Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары -

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 259 | Просмотров: 1925 | Размер: 78.5 Kb | Автор: munira
. 2008 - 2009 оқу жылы




(Ашық сабақ)

№2 Кеген орта мектебінің
музыка пәнінің мұғалімі: Қасымов. Е. Т
Сабақтың тақырыбы:
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Мақсаты:
1. Қазақ халқының бай мұраларын, соның ішінде ғажайып әндері мен күйлерін бүгінгі күнге жеткізген халық аспаптары туралы бала бойына сіңдіру.
2. Оқушылардың өнерге қызығушылығын арттыра отырып ән айту шеберліктерін жетілдіру және танымдық ой-өрісін дамыту.
3. Ұлттық тәрбие көзі ретінде халық музыкалық аспаптарының үнділігі, саздылығы, көркем эстетикалық тұстарын тереңірек талдау арқылы балаларды өз Отанының нағыз азаматы болуға баулып, оның ұлттық көзқарасы мен санасын ояту.

Сабақтың өтетін мерзімі:___________________________
Сабақтың өтетін орны: _____________________________
Құрал-жабдықтар,көрнекті құралдар: бор, тақта, карточкалар, видеопроектор, үнтаспа, бейнетаспа, музыкалық аспаптар (шаңқобыз, домбыра, шертер, сыбызғы, сазсырнай, қобыз, жетіген, тұяқтас, мүйіз, сылдырмақ, даңғыра т.б.), қосымша суреттер, сөзжұмбақ, рефераттар.
Әдіс-тәсілдер: Байқау әдісі, эвристикалық, түсіндіру, тест, көрсету, тыңдату, сұрақ-жауап.
Дәріс түрлері: көзбен шолып байқау, дәріс - диалог.
Білім беру технологиясы: білімді проблемалықпен баяндау.
Сабақтың типологиясы: жаңа білімді меңгерту

Сабақ барысы:
1. Дайындық кезеңі.
А) Кезекші мәліметімен танысу
Ә) Сәлемдесу рәсімі.
Б) Оқушыларды түгендеу.
В) Оқушылардың оқу-құралдарын (кітап, нота дәптері,
қаламдарын) тексеру.
Г) Оқушылардың назарын пәнге аудару үшін сергіту ойынын ойнату (Тамаша тілек).
Мұғалім: Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ домбыра – демекші ұлттық аспабымыз домбырамен бірге жасасып келе жатқан музыкалық аспаптар әлеміне саяхат жасау үшін бүгінгі сабағымызды бастайық.
2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқын айтып түсіндіру
кезеңі:
Балалар бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысып, олардың шығу тарихын және сазды әуендерін жадымызда сақтап, елімізді, ұлтымызды сүйе отырып, өзге ұлт өкілдеріне мақтанышпен дәріптейміз. Мұнда сабақ үрдісі арқылы ұлттық-патриоттық тәрбие аламыз.
3. Материалды түсіндіру кезеңі:
Әр халықтың өзіндік тұрмыс тіршілігіне , табиғи орналасқан жеріне, мінезіне , тұрмыс-салтына байланысты музыкалық аспаптары да түрліше болады. Сол аспаптар арқылы музыка мәдениеті қалыптасады.
Өлең оқылады:


Слайд арқылы музыкалық аспаптарды көрсету, үнін естірту.

4. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі:

Сұрақ-жауап:
а) Қандай музыкалық аспаптармен таныстық ?
ә) Алғашқы көне аспапты кім арқылы таныдық ?
б) Әр аспаптардың үнін естідік, үрлемелі аспаптардан қандай әсер алдыңдар ?
в) Көне аспаптарды қазіргі заман талабына сай өңдеген композиторларды ата ?
г) Әлемдік эстрадалық музыкада осы аталған аспаптардың алатын орны қандай ?
д) Алғашқы көне аспаптар қай жерде табылды ?

Сөз жұмбақ: «Ұлт аспаптар»


1) Жылқының тұяғынан немесе ағаштан жасалатын көне аспап ?
2) Ыспалы аспап ?
3) Асықтың көмегімен шертіп ойналатын көне аспап ?
4) Қазақтың негізгі ұлттық аспабы ?
5) Үрлемелі аспап ?
6) Ұрмалы - соқпалы аспап ?
7) Үрлемелі түтік аспабы ?
8) Ұрмалы – сілкімелі аспап ?
9) Үш ішекті шертіп ойналатын аспап ?
10) Ортасында жіңішке тілі бар, лираға ұқсас аспап ?
11) Анасы бөбегін жұбатқан аспап ?

5. Бекіту кезеңі.
Көне халық аспаптары халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл қазынасы екенін айтып, көп нүктенің орнына тиісті сөздер қою.
1. « ..................... жүрегіммен үндес едің ,
Сенімен сырласымдай тілдесемін,
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң
Өнердің не екенін білмес едім ».(М. Мақатаев)

2. Бабаларым рахмет сендерге
Балаларым болмасын деп құр кеуде
.................мен қосып ән мен күй бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде.
Бабаларым рахмет сендерге. ( М. Мақатаев)
(керекті сөздер: домбыра, қобыз).
Б а ғ а л а у:Оқушыларға нота кілті мен қобыз,домбыра таратылады.
(Нота кілтінде «4»,домбыра мен қобызда «5» )
6. Үй тапсырмасын беру кезеңі.
Қазақ халқының музыкалық аспаптары жайында өз ойларыңнан ертегілер мен әңгімелер құрап,буклеттер жасап келеміз .
Қоштасу рәсімі:
Бабаларым рахмет сендерге
Балаларым болмасын деп құр кеуде
Қобызыңмен қосып ән мен күй бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде.
Бабаларым рахмет сендерге
-деп мұзарт таудың мұз балағы М. Мақатаев айтқандай, баба сөзімен сіздерге рахмет айтқым келеді. Мен сендердің болашақтарыңнан үлкен үміт күтемін, бүгін біздер ойда қаларлықтай сабақ өттік. Сау болыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.