Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Аспаптардың атасы- қобыз. -

Аспаптардың атасы- қобыз.

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3422 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Аспаптардың атасы- қобыз.
Сабақтың мақсаты:
Ғажайып сырлы аспап -қобыз аспабымен таныстыру.
Білімділік мәні :Санғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру.
Дамытушылығы:Оқушылардың жан – жақты білімдерін арттыру.
Тәрбиелік мәні : Музыкалық аспаптар арқылы ұлттық өнерді танып, білу, ұлттық аспаптарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет, технология.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі..
Үй тапсырмасы: Жетіген аспабы.
Актуалдау:
Жетіген қай аспаптың түріне жатады?
1.Үрмелі.
2.Ішекті.
3.Ұрмалы.
Жаңа сабақ: Аспаптардың атасы- қобыз.
Сабақтың барысы:
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған қобызым.
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым.
Қобыз- ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз пайда болды. Бұл қобыздың ішектері сымнан жасалады. Қобыздың екі түрі бар: қылқобыз, қобыз.Қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші – Қорқыт. Ол қобызды бақсы балгермен кезбе дуаналардың қолында жүретін жәй құрал емес нағыз музыка аспабы ретінде таныта білді.Қорқыттың «Қорқыт», «Аққу», «Әуіпбай», «Башпай», «Желмая» т.б. күйлері бар.
Ән үйрету. Қобыз
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған қобызым.
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым.
Аққайыңның безінен
Айырып алған қобызым.
Қара еменді қақ жарып,
Ойып алған қобызым.
Ортекенің мүйізін
Тиек қылған қобызым.
Желмаяның терісін
Шанақ қылған қобызым.
Қылқұйрығын тұлпардың
Қияқ қылған қобызым.
Ақ түйенің сүтіне
Шылап алған қобызым
Қорытындылау :
*Қорқыт күйлері қай аспапта ойналады?
*Қорқыт шығармасы музыканың қай жанрына жатады?
Үйге тапсырма: Аспаптардың атасы- қобыз.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.