Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі. -

Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі.

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4948 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сыныбы: 3
Тоқсандық тақырыбы: Қазақ халық аспаптарының жаңа өмірі.
Сабақтың тақырыбы: Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі.
Сабақтың мақсаты:
Санғасырлық тарихы бар музыка аспаптарымен таныстыру.
Білімділік мәні :Ұлттық музыка аспаптарының құрылысымен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың жан – жақты білімдерін арттыру.
Тәрбиелік мәні : Музыкалық аспаптар арқылы көптеген ұлттардың өнерін танып, білу, аспаптардың туыстастығын көрсету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет, технология.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сыныпты түгендеу.
Өткен сабақты сұрау: Халық аспаптары қалай құрылды
Жаңа сабақ: Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі.
Музыка тыңдау. Н. Тлендиев «Ата толғауы» күйі.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
Сабақтың барысы:
Халық аспаптары қалай құрылды?
Музыкалық аспаптар үрмелі , ұрмалы, ішекті, ысқышпен ойналатын аспаптар болып бөлінеді. Ұрмалы музыкалық аспаптар – дабыл, дауылпаз.
Сыбызғы- қазақтың үрмелі аспабы. Көбіне қамыстан, ағаштан жасалады. 3-4 ойығы бар.
Қазақ халқының ішекті музыкалық аспаптары домбыра, шертер, жетіген.
Ысқыспен ойналатын ұлттық аспап- қобыз.
Бүгінгі танысытын аспаптарымыз- қобыз бен домбыраның түрлері. Домбыра аспабының сыртқы түріне қарап екі түрге бөлінеді.Шанағы домалақ және шанағ кішілеу. Шанағы кішілеу домбыра- Жамбыл атамыздың домбырасы болған. Ал, біздің пайдаланып жүрген домбырамыз –Абай атамыздың домбырасы.
Домбыраның құрылысы : басы, құлағы, пернелері, мойыны, ішегі, ойығы, шанағы, тиегі, түймесі болады.
Қобыздың екі түрі болады. Қылқобыз- ысқышпен ойналатын екі ішекті , көне музыкалық аспап.
Қобыздың екінші түрі – төрт ішекті, жаңа түрі.

Музыка сауаттылығы: Нота ұзақтығы.
Ән орындайық! «Қошақаным»әні.

Қорытындылау :
* Домбыраның неше түрі бар ?
* Қобыздың түрлерін ата.

Үйге тапсырма:
* Домбыра мен қобыз аспабы.

Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.