.
.
3-СЫНЫП МУЗЫКА Джаз оркестрі
Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4658 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы : Джаз оркестрі
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға тақырыпты ұғындыру,
джаз өнеріне қызықтыру.
Сабақтың міндеттері : Музыка тілінің джаздық сипатын ашып
көрсету
Дамытушылық : Оқушылардың танымдық іс-әрекетін
дамыту,әуен иірімдерін дұрыс ести
білу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекіліктер : Үнтаспа,оқулық және суреттер
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен сәлемдесіп,сыныпты түгендеу.
2..Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3.Оқушылардың назарын сабаққа аударып,сабақтың ерекшелігі мен мақсатын таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру:
Жаңа сабақ
Джаз (ағылш. jazz) – музыка жанры. 19-20 ғасырлар шегінде еуропалық және африкалық музыканың тоғысуынан пайда болды. Джаз музыкасының түп негізі зәңгілердің тұрмыс-салт билерімен, еңбек әндерімен, спири-чуэл және блюздарымен (лирик, әндер) астасып жатады. Д. музыка-сындағы көп ырғақтылық, негізгі әуеннің сан рет қайталануы, вокалдық мәнерлілік, өрнектілік - африкалық халық музыкасына тән белгілер. Джаз музыкасының алғашқы орталығы - АҚШ-тың Нью-Орлеан қаласы. Мұнда 1910- 15 жылдары "джазбэнд" деген атпен зәңгілердің үрмелі аспаптар оркестрі ұйымдасып, орындаушылық өнердің өзгеше мәнері қалыптасты. 20 ғасырдың 30-жылдарында джаз музыкасыңда сивинг стилі пайда болды. 1940 жылдары джаз музыкасының табиғатын өзгерткен би-поп атты жаңа стиль пайда болды. Бұл стиль негізгі әуенге байланысы жоқ диссонанстық тақырыптарға, даңғырлақ дыбыстарға бой ұрды. Қазіргі джаз музыкасы екі бағытта - жарнамалық жеңіл музыка және жаңа көркемдік бейнелеу құралдарын іздеуге ұмтылған шығарма бағытта өрістеуде. Джазда классик, және қазіргі заман музыкасының белгілерін пайдалана отырып, халықтық негіз бен дәстүрдің байланысын сақтауға ұмтылды.
Д.Элингтон, Г.Шуллер, Дж.Льюис, М.Дейвис, Дж. Колтрейн, т.б. музыканттар - 20 ғ-дағы музыкалық өнерінің ірі шеберлері. Қазақстанда джаз өнері 1969 жылы Мемлекеттік радио және теледидар жанынан эстрадалық-симфониялық оркестрдің (жетекшісі Я.Ткаченко, дирижері В.Лисица) құрылуымен байланысты. Кейіннен Т.Ибрагимовтың басшылығымен джаздық "Бумеранг" тобы құрылды. Республикадағы кәсіби джаз өнерінің өкілдері: М.Ермолов, Г.Метақс, Э.Пашаев, Я.Хан, Т.Зарипов, Н.Байгөзов, Ж.Серкебаева, тб
Үй тапсырмасын тексеру:
Жаңа сабақ:
Қорытынды :
Бағалау:
Үйге тапсырма :
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.