.
.
Сабақтың тақырыбы : Бейбітшіліктің ақ құсын әнге қосқан - Бейбітшіліктің ақ құсын әнге қосқан - А Жұбанов
Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1965 | Размер: | Автор: Нартай4540А Жұбанов
Сабақтың мақсаты : Оқушыларды сазгер өмірімен және
«Ақ көгершін әнімен таныстыру.
Тәрбиелік мәні : Оқушыларды бірін-бірі тындай білуге,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Көрнекілік : Оқулық,суреттер
Сабақтың барысы :
50 жылдары А.Жұбанов ғылыми,ағарту және ұстаздық жұмысқа көп көңіл бөлді.Алматы мемлекеттік консерваториясы ашылған күннен бастап,оның директоры болды. Оның бастауымен консерваторияда дыбыс жазу кабинеті,музыка кітапханасы ұйымдастырылды. Республикамыздың концерттік өміріне мұғалімдер мен студенттердің белсене қатысуын қолдады. Олар 1949 ж. Москвада, 1951ж. Берлинде 1963 ж. Бухаресте өткен халықаралық фестивальдерде өнерлерін көрсетті.Жас дирижерлер – Ф Мансуров және Ш.Қажғалиевтің басшылығымен студенттік оркестр және талантты қобызшы Ф.Балғаева фестивальде лауреат атақтарына ие болды.А.Жұбанов қазақ музыкасы тарихынан лекциялар оқып,дирижерлық және музыка шығармаларын оркестрмен орындауға ыңғайлау кластарын жүргізді. Қазақ музыкасы туралы талай ғылыми еңбектер жазды.Оның ішінде тарихи және көркемдік жағынан құнды туындылар «Ғасырлар пернесі», «Ғасырлар бұлбұлдары» атты кітаптарын ұрпақтары баға жетпес байлық ретінде қабылдайды. Мұнда күйшілер мен әншілердің өмірі және шығармашылығы, Батыс Европа және орыс музыкасы, композиторлары туралы құнды деректер бар. Н.А.Римский-Корсаковтың «Менің музыкалық өмірімнің шежіресі», А.Виноградовтың «Паганиниді кінәлау» атты кітаптарын қазақ тіліне аударды.А.Жұбанов Батыс Қазақстан дәстүрінің ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбаев туралы опера жазу ойынан кетпейді. Оның шығармашылығын зерттеу жолында көп күш жұмсады.1936 ж «Қазақтың халық композиторы-Құрманғазы» атты кітапшасы ,1942 ж. Құрманғазы туралы жаңа мәліметтері очерк түрінде «Қазақ композиторларының өмірі мен шығармашылығы» деген атпен жарық көрді. 1952 ж. Қазақстан Композиторлар одағының пленумында А.Жұбанов Құрманғазы туралы баяндама жасады. 1960 ж Құрманғазы туралы кітап және «Құрманғазы күйлері» атты жинағы баспадан шықты.А.Жұбановтың қазақ халқының ән мен күй шығармаларының табиғаты мен ерекшелігі ,ұлы күйшілер Құрманғазы,Дәулеткерей,Тәттімбет,Сейтек,Қазанғап туралы монографиялық ғылыми-зерттеу еңбектері -қазақ музыкасы тарихына қосылған қомақты үлес. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді. Қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармаларға байытты.Олар - «Тәжік биі», «Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокалдық сюитасы», «Абай сюитасы».А.Жұбановтың ұйымдастыруымен 40-шы жылдары (80-ші жылдарға дейін) Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңдай ән,күй нұсқаларын жинақтап, ән сүйер халқына жеткізді
Бағалау : Оқушыларға тиісті бағасын қою.
Қортындылау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.