Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстан Республикасының Гимні -

Қазақстан Республикасының Гимні

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2809 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Гимні

Сабақтың мақсаты: Балаларға мемлекеттік рәміздердің
маңызын түсіндіру және әнұранды орындау мәдениетін үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе
білу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды бірін бірі тыңдай білуге,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі : Үнтаспа , суреттер, оқулық

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Сабақтың барысы: Ұйымдастырушылық кезең
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
Біздің Отанымыз – Қазақстан. Оның басты рәміздерінің бірі – Гимн. 2006 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Гимні қабылданды.
Гимннің сөзін жазғандар – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. Ал әнін жазған – белілі сазгер Шәмші Қалдаяқов. Гимнді жатқа білу – әрбіріміздің парызымыз!

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Гимні
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Музыка тыңдау: «ҚР Гимні»

Үйге тапсырма:

Бағалау:

Қорытындылау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.