.
.
Сабақтың тақырыбы : Кәсіби әннің шебері-Б Байқадамов Кәсіби әннің шебері-Б Байқадамов
Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4184 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты : Оқушыларды сазгер өмірімен және
кәсіби әннің шебері атануын түсіндіру.
Тәрбиелік мәні : Оқушыларды бірін-бірі тындай білуге,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Көрнекілік : Оқулық,суреттер
Сабақтың барысы :
Бақытжан Байқадамов (11.3.1917, Торғай — 16.6. 1977, Алматы) — композитор. Қазақстанның еңбек сіңерген өнер қайраткері (1957)[1]. Алматы мемлекеттік уиверситетін (1937), Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (1954). 1941 жылы Қазақ радиосында хор жетекшісі, 1947—1949 жылдары әйелдер ән-би ансамблінің жетекшісі әрі дирижері болды. 1952 — 1960 жылдары Қазақ филармониясын басқарды. Осы жылдары “Почташы”, “Су тасушы қыз”, “Домбыра”, “Алма ағаштар жайнайды”, “Кел, достар”, “Теміртау жастарының әні”, “Айгөлек”, “Бөбегім” атты ойнақы әндері мен “Майра”, “Тойбастар”, “Он алты қыз” сияқты хорға арналған шығармалары дүниеге келді. 1969 жылдан өмірінің аяғына дейін Қазақ қыздар педагогикалық институтында ұстаздық етті. Байқадамов Бақытжан Қазақстанда көп дауысты хор музыкасы жанрын қалыптастыруда ерекше еңбек етті. “Жайлауға”, “Біз бейбітшілік үшін”, т.б. хорға арналған сюиталар, вокалдық композициялар, хорға арналған көлемді поэмалар (“Қыз арманы”, “Айтыс”, “Еңбек жемісі”) жазды. Физика, математика, музыка теориясы саласындағы білімін ұлттық музыка аспаптарын жетілдіру мақсатына пайдаланып, домбыраның үнділігін арттыратын жаңа өлшемдер жасап шықты. Көпшілікке танымал болған “Айгүл” ансамблін ұйымдастырып, эстрадалық жанрдың дамуына да ат салысты. Қазақ мемлекеттік хор капелласы Байқадамов Бақытжан есімімен аталады (1997).
Бағалау : Оқушыларға тиісті бағасын қою.
Қортындылау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.