Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Құдіретті  музыка» -

«Құдіретті музыка»

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2022 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Өтілетін уақыты: 10 желтоқсан 2014 жыл Сыныбы: 5 «А»
Тақырыбы: «Құдіретті музыка»
Мақсаты: Оқушыларға музыканың құдіреттілігін әйгілі өнер адамдары арқылы паш ету. Музыка жанрларына қазақ музыка өнері арқылы тоқталу. Балалардың шығармашылық қабілетін жетілдіру. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру.
Міндеті: - Оқушының, есте жаңғырту, музыкалық шығармаларды ажырата білу қабілеттерін тексеру.
- Шығармашылыққа икемді тұлғаның жан-жақты болуына ықпал ету.
- Халық композиторларына деген ерекше көзқарастарын қалыптастырып, олардың шығармаларын тыңдауда рухани ләззат алуға тәрбиелеу.
- Өзін және өзгені бағалауға мүмкіндік беру.
Күтілетін нәтиже: • Музыканың құдіреттілігін түйсінеді;
• Симфониялық музыканы таниды;
• Симфониялық оркестрдің құрамындағы аспаптарды ести алады;
• Этно-фольклорлық оркестр мен ұлттық аспаптар оркестріндегі музыкалық аспаптардың түр сипатын тани алады;
• Классикалық музыканың құдіреттілігін біле алады;
• Өзін және өзгені бағалай алады.
Ресурстар: Презентациялар, интерактивті тақта, суреттер, бейне ролик, кесте, бағалау парақтары, аспаптар (домбыра,күйсандық), флипчарт, маркерлер, стикер, магниттер, СД-тер, ноутбук,
Модульдер: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету . Дарынды және талантты балаларды оқыту .
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу. Қалай оқу керектігін үйрену.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Диалогтік оқыту. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану .
Сабақ барысы: Мұғалімнің әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі:

Үй тапсырмасы:

Сұрақтар:

Тапсырма:

Дауыс жаттығуы:

Сергіту сәті:

Ән орындау:

Рефлексия

Бағалау: • Психологиялық ахуал қалыптастыру.

• Алдын –ала дайындап қойған аспаптар бейнеленген қималардан ұнағанын таңдатады.


Үй тапсырмасы: «Киелі аспап-қобыз» тақырыбында ізденіп келу.
Оқушы мәлімдемесін тыңдап, қосымша толықтырулар енгізіп,
Жанар Айжанованың репертуарындағы «Қобызым» әнін домбыра аспабының сүйемелдеуімен орындап, өткен сабақ пысықталады.

«Сен білесің бе?» бейне -қойылым ұсынылады. Әміре Қашаубаев атамыздың өмірінен үзінді. Оқушылардан бұл бейне қойылымнан нені аңғардыңдар ? Сендерге осы бейне қойылымды көргенде қандай ой келді?
(ой-қозғау) топпен, жұппен жұмыс.

Әр топқа тапсырма беріледі:
І топ: «Симфониялық музыка»
ІІ топ: «Дәстүрлі ән»
ІІІ топ: «Этно-фольклорлық оркестр»
ІҮ топ: «Классикалық музыка»
1 минуттан әр топқа шығармалардан үзінді тыңдатып, топпен талқылап, ойларын постер арқылы қорғату.
Мұғалім оқушы ойларын толықтырып отырады.




До-мажор жабық дыбыста, легато, стаккатомен орындау.

Әр топ, өз аспаптарын ән арқылы қимылмен жеткізіп, би-билейді.

Акапелламен қазақтың халық әні: «Бір бала»-ны І-ІІ топ Сопрано ; ІІІ-ІҮ топтар Альт .

Оқушылардан бүгінгі сабақтан не алдыңдар, не білдіңдер,нені білгілерің келеді? Кері байланыс алу.

Алдын- ала таратылған бағалау парақшаларына қойған бағаларын топ басшысы естіртеді.(Өзін-өзі бағалауы).
Мадақтама айтылып, оқушыны жетелеп, ынталандырып отыру. Ынтымақтастық атмосфера қалыптастырады, көңіл-күйіне кері әсер беретін кедергілерді бойларынан сылып алып умаждап, жебе ұшына қадап, есіктен атып жібереді.

Ұнаған аспаптар бейнеленген қималарды алып, топ-топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын әр топ жеке, жұппен, топпен баяндайды.
Онда қобыз аспабының шығу тарихын, Қорқыт бабаның өмірін, аспаптың жасалу құрылысын, орындалу ерекшеліктері мен қазіргі таңдағы сұранысын, жаңартылған түрлерін баяндайды.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Қазаққа ғана емес, Еуропаға аты мәлім зор дауыс иесі Әміре Қашаубаев атамыздың даусының құдіреттілігін баяндайды.

І топ: Симфонияның күрделі жанр екендігін айта келе оның шығу тарихын, негізін қалаған композиторлар, Қазақстан композиторларының бұл жанрда еткен еңбектері, оркестр құрамындағы аспаптар жайы қозғалады.
ІІ топ: Дәстүрлі әннің әсемдігі мен қиыншылықтарын, орындаушылар, бүгінгі таңдағы белестері қозғалады.
ІІІ топ: Қазақтың көне ұлттық аспаптарынан құралған оркестр жайында ойларын ортаға салады.
ІҮ топ: Сан ғасырлар өтсе де құлпыра түсетін ,шайқалып, мұңаймайтын классикалық музыка жайын қозғайды.

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы мұқият тыңдау арқылы, топпен бірге талқылап, постермен қорғайды. Мұнда музыканың құдіреттілігін жариялайды.

Оқушылар дауыс жаттығуын құлшына жасайды.

Әр топтың көңіл-күйлері жадырап, сергіп алады.

Оқушылар қос дауыста ерекше сезім, ықыласпен орындайды.

Оқушылар алдарында жатқан стикерлерге өз ойларын, жазып, 3-4 бала әр топтан шығып ойын, әсерін баяндайды.

Оқушылар топ басшысының формативті бағалауын естіп, келіседі.Тақтаға стикерлерін жабыстырады.
Үй тапсырмасы: 1. «Құдіретті музыка» тақырыбында ой-толғау (эссе) жазу.
2. «Түркі халықтарының үрмелі, ұрмалы музыкалық аспаптары» жайында мағлұмат алып келу. Күнделікке жазады


Шығармашылық есеп беру кезінен көрініс


Психологиялық ахуал қалыптастыру сәті

Топқа бөлініп , үйге берілген тапсырманы талқылау сәті


Үй тапсырмасын пысықтау сәті


Әр топ берілген тапсырмаға орай, постермен жұмыс жасау үстінде






Постер қорғау сәті

Рефлексия
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.