Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Халық күйі «Тепең көк» -

Халық күйі «Тепең көк»

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4548 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Халық күйі «Тепең көк»
Сабақтың мақсаты: «Тепең көк» күйінің аңызымен таныстыру.
І. Күйді тактілеп талдай отыра пернелерді таза ойнауға бейімдеу.
ІІ. Есте сақтау қабілетін дамыту.
ІІІ. Музыканы түсінуге қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Домбыра үйрену: оң қол қағысына жаттығу.
Көрнекілік: Нота жазбалары, аспаптар. (мүйіз, домбыра, тұяқ, шаңқобыз)

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: (Сәлемдесу оқушыларды түгендеу, аспаптарды
даярлау)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

ІV. Жаңа сабақ: Халық күйі «Тепең көк» Үнтаспадан халық күйлері туралы қысқаша мағлұмат беру. Халық күйі деп авторы ұмыт болып қолдан - қолға таралып тартылатын күйлерді халық күйі деп айтамыз. Бұл аңыз күйінің қызықты тарихы бар. Кедей жігіттің жалғыз аты болған. Үлкен тойда атын бәйгеге қосады. Бәйгеден келер аттардың жолын тосып дөң басына шығып домбырасын алады да «Тепең көктің жүрісіне риза болып көңілі толқып бір күй ойнайды. Күйде Тепең көкті мақтап жатқан жері.
Айт – шу тепең көк
Айналайын тепең көк
Кекіліңе болайын.
Келтеленген жібектей деп мақтайды. Күй сарынын естіген Тепең көк бойына күш бітіп сәйгүліктерді шаң қаптырып жарыста жалғыз келген екен дейді. Кедей жігіттің Тепең көгі бәйгеден жеңіп шығып үстем топтың алдында мерейі үстем болыпты.
Энциклопедиялық анық¬та¬ма¬ларға сүйенсек, «Садақ биі» деген атауға ие қазақ биі «Те¬пең-көк» деген атауға да ие бо¬лып жүр. Ол халық күйінің сүйе¬мел¬деуімен орындалады. Му-зыка¬лық өлшемі – 6/8 және 9/8. 1934 жылы Е.Г.Бру¬с謬ловскийдің «Қыз Жібек» опе¬расында (ба¬лет¬мейс¬тер – А.А.Ал¬ек¬сандров) қойыл¬ды. Би жігіт¬тер¬дің ат жа¬ры¬сын, садақ тартуын-дағы мер¬гендігін, қылыш сайысындағы ептілігі мен шеберлігін, сон¬дай-ақ төзімді¬лігін бейне¬лей¬ді. «Қыз Жібек» опе¬расының жаңа спек¬таклінде (1954, 1984) жә¬не «Әнші ауыл» көр¬кем филь¬мінде бидің ба¬лет¬мейстер Д.Әбі¬ров қойған нұс¬қалары орын¬далды. Көркем¬-өнер¬паздар ұжымының репер¬туа¬рында «Тепеңкөк» биінің бас¬қа да нұс¬қалары бар.

1. Үнтаспадан күйді тыңдау.
2. Күйдің өлшемін, екпінін түсіндірі.
3. Түсінікті болу үшін ойнап көрсету.
4. Бас, орта буынды тактілеп талдау.
5. Жеке - жеке ойнату.
6. Жаңа сабақты бекіту.

Мына сұрақтар бойынша топтастыру.
1. Екпіні қандай?
2. Өлшемі қандай?
3. Домбырада қай буында орындалады мақтаған жері (жауап алу)
VІ. Сабақты бағалау. Ойнау деңгейіне қарай.
«Тепең көк» күйін тактілеп жәй екпінде ойнау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.