсырма
7.Бағалау
Сабақтың барысы:
Қара қобыз шебері жаппас Қаламбаев
Қазақтың көне тарихымен бірге жасасып келе жатқан қасиетті қобыз аспабының ел арасында кеңінен таралуына өлшеусіз үлес қосқан, Қорқыт пен Ықыластың өнерін ілгері жал¬ғастыруға бүкіл саналы ғұмырын арнаған Жаппас Қаламбаев 1909 жылы наурыз айында қазіргі Оңтүстік Қазақстан облы¬сы, Созақ ауданында өмірге келеді. Та¬рих¬та бұл өңір Қоқан хандығына қараған жерлерді орыс патшалығы өзіне бағын¬ды¬рып алған кезде Сырдария губерния¬сы¬ның Түркістан уезіне енген болатын. Арқа¬дағы Шымкент уезіне бірік¬тірілген старшыны Баспақ Тиесовтің болыс¬тығына тіркелген тұрғындардың тізі¬мін-де атақты қобызшы Ықылас Дүкеновтің де барлы¬ғын тарихи құжаттар дәлел¬дей¬ді. Шу және Талас өзендерінің төменгі сағасын мекендеген көшпелі елдің ішін¬де Ықылас пен Сүгір күйші¬лердің ауылы аралас, қойы қоралас болып жүргенін көнекөз қарттар да әңгімелейді. Сол ұлы күйші¬лер¬дің өкшесін алып, дүние есігін ашқан Жаппас Қаламбаевтың да төрт түлік малды тіршілік көзіне айналдырған дала қазақтарының тұрмыс ауанымен Бетбақ¬дала, Сарыарқаны ен жайлап, Мойын¬құм, Көкшеқұмды қыстап шыға¬тын қалың елдің арасында балалық шағы өтеді. Жиырмасыншы ғасырдың басында Созақ ауданында құрылған Түркістан уезінің он екі болыстан тұра¬тын елінің Үлкен Шу болысына Тама¬ның Дәулеткелді, Қызыл¬құрт аталары¬ның ұрпақтары енген. Олар - Бұзау, Жалпақ, Есенқара, Барақ, Жолдыбай, Өтеміс, Қойлыбай, Ерназар, Қошқарбай, Айдар-Балта, Сартама болып келеді. Кешегі шертпе күйдің шебері Сүгір де, оның шәкірттері Жаппас та, Ергентай Борсабаев та Бұзау ата ұрпақ¬тары болып келуінің өзі бұл әулетке Қы-дыр атаның қоңыр қобыз бен домбыра аспабын теліп кеткендігі туралы аңыз әңгіменің шындыққа жанасатынын байқатады. Сүгірдің түсіне Қыдыр ата еніп: "Көген аласың ба, домбыра аласың ба?" деп сұрағанда қалақтай қара домбы¬раны қалап алғаны, бала кезінде Қыдыр ата қобыз сыйлап кеткен Ықылас күйші де сүйек жағынан бұл әулетке ұзақ емес.Жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіп-қонып жүрген елдің ішінде қоңыртөбел тіршілігін күйттеп жүрген үлкен аталары Қаңтарбайдан - Ысқақ, Иса, Қаламбай, Жақып атты төрт ұл дүниеге келсе, Қала쬬байдан да төрт ұл - Қасымбек, Аппаз, Әубәкір, Әмзе туады. Ел ішін қызыл шешек жайлаған қиын кезде Қаламбайдың өзге ұл-қыздары болған да шығар, со¬лар¬дың ішінде қатарға ілік¬кендері осы балалар еді. Туабітті бауы¬рын жерден көтергеннен жоқшылық тауқыметін көріп, талпынған жас бала¬лардың еті тірі болып өседі. Тұңғыш ұлы қашанда ата-анасына бөлекше ыстық көрінетіні белгілі. Жап¬пастың төрт-бестегі кезінде әкесі Қа¬сымбек үй іргесінде бал¬та¬мен ағаш шауып жатқанын байқап: "Әке, не істеп жатырсыз?" деп сұрайды. Сонда Қасымбек: "Балам саған лайықтап домбыра шауып жатырмын!" деп жауап береді. Қасымбек баласының ән-күйге әуестігін ерте бастан сезсе керек. Шағын денелі Жаппас та өте аңғарымпаз, сергек болып өседі. Жаппас әуелі қолына дом¬бы¬ра алып, бұл аспапты тез меңгеріп кетеді. Әкесі өзінің қара қобызын қолына сирек алатын. Бұл қобыз бәлкім ертедегі ата-бабаларынан қалған көне мұра да болар. Кешкілік ас ішіп, бастары қосылып отырған сәттерінде қара қобыздың қылын шайырлап, еспесін нықтап, ыңырантып шалған кездері есінен кетпейді. Қора¬сындағы азын-аулақ ұсақ малының жайын ойлап, ел қатарлы тіршілік кешіп жүрген Қасымбектің күш-қайраты қайтпаған кезінде төтеннен кесел жабысып, төсек тартып жатып қалады. Әуелгіде ауруға дес бермей ертең, арғы күні тұрып кететіндей көрінгенмен кеселі құрғыр қыл бұрауды мықтап салса керек, күннен-күнге буын-буынды алып, ең¬сесін көтертпеуге айна¬ла¬ды. Қамшының сабындай қысқа өмі¬рі¬нің тым ерте тұйықталып, татар дәм-тұзы¬ның тау¬сы¬лып келе жатқанына көзі жеткен Қа¬сым¬бек буыны қатпаған бала болса да келе¬шегінен көп үміт күтетін ұлы Жап¬пас¬ты шақырып алып, соңғы сөзін ай¬тады:
Мына қара қобыз атамнан қалған, көзімнің тірісінде шаң жуытпай сақтап ке¬ле жатқан асыл мұраны өзіңе аманат етіп қалдырғалы отырмын. Құлыным, ата-бабамыздан қалған қылқобызды көзіңнің қарашығындай сақтап жүргейсің! Бұл қара қобыз сенің алдағы өміріңе таусыл¬мас азық болар деп ойлаймын! - дейді қамығып.Қара қобыздың матадан тігілген сырт¬қы қабын шешіп, шанағын маң¬дайына тигізеді де қайта салып, бір жапырақ бо¬лып мұңайып отырған ұлына ақырын ұс¬тата берген. Ақыреттік сөзін айтып, аға-йын-туыспен үнсіз жатып қоштасып, тік¬теп келген ажалды қасқайып қарсы алған еді.Қаршадайынан жетімдік тауқыметін тартқан Жаппас інісі Жарылқасын екеуі ауыл адамдарына ілесіп, 1919 жылы Түркі-стандағы жетім балалар үйіне келеді. Әке¬ден айырылып, ішер асқа, киер киімге жарымай жүрген тек бұлар ғана емес екен, жетім балалар үйінің іші-сырты тол¬ып жүрген көгенкөз жетімдер. Сонау Қы¬зыл-ордадан бергі жердегі, Түркіс¬тан¬ның төңірегіндегі ауыл-аймақтан әке-шеше¬лері¬нен аштықта айырылып қалып, жама¬ға¬йындары тапсырып кеткен жүдеп-жада¬ған, құрсақтары қабысып, көздерін кіреуке шалған балалар жетерлік. Ашыл¬ғанына көп бола қоймаған жетім балалар үйінде төсек-орын, ас-ауқат да жетісе бермейді екен. Жаппас сияқты ересектері кішкен¬тай балаларға орындарын беріп, жаз маусымында үйдің іргесіне, аулаға төсегін көтеріп келіп, жантайып жата кететін кездері де жиі кездесті.Сабақтан босағанда ермегі ауылдан серік етіп алып шыққан әкесінің қара қобы¬зын қолына алады. Соңынан өзі қа¬тар-лас жетім балалар шұбырып еріп, қала¬ның орталық көшелеріне қарай беттейді. Адам аяғы үзілмейтін орта¬лықтағы базардың кіреберіс қақпа аузына жайғасып отырып алып, қара қобызды аңыратып шала бастайды. Қарсы алдына түгі аладақ болып түскен көнетоз ты-мағын төңкеріп қояды. Қор¬қыт пен Ықыластың күйлерін бірінен соң бірін толғап тартып, аңы¬рата жөнеледі. Үлкен қақпаның аузын¬да ырғай-ырғай күй толғап отыр¬ған қар¬шବдай бала әрі-бері өткен жан¬дардың ықыла¬сын еріксіз өзіне аударады. Қобыз үні бойларын алып, қаршадай баланың қара қобызды есілтіп тартуы қызық көрінеді. Қалта¬ларына қол салып, қойын-қонышынан түйілген ақшаларын алып, шетінен шыға¬рып, тиын-тебен, жапырақ-жапырақ теңгелерді баланың алдындағы бас киімге тастайды. Арадағы ілкі сәт үзілісте сырт¬тай бақылап тұрған балалар Жаппастың қасына жетіп келіп, тымақтағы ақшаны төңкеріп алып кетеді. Көне бас киімнің іші¬не қанша ақшаның түскенімен Жап¬пастың шаруасы бол¬май¬ды. Қолын суы¬тып алып, тағы да қара қобызды шалуға кіріседі. Түскен табысты алып кеткен балалар қалың елдің арасына сіңіп жоқ болып кетіп, біраздан соң осы төңірекке қайтып ж謬на¬ла¬ды. Қол¬дарын¬да жапырақ-жапырақ тандыр нан, қа¬уын-қар¬быздың ті¬ліктерін езу¬лері¬нен суын сор¬ға¬лата ағы第¬ған, тауық¬¬тың етін си¬ра¬ғынан ұс¬тап, аш¬қа¬рақ¬тана жұл¬ма¬лағанын сырттай бай¬қап қалатын. Құрсағы то¬йып ас ішіп, әріп танып көзі ашылып қалғанда Түр-кіс¬тандағы же¬тім балалар үйі жабылып қалды. "Енді қайттік? Ер¬теңгі күніміз не болмақ?" деп аң¬та¬рыл-ған жетім ба¬ла¬лар көшеге шұ¬бырып ке¬те¬ді. Күзге са¬лым базар, шайхана, те¬мір жол бе¬ке¬тінің тө¬ңі¬регін жа¬ға¬лап, қара қо¬бызын ұзақ шалып отыр¬ғанмен мар¬дымсыз тиын-те¬бен тү¬сетін бол¬ды. Өзге ашөзек жетім ба¬ла¬ларға талғажау тауып бермек түгі¬лі өзі де бүйірі том¬пайып ас ішпейтін жағ¬¬дайға жетеді. Күнкөріс қиын¬дап кеткен соң білім¬нің соңына түссем деген үміті көмескіленген Жаппас қайтадан елге ора-ла¬ды. Бұл кезде Жаппас қара қобызын жанынан бір елі тастамай жүріп, дом¬бы¬раға қолы бі¬раз суып та қал¬ған еді. Ауыл ай¬маққа сыйлы Сүгір күй¬шінің үй¬ге со¬ғып, ықы¬лас біл¬дір¬гені Жаשּׁпас¬тың кө¬ңілін өсіріп жі-берді. Күйші жас ба¬ланың бо¬йын¬¬да¬ғы ұш¬қынды көптен сезіп жүр¬ген еді. Ауылдағы жиын-то鬬да естияр жандармен бірге жүретін Сүгір күйшінің маңайын жиі төңі¬рек¬тейтін болды.
Бекіту.
а) Жүсіпбек Елебеков қай жерде дүниеге келді?
ә) Жүсіпбектің ұстазы кім?
Қорытындылау.
а) Жаппас Қаламбаев қай жерде дүниеге келді?
ә)Жаппас кімдердің күйлерін орындада??
б)Жаппасқа қобыз сыйлаған кім?
Үйге тапсырма: Оқып, түсінігін айту.Мәнжазба жазу.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.