.
.
Сыныбы: 3 Аты әнге айналған Балқадиша
Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2655 | Размер: | Автор: Нартай4540Тоқсандық тақырыбы: Халқымыздың мақтанышы әнші- композиторлар
Сабақтың тақырыбы: Аты әнге айналған Балқадиша
Сабақтың мақсаты:
.
Білімділік мәні : Әнші композитордың шығармашылығына тоқталу , таныстыру,
таныту, жан – жақты білімдерін арттыру.
Дамытушылығы: Жас өспірімдердің музыкаға әнге деген
ықыласын дамыту.
Тәрбиелік мәні : Халық композиторларының музыкалық
шығармалары арқылы халықтың салт- дәстүрін, тәрбиесін балаға бере білу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, әндету , шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа ән
Қорытындылау
Үйге тапсырма
Бағалау
Сабақтың барысы:
Аты әнге айналған Балқадиша
Көкшенің асқан әншісі, композитор Ақан сері кемеңгер орындаушы, ақын болған. Бұрын сал серілер астарында аты, қолдарында домбырасы ауылдарды аралып, сауық сайран құрып жүрген.Ақанның атақты әні «Балқадишаның» шығу тарихын өтеміз, үйренеміз.
Ақанның сал-серілік құрып, ауыл-ауылдарды аралап жүрген кезі. Күндердің күнінде Ақан сері сол кездегі Ыбырай деген аты баршаға мәлім, танымал кісінің ауылына бас сұғып, шілдехана тойының үстінен түседі. Ауылға танымал серінің ат басын бұрғандығын естіген ауыл тұрғындары оған ілтипат білдіріп, қошемет көрсетеді. Алайда, төрде отырған Ақанның маңына ешкім отырмайды. Бұл ел аузында Ақан сері туралы алып-қашпа сөздердің кеңінен етек алған тұсы еді. Ақанның қиялға беріліп, жын-перілермен қатысы барын алға тартып, жас қыздар серіден үрейленген. Ақын да, қыздар да өздерін жайсыз сезініп, отырыстың берекесі қашқандай болады. Осы кезде Қадиша қыз «Сері-ағамның жанына мен отырайын» деп Ақанның жанына жайғасады. Мұны естіген Ақанның көңілі жай туып, іштей жібек мінезді бойжеткенге риза болады. Отырыс барысында әндер орындалып, зерделі әңгіме-аңыздар айтылады. Серінің жанында Қадишаның отырғанын оның ағалары естіген бойда, екі жеңгесін жіберіп, қызды алып шығуын тапсырады. Алайда, Қадиша орнынан қозғалмайды, Ақанның да оны жібергісі келмейді. Осы кезде таң атып, бойларында қимастық орнайды. Қадиша қайтуға жинала бастағанда, Ақан сері қолына домбырасын алып, екі ішекті қағып жіберіп әнді орындай бастайды. Бұл ұзақ толғау, үлкен жыр болды.
Алайда, Қадиша қыз үлкен кісіге емес, өз теңіне аттастырылып, кейіннен ұзатылған. Мұны естіген Ақан қоштасу сәтінде туған әнін әрі қарай жетілдірген. Бұл әннің соңғы өлең жолдары мынадай болған:
«Кекілін кер бестінің сылағаным,
Басынан Жыландының құлағаным.
Кетті деп Балқадиша естігенде,
Құшақтап құс жастықты жылағаным.
Тау болсаң, Жыландыдай биік тау бол,
Шапанға ширатпалы жібек бау бол.
Атадан артық туған Балқадиша,
Көргенше енді қайтіп, есен-сау бол»
Ұзақ мұңлы әннің 90 шумағы болған деседі. Өкінішке орай, бізге толық жеткен жоқ. 1988 жылы Қайролла Жүзбасовтың құрастыруымен «Өнер» баспасынан шыққан кітабында «Балқадиша» әнінің үш нұсқасы көрсетілген.
Ән кейіпкері Қадиша Сүлеймен деген текті атаның баласымен бас қосып, үлкен әулеттің босағасын аттаған. Үш қыз және екі ұлдың анасы атанып, 1953 жылы өмірден өткен.
«Балқадиша» әнін кезінде аты аңызға айналған Әміре Қашаубаев, Ғарифолла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебеков орындаған. Кейін Қайрат Байбосынов, Рамазан Стамғазиев, Гауһар Әлімбекова, «Жігіттер» тобы сияқты әншілер өз репертуарларына қосқан.
Дәптермен жұмыс:
Балқадиша
Ақан сері әні
Қызы едің Ыбыкеңнің, Балқадиша,
Бұралған белің нәзік тал – Қадиша.
Жиылған осы тойға қалың қыздың,
Ішінде қара басың – хан, Қадиша.
Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша,
Боларсың біздің сөзге зар, Қадиша.
Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,
Боласың қандай жанға жар, Қадиша.
Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша,
Өзенді өрлей біткен тал, Қадиша.
Бір түгіл екі жеңгең келіп тұр ғой,
Рұқсат бізден сізге бар Хадиша
Қорытындылау:
1.Ақан серінің әндері?
2.Сал, сері деп кімдерді айтамыз ?
Үйге тапсырма.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.