Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары -

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1599 | Размер: | Автор: munira
. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

Мақсаты:
1. Оқушыларға халқымыздың ұлттық аспаптары жайлы түсінік беру
2. Өнерге қызығушылығын арттыру
3. Қоғам мүшелерінің жоғары деңгейдегі адамгершілік, рухани,
мәдени дамуына қол жеткізу.

Қолданылатын қанатты сөздер:
«Өнегелі өрге жүзеді» , «Өнерлінің өрісі кең»
Қолданылатын көрнекіліктер:
Қазақ ұлттық аспаптарынан құрылған бұрыш, буклеттер, үнтаспа,
домбыра
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
ІІІ. Жаңа тақырып
ІV. Қорытындылау
Үй тапсырмасын сұрау:
Тестік диктант (үйге берілген тапсырманы тестік диктант арқылы пысықтаймыз) негізгі таңбасы таяқшасы жалаушасы таяшаларды жалғайтын сызықшалар.
Дұрыс жауабын сызықша арқылы көрсетеді.
Әр октава альтерация белгілері арқылы өзара қанша бөлшекке бөлінеді? Ол қалай аталады?
Жаңа тақырыпты бастай тұра мен свіздерге сабаққа эпиграф ретінде Қ.Мырзалиевтің өлеңін оқып бергім келеді:
Екі шектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра.
Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ –домбыра.
Домбыра-қағып, шертіп ойналатын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән-күйі орындау дәстүріне байланысыты домбыраның бірнеше түрі бар, олардың тек пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әр қилы болып келеді.
Шертер- шанағы терімен қапталған, қазақ хыалқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған.Ол екі немесе үш шекті болып келеді. Құрылысы жөнінен домбыра аспабына ұқсас келеді.
Асатаяқ-ертеден келе жатқан ұрмалы аспап.Қазақта қоңырау, сақпан, тұяқтас, шартылдақ сияқты аспаптарда бар.
Соқпалы, ұрмалы аспаптар: дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл.Ұрмалы аспаптар аңға шыққанда, діни жоралғыларда, жаугершілік жорықтарда пайдаланған.
Шаңқобыз-көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілшесі болады. Щаңқобызға жіп байлап, сол жіпті серпіп тарту арқылы тілшені тербеліске келтіреді де, дыбыс шығарады. Мұндай аспаптың темір текшелерден жасалған түрі де бар.
Сыбызғы- қурайдан, ағаштан жасалатын көне музыкалық аспап. Ол ертеректе бақташылардың ең сүйікті аспабы болған.
Сазсырнай-үрмелі аспаптар тбына жатады.ол саздан жасалып, отқа күйдіріледі. Бұл аспаптың көлеміде, түрі де әр түрлі болады. Аспаптың іші қуыс, қарама-қарсы жақтан тесілген бірнеше кішкентай ойығы бар.
Қобыз-ысқышпен тартылатын, қос ішекті музыка аспабы. Дыбыс ішекті тырнақтың жағымен басу арқылы шығалды.
Домбыраны ойнау дағыдылары:
Дұрыс ұстау
Есту қабілетін дамыту
Нотаны үйрену
Нотаны ойнау
Ырғақты ойнау
Ырғақты меңгеру
Қағыс түрлерін меңгеру
Сол қолдың саусақтарын дұрыс қою
Екі ішекті ноталарды ойнау дағдылары
Өлшемдегі дұрыс ойнау дағдысы
Паузаларды ойнау дағдысы
Нүктелі ноталарды ойнау дағдылары

Осыдан мынадай нәтижелерге:

- шыққан нәтижені қортыу
- сапалы теориялық дайындық
- теориялық білімді тәжірибелік деңгейге ауысуы
- дағдылар құрылымын реттік бағытта меңгеру
- нота элементтерін дағды деңгейінде орындауға қол жетеді.

Осы тұста оқушылардың шығармашлығын бақылап көреміз.

ДОМБЫРА
ҚОБЫЗ
МҮЙІЗ СЫРНАЙ
ДАБЫЛ
ҚОБЫЗ
СЫРНАЙ
АСАТАЯҚ

Домбыра бізге ежелден-ақ қастерлі
Домбыраның әні қандай әсерлі
Жошы ханнан қалған бір аңыз бар,
Пішіні де көлемді де әдемі
Қолыма алдым қағазды,
Бір мұң сыр бар үнінде

Балалар, енді «ЭТЮД» тыңдайық.
Келесі блок-схема бойынша күй шерту дәстүрін тереңдете меңгеріп жүргендіктен, сіздердің назарларыңызға Арғанғазының күйі «Арғанғазыны» ұсынамыз.
Оқушылардың дағды деңгейлерін анықтау үшін мына карточка пайдаланылады.
Мұғалім іс-әрекеті. Сабақты оқып үйрену, пысықтау

Оқушының әрекет деңгейі. Балл. Пікір, ұсыныс

1.Дұрыс ұстау 5
2.Есту қабілетін дамыту 5
3.Нотаны үйрену 4,5 Жатта
4.Нотаны ойнау 4,5
5.Ырғақты ойнау 4,5
6.Ырғақты меңгеру 5
7.Қағыс түрлерін меңгеру 4,5
8.Сол қолдың саусақтарын дұрыс қою 4,5
9.Екі ішекті ноталарды ойнау дағдылары 5 Пысықта
10.Өлшемдегі дұрыс ойнау дағдысы 4
11.Паузаларды ойнау дағдысы 5
12.Нүктелі ноталарды ойнау дағдылары 5

Мониторинг

Оқушыны бағалау.Үйге тапсырма беру
Қазақтың ұлттық аспаптарына буклет жасау.

Жоспары:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім
1.Саз аспаптарымен сабақты
таныстыру
2.Сыныптан тыс
жұмыстарды ұлттық саз
аспаптарымен насихаттау

ІІІ.Қорытынды

Әдебиеттер:

1. «Қазақстан мектебі» журналы (2001ж №3)
2. «Музыка әлемінде» журналы (2000ж №1)
3. «Музыка әлемінде» журналы (2002ж №2)
4. Қазақстан энциклопедиясы

Қорытынды. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде саз аспаптарының алар орны ерекше. Оның үстіне оқушы бойында өз халқының ұлттық саз өнерін құрметтеуге , мақтан тұтуға деген ерекше сезім пайда болады. Бұл сезім оларды ұлттық саз аспаптарын үйренуге қызығушылығын туғызады. Ұлттық саз аспаптары домбыра мен қобызды ойнау , оған қосылып өлең айту ұлтымыздың ежелгі дәстүрі. Осы дәстүрді жалғастыру , ұлттық аспаптармен елімізді дүние жүзіне танытып жүрген апа-ағалары туралы мәліметтер беріп отыру да назардан тыс қалған емес. Ауылымызда саз мектебі болғандықтан мектепте саз пәнінен үйірме берілмейді.
Мектептің оқушысы осы саз мектебінде оқыса, оның домбыра, қобыз класында оқиды. Мектепте домбырамен ән салатын , күй тартатын оқушы бар.Өзім домбыра аспабында күй тартып, терме айтуға үйреткен оқушым Ақтаев Бауыржан ( мектептің 2004 жылғы түлегі) қазір Атырауда Өнер Академиясында оқиды.
Ұсынысым: Мектепте оқушыларға ұлттық саз аспаптарын үйрету үшін саз пәнінен үйірме ашылса, ұлттық саз аспаптары алынса нұр үстіне нұр болар еді.
-
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.