.
.
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық аспаптары Қазақтың ұлттық аспаптары
Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2128 | Размер: | Автор: muniraСабақтың мақсаты
1. Оқушыларға халқымыздың ұлттық аспаптары жайлы түсінік беру
2. Оқушылардың музыкалық даусын қалыптастыра отырып, халқымыздың ұлттық музыка аспабының құрылысын меңгере білу, рухани, мәдени дамуына қол жеткізу. .
3. Өнерге қызығушылығын арттыру
Көрнекіліктер: Слайдтар, музыка аспаптары
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың мазмұны мен өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушыларды музыкамен қарсы алу.
3. Қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру.
4. Ой сергіту.
5. Қорытынды.
6. Үй тапсырмасы.
Сәлеметсіздер ме балалар! Біз бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысып, олардың түрлерімен, ойнау әдісімен танысамыз.
- Оқушылар қазақ халқының қандай музыкалық аспаптарын білесіңдер?
- Домбыра аспабының құрылысын кім айтып бере алады?
- Күй дегеніміз не?
- Күйші дегеніміз кім?
- Күйшілерді айтып беріңдерші?
Ендеше балалар мен сендерді қазақтың қандай музыкалық аспаптары бар екен,сонымен таныстырайын.
Домбыра — қазақ халқының кең тараған аспаптарының бірі. Қазақстанның аймақтарына байланысты күйлер «төкпе» және «шертпе» дәстүріне бөлінеді. Домбыра аспабының пішіні де осы орындаушылық мектептерге байланысты жасалынады. Домбыра күйлері — қазақ хақының ішкі жан дүниесін суреттейтін туынды
Қылқобыз — әлемдегі ысқышпен орындалатын ішекті аспаптардың атасы, қос ішекті көне музыкалық аспап. Қобыздың екі ішегіне және ысқышына аттың құйрық жалының қылы тағылады. Қобыз адамның денесін шымырлатып, жүректі тербейтін қоңыр қою дыбыс береді. Қобыз күйлері халықтың мұңы мен қуанышын, ішіндегі сырын айқын суреттейді. Ерте заманда қобызды жыршылар, бақсылар, емші — балгерлер ойнаған. .
Сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыз жырларды айтқан. Сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелердегі құрметті қонақтар болған. Сыбызғының кең таралуы, қолданылуы оның қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сыбызғыны қуыс талдан жасаған, одан үш саңылау ойған. Сыбызғының оңай және тез жасалатынына қарамастан, ойнау жеңіл болмаған. Сыбызғылық күйлер әдетте екідауысты болып келеді. Бір дауыс аспаптан шықса, екінші дыбыс орындаушы-музыканттың тамақты дыбысынан пайда болған.
Сазсырнай — саздан жасалған үрлемелі аспап. Үні ашық, нәзік болады. Сазсырнай қазақстан аймағындағы Отырар қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Ежелде бұл аспап балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен таралға
Жетіген — шертіп ойнайтын жеті ішегі бар музыкалық аспап. Тиектің орнына асықтарды пайдаланған. XX ғасырда белгілі фольклор зерттеушісі Болат Сарыбаев жетігенді көне көз қариялардың сипаттауы бойынша құрастырып, қайта қалпына келтірді. Ертеде жетіген аспабын жыраулар жиі қолданған — оның әуені аң аулуға шыққанда немесе алыс жорыққа аттанарда сәттілік әкеледі деп сенген.
Шаңқобыз — темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқа атаулармен көптеген халықтарда кездеседі. Оның сирек кездесетін бір түрі — ағаш шаңқобыз — ағашқа бекітілген жіпті тербеу арқылы дыбыс шығарылады. Шаңқобыз тілдік аспаптар тобына жатады. Шаңқобыздың құрылымы қарапайым. Ол кішкентай доға түрінде бастары жіңішкеріп келетін темір аспап, бұл доғаға жұқа темір серіппе бекітіледі. Шаңқобызды ерінге қойып, ойнайды. Дыбыс серіппенің тербелісі арқылы шығады. Ауыз қуысы аспап резонаторын атқарады. Шаңқобызды осы жүзжылдықтың 40 жылдарына дейін Қазақстанда кездестіруге болады
Сергіту сәті
«Әуенін тап»
Шарты: Музыка жетекшісі үнтаспа арқылы әртүрлі әуендерден үзінді ойнатады.
Балалар, сол әуендердің қандай ән екенін естеріне түсіріп, әннің атын атайды.
Қорытынды.
- Тақтада қандай суреттер көрсетіліп тұр.?
- Міне, біз оларды бір сөзбен нелер деп айтамыз? аспаптар
- Біз ұлттық аспаптардың түрлерімен таныстық.
- Сендерге сабақ ұнады ма?
- Жарайды, ендеше жақсы көңіл - күй мен сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.