.
.
Ағыбаева Индира Әбдіәлімқызы «Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»
Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 360 | Просмотров: 1573 | Размер: 254.0 Kb | Автор: muniraҚызылорда облысы,Қазалы ауданы
Басықара ауылы ,№ 182 мектеп
Музыка пәні мұғалімі
Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»
Мақсаты:
а) Білімділік: әр аспаптың жасалу ерекшелігі, дыбыс
бояуының әр түсінігі, шығу тарихы жайлы түсінік беру,
білімдерін дамыту.
ә) Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін
дамытып, ән айту, лирикалық аспаптарда ойнай білу
қабілеттерін арттыру.
б) Тәрбиелік: лирикалық аспаптарды ұлтымыздың
мақтаныш тұтуға тәрбиелеу. Ұлттық өнерге
қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.
Сабақтың типі: аралас
Әдісі: Суретті –түсіндірмелі, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұрмалы аспаптар, баян аспабы.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу
ә) түгелдеу
ІІ. Жаңа сабақ: Керней, сырнай тарттырып,
Даңғыра, дабыл қақтырып,
Барып түсті Алпамыс
Қаракөзайым үйіне...
( «Алпамыс батыр» жыры)
Мұғалім: Мына жыр жолдарында не айтылады?
(оқушылар өз ойларын айтады.) жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
«Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»
Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата –бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т.б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді.
профессор орындаушы
қазақтың өнертану
музыкалық зерттеушісі ғылымының
кандидаты
зерттеуші
шежіреші
Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б.Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300 –ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 ж. көне ұлттық музыкалық аспаптардан анасамбль ұйымдастырды. Б.Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөлді:
үрлемелі ұрмалы
сілкімелі
ысқышты
ішекті
шертпелі
тілшікті
Бүгінгі сабағымызда ұрмалы, сілкімелі аспаптарға тоқталамыз.
Ұрмалы аспаптар: дабыл, даңғыра, дауылпаз, тұяқтас.
Сілкімелі аспаптар: асатаяқ, қоңырау.
Ертеде ұрмалы аспаптарды әскери ұрыстарда, аңға шыққанда, халықты бір орталыққа жинағанда белгі беру үшін пайдаланса, бақсы-балгерлер, малшылар мен бақташылар да өз мақсаттарына қолданған.
Дабыл -бұл «дабыл қағу» деген сөз. Дабылды ұрып ойналатын аспап деп қазақ ауыз әдебиетінде көп қолданған. Даусы күркіреп шығады. Аспаптың екі жағы көн терімен қапталады. Ерге іліп қою үшін бүйіріне ағаш сап орнатылады.
Даңғыра –бір жағы көн терімен қапталып ішкі қуысына әр түрлі сылдырмақ, қоңырау ілінген.
Дауылпаз – дауылпаздың бірнеше түрі бар: қазандауылпаз, нардауылпаз. Мысалы: қазандауылпаз қазан тәрізді шұңғыл. шанақты, үш бұрышты. Мұның бетіне малдың терісін кері салған да, күн көзіне кептірген.
Асатаяқ – тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер ілінген, сілкіп ойнайтын аспап.
Қоңырау – қоңырау алты қоңырауы бар, сілкіп ойнайтын музыкалық аспаптың жетілдірген түрі. Үні таза шығу үшін таза жез немесе мыстан құйып жасаған. Қалыңдығын өзгерту арқылы дыбыстың ауқымын түрлендіріп отыруға болады.
Тұяқтас – қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Ұзатылатын қыз ұзатылуына үш –төрт күн қалғанда қоштасу әнін айта бастайды. Әуенін тұяқтаспен сүйемелдеп отырады.
Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады, тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді, оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді.
Бүгінде бұл аспаптар тек қана мұражайда сақтаулы ғана емес, музыкалық аспап ретінде ансамбль мен оркестрлерде кеңінен қолданылады.
ІІІ. Музыка тыңдау: Қазалы аудандық «Мырза» атындағы ұлт аспаптар оркестрінің орындауында композитор
Шабельский –Шаргородскийдің «Той бастар» күйі тыңдалады.
Ұлттық аспапта өзге ұлттың музыкасын орындауға болады.
- Қандай аспаптардың дауысын естідіңдер?
- Оркестрдің құрамы қандай?
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
Ноталардың астында сұрақтар жасырылған. Сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер қазіргі үйренетін әніміздің тақырыбы шығады.
1. Болат Сарыбаев кім?
2. Көне музыкалық аспаптарды нешінші жылдан бастап жинақтап,
зерттеді?
3. Ойнау тәсіліне байланысты аспаптардың түрлерін ата.
4. Қандай аспап?
5. Қандай күй тыңдалады?
6. Қандай аспап?
7. Аспаптар бір –бірінен несімен ерекшеленеді?
«Бе – сік жы –ры » ә - ні – міз
Нотаны әндетіп орындау.
Ү. Ән үйрету: «Бесік жыры» Әнін жазған: А.Жайымов
Өлеңін жазған: Қ.Сыдықов.
1) Әнді тыңдату.
2) Фраза бойынша үйрету.
3) Ұрмалы, сілкімелі аспаптарды әнге қосып орындату.
ҮІ. Қорытынды:
Ұлы жазушы М.Әуезов «Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген екен. Ендеше ән мен күйге құмар болып, қызығушылықтарың арта түссін деп сабағымызды аяқтаймыз.
ҮІІ. Бағалау.
ҮІІІ. Үйге: 1) А. Жайымовтың «Бесік жыры» әнін жаттау
2) Ұрмалы, сілкімелі аспаптардың суретін салу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.