Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» -

«Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2677 | Размер: | Автор: munira
. Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
Тайынша қаласы
№5 орта мектеп
Музыка мұғалімі
Есмуханова Самал Жанатлековна

Семинар сабақ
«Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»
Мақасаты:Қазақ халқының көне аспаптарының шығу тарихын есте сақтауға баулу.
Дамытушылық:Аспаптың үнімен,сыр-сипатымен таныстыру.Халық музыкасына деген сүйіспеншілін арттыру.
Білімділік:Есте сақтау,есту,ырғақ сезіну қабілеттерін дамыту.
Міндеті:Музыканың адам өміріндегі маңызын терең түсіндіру,адамгенршілікке ,әсемдікке,сұлулыққа тәрбиелеу.Оқушыны сөйлеуге,ойын тұжырымдауға үйрету.
Ұйымдастыру бөлімі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақты меңгеру
Сабақты бекіту
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма беру

Сабақ жоспары:
1.Үй тапсырмасы.Халық күйі «Ақсақ құлан» суреттеу.
2.Домбыра туралы аңыз.
3.Домбыра аспабының құрылысымен танысу.
4.Музыка сауаты.Домбырада ойнайтын он саусақ.
5.Муызка тыңдау.Н.Тлендиев «Ата толғау»
6.Қобыз аспабымен танысу.
7.Қобыз аспабында күй тыңдау. Орн: Жаргөлбай Риза
8.Ұлттық аспаптармен танысу.
9.Аспапта ойнау.Ұллтық аспаптар.Жұмабай Гүлнұр «Жұмырлы қылыш»
10.Сабақты қорытындылау сөзжұмбақ шешу.
11.Үйге тапсырма .Сазды аспаптар сыры тақырыбына сурет салу.

Үй тасырмасын тексеру.
Халық күйі «Ақсақ құлан».Басты кейіпкерледі суреттеу.

Оқулықпен жұмыс:
«Ертеде бір аңшы жігіт болыпты ,сол аңшы жігіт биік таудың қиясын,қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы маралдан аулап,кәсіп етсе керек.Бірде жолы болып, биік таудың қиясынан теңділ марал атып алады да ,маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын ақтарып алып тастайды.
Содан арада айлар өткенде аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса,құлағынан бір ызыңдаған дауыс естіледі.Барлап қараса,өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұщқан болу керек,қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді.Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады.Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап,жанағ жайлы дыбыс шығарады.Оның өзі бірде уілдеп,бірде сарнап,енді бірде сыңсып жылағандай болып ,аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді.
Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен,бір амал жасайын»-деп ішекті үйге алып келеді де,бір аспап жасап,соған қос ішекті тағады.Содан тартып көрсе,шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді.Бұл аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймады,тыңдаған жанның бәрін ұйытады.Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады.

Домбыра-қағып,шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап.Қазақтың ән-күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар,олардың тек сырт пішіні ғана емес,ішек және перне саны да әрқилы болып келеді.Қазір домбыраның екі түрі кездеседі.Негізінен екі ішекті болып келеді.3 ішекті домбыралар да бар.Қазақстанның батыс өңірі,Арқа мен солтүстік-шығыс өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланады.

Қолымдағы қу ағаш
Сайрап отыр бұл ағаш.
Қолымдағы ағашым-
Алып жүрген домбыра.
Домбыра күнә деген сөз,
Тек айтқан домбыра.
Таңда мақшар болғанда
Кімнің жақсы-жаманын,
Алла білер соңында...
...Ішегін күнә десеңіз,
Жұмақтан келген қойдікі,
Пернесін күнә дейсіз бе?
Есебі ол-пәннің он екі !
Құлағын күйнә десеңіз.
Хазіреті біләлдің,
Құлағы екен деседі.
Тиегні күнә демеңіз
Шиеленген сыр шешеді!
Зауықты күнә демеңіз,
О да айтпен тойдікі.
Сазды күнә демеңіз,
Атамыз атам пайғамбар
Жеті сазбен дерге кеп
Күй шертіпті денег бар.
Ол күндегі о да саз,
Бұл күндегі бұ да саз
Сазды күнә деп жүрген
Молдеке сенің ақылың аз.

Музыка тыңдау: Құрманғазының күйі «Аман бол шемем, аман бол»

Музыка сауаты: Домбырада ойнайтын он саусақ.
1.Оң қол саусақтарымен ішекті қағу әдісі.Оң қолдың сұқ саусағымен бас бармақты жоғары-төмен,ерсілі-қарсылы ішекті қағу арқылы дыбыс пайда болады.Сұқ саусақпен ішекті төмен қаққанда,бас бармақ ішекке тимей,сұқ саусақ бүгіліп,ол бас бармақтың астында жатады.Осылайша алама-кезек,арлы-берлі,жоғары-төмен ішекті қайғу керек.

2.Сол саусақтармен перне басу әдісі.Сол қол саусақтары ішектің үстінен басып пернеге тіреледі.Екеуі қосылып дыбысты анық шығарады.Дыбысты анық шығару үшін пернені буында бүгіп басу керек.Шынтақты көтермей,қолдың басын еркін ұстауды есіңнен шығарма.

Перне басып көрсету,үйрену.

Музыка тыңдау.
Жұмабай Гүлнүр «Жұмырлы қылыш»

Қобыз аспабы туралы аңыз.

Қорқыт жасынан өте ұғымтал,құймақұлақ болып өседі.Сол кездегі аспаптардың бәрінде керемет ойнайд екен.Аоайда оған қанағаттанбай,адам мен жануарлардың үнін,табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді.Он ойланып,жүз толғанады.Қарағай ағашын кесіп әкеліп,одан бір нәрсенің жобасын жасайды.Бірақ ары қарай қалай,не істерін білмей қиналады.күндер осылай өте береді.Бір күні шаршап отырып,көзі ілініп кетіп,түс көреді.Түсіне періште енеде.Ол балаға: «Қорқыт жасап жатқан қобыздың 6 жасар нар атаның жілігіндей екен.
Енді оған нар түйенің терісінен жасалған шанақ,ортекенің мүйізінен ойылған тиек,бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр.Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен» дегени кеңес береді.Қорқыт ұйқысынан ояна сала,осы айтылғандардың бәрін жасайды.
Қарағайдың түбінен,
Қайрап алған қобызым.
Үйеңкінің түбінен,
Үйріп алаған қобызым-деп қобызды қолына алған кезде қобыз сарнап қоя беперді.Қобыз үнін бар табиғат,ұшқан құс,ескен жел,жүгірген аң, бәрі тоқтай қалып,құлақ түре тыңдапты.

Музыка тыңдау: Жаргөлбай Риза «Ұшардың ұлуы» Қорқыт
Жетіген-көп ішекті музыкалық аспап.Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып,шанағы терімен қапталады.Күйге келтіру үшін тиек орнына асық қойылады.Кейбір ғалымдар «жетіген» сөзі жеті байлық,жеті қазына дегенді білдіреді десе,кейбір аңыздарда ол «жеті» және «ән» сөздерінің бірігуінен құралуы мүмкін дейтін пікір бар.Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып,шанағы көн терімен қапталады.
Шертер- шанағы терімен қапталған,қазақ халқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі.Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған.Ол екің немесе үш ішекті болып келеді.Құрылысы жөнінен домыбыра,қобыз аспаптарына да ұқсас келеді.Шертеде шертпе күйлер орындалады.

Асатаяқ-ертеден келе жатқан сілкімелі аспап.Қазақ халқында ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданылған.Қазақта қоңырау,сақпан,тұяқтас,шартылдақ сияқты сілкіп ойнайтын аспаптар бар.
Соқпалы-ұрмалы аспаптар: дабыл,даңғыра,кепшік,дауылпаз,шыңдауыл және басқалар.Ұрмалы аспаптар аңға шыққан кезде,діни жоралғыларда,жауынгерлік жорықтарда пайдадаланған.
Шаңқобыз-бұл көне музыкалық аспап.Оның ортасында сүйір тілшесі болады.Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан жасалады.Шаңқобызға жіп байланып ,сол жіпті серпіп тарту арқылы тілшесі тербеліске келтіріледі де дыбыс шығады.

Сыбызғы-қурайдан,ағаштан,кейде жезден жасалатын көне үрлемелі музыкалық аспап.Ол ертектерде бақташылардың ең сүйікті аспабы болған.
Сазсырнай-үрлемелі аспаптар тобына жатады.Ол саздан жасалып,отқа күйдіріледі.Бұл аспаптың көлемі де,түрі де әртүрлі болып келеді.Аспаптың іші қуыс ,қарама-қарсы жатқан тесілген бірнеше кішкене ойығы бар.

Үскірік-саздан жасалатын тағы бір аспап.Үскіріктің үні құсқтың дауысына ұқсас.Бұл аспапта халық әндері орындалады.
Мүйіз сырнай-мүштік арқылы үрлеп ойналатын аспаптардың ескі түрі.Мүйізден жасалады. Бармақпен басқанда дыбыс шығаратын үш тесігі бар.
Ұран-үрлеп ойнайтын музыкалық аспап,оны бұрын жауынгерлер көп пайдаланатын болған.Ұзындықтары әр-түрлі екі түтіктің әрқайсында үш-үш тесіктен бар.

Аспапта ойнау:Сілкімелі аспаптарда ойнау.
1. Н.Тлендиев «Ата толғау»
2. Халық әні «Қамажай»
Сабақты қорытындылау.
Сөзжұмбақ шешу.
«Қобыз» сөзіне
1.сілікіп ойналатын аспап түрі.и /асатаяқ/
2.Қазақтың ұлттық аспабы./домбыра/
3.Аңға шыққанда ,діни жоралғыларда ,жауынгерлік жорықтарда пайдаланатын ұрмалы аспап. /дабыл/
4.Бақташылардың қурайдан жасалатын ең сүйікті аспабы./сыбызғы/
5.Тілшесін саусақпен шалып ойнау арқылы ойналатын музыкалық аспап. /шаңқобыз/
Үйге тапсырма: «Сазды аспаптар сыры» тақырыбына сурет салып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.