Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Менің сүйікті ойыншығым» -

«Менің сүйікті ойыншығым»

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 387 | Просмотров: 3731 | Размер: 185.0 Kb | Автор: munira
. «Менің сүйікті ойыншығым»
і
БҚО Орал қаласының №34 бөбекжайының
Саз жетекшісі Бирмуханбетова Анаргүл
Нариманқызы
Мақсаты: Балаларға ойыншықты күтіп ұстай білуге үйрету.
Музыканы есінде сақтап оны қимыл арқылы, және де
ырғақты аспаптар да ойнап, қызығушылықтарын арттыру.
Әнді табиғи, жұмсақ дауыспен, еркін айткызуға шеберліктерін
қалыптастыру.
(Саз залы тақырып бойынша ойыншықтармен безендірілген)
(Қоңақтар саз залыны кіргенде балалар орындарынан тұрып әндетіп амандасады)
Балалар: Сәлематсыздар ма қонақтар!
Қоңақтар: Сәлематсыздар ма .
Балалар: Здравствуйте, гости!
Қоңақтар: Здравствуйте.
Балалар: Гуд монинг гестс!
Қоңақтар: Гуд монинг.
Саз жетекшісі: Балалар орындарымызға отырып дауысымызды
жаттықтырып алайық.
Сазды жаттығу: «Амандасу» (Сиқырлы әлемі кітабынан)
Саз жетекшісі: Әр үйдің бір еркесі,
Сәлем бердім қыздарға
Қыздар:Біз қыздармыз көбелекпіз,
Сәлем бердік сізге де.
Саз жетекшісі:Ер жігіттер, ер жігіттер,
Аман есен жүрсіндер.
Ұлдар: Біз аман есен жүреміз,
Сізге соны тілейміз.
Саз жетекшісі: Қане достар бірігіп,
Жаттығуды айтайық.
Дауысымыз шынығып,
Бұлбұл құстай сайрайық.
Бәрі: Еркем, еркем, еркем-ай,
Еркелеген еркем-ай.
Еркелеген еркемді,
Еркелетсем екен-ай.
Саз жетекшісі: Өте тамаша.Балалар, тыңдап қарандаршы мынау қай әннің
үзіндісі?
(«ойыншықтар» әнінен үзінді ойналады)
Балалардың жауабы.
Саз жетекшісі: Дұрыс, бұл «ойыншықтар» әнінен. Ал сендердің сүйікті
ойыншықтарың бар ма?
Балалардың жауабы: (Сүйікті ойыншықтарын атайды)
Саз жетекшісі: Олай болса сүйікті ойыншықтарымызға арнап әнімізді
орындайық.
ӘН: «Ойыншықтар»
(Әннің сонында беті-қолы кір-кір қуыршақ кіреді).
Саз жетекшісі: Сәлематсың ба Қуыршақ. Саған не болған? Беті- қолың неге
лас?
Қуыршақ: Мен ешкіммен амандаспаймын, мен ешкіммен ойнамаймын,
беті-қолымда да жумаймын.
Саз жетекшісі:Әй, бәсе, мына ән кім туралы жазылған десем. Бұл қір қуыршақ
туралы екен ғой. Балалар тыңдап қарандаршы.
Ән: «Кір қуыршақ» (Балаларға әнді тыңдатып, оны қайталату).
Қуыршақ:(жылап,тебінеді) А-а-а-а..... мен ондай емеспін, мен жақсы, әдемі
қуыршақпын.
Саз жетекшісі: Әдемі, жақсы Қуыршақ болғың келсе,беті-қолынды жууың керек.
(Қуыршақ мұңайып қалады).
Саз жетекшісі: Қуыршақ, саған не болды?
(Басын ұстап қарап) Балалар Қуыршақтың қызуы көтерліп
тұрған сияқты.
Музыка тыңдау: «Болезнь куклы» (Чайковскийдікі)
Саз жетекшісі: Балалар, біз қалай білдік қуыршақтың ауырып қалғанын?
Балалардың жауабы:
Саз жетекшісі: Ия, дұрыс музыка бізге айтты. Өйткені музыка бізге мұнайлы
болып естілді. Ал енді қалай Қуыршаққа біздер көмектесеміз?
Балалардың жауабы :
Саз жетекшісі: Олай болса бізде де музыка арқылы қуыршақты емдеп алайық.
Алдын ала бұл қандай аспап екенін тауып алайық
ОЙЫН: «Бұл қандай аспап?»
Саз жетекшісі: Алдымен сен күй тыңда,
Тартқан күйді дәл тыңда.
Қайсы аспапта ойнады,
Таба қойшы қалпында.
(Қоңыраудің ырғағы ойналады)
Балалар: Тартқан күйді тыңдадым,
Қиын емес жұмбағың.
Танымады дейсің бе?
Қоңыраудың ырғағын.
(Осындай тәсілмен музыкалық, ұрмалы ж.т.б. аспаптарды балаларға тыңдатуға болады)
Саз жетекшісі: Аспаптарыңды алындар музыка әуенімен оның ырғағын
соғыңдар.
Шулы және ұрмалы аспаптарда ойнау
«Апам үшін» әннің әуеніне.
Қуыршақ: Ой, балалар, маған не болды? Мен қатты ұйықтап кетіппін.
Бірақта мен бір тамаша түс көрдім, мен балалармен би билеп,
Ойын ойнап жүрмін.
Саз жетекшісі: Қуыршақ, сен ауырып қалдың, өйткені жуынғың келмеді.
Ал енді беті-қолынды жуып, таза жүрсен біздің балалар
Сенімен бірге би де билеп, ойында ойнайды. Солай ма балалар?
Балалардың жауабы:
(Қуыршақ беті-қолың жуғандай болады) (тегене, орамал, айна)
Саз жетекшісі: Балалар,, Қуыршақ беті– қолын жуды, ал енді би билейік.
Алдын ала шеңберге тұрайық,
Сазды-ырғақтық қимылдар жасайық.
1. Марш
2. Секірмелі жүріс
3. Тізені бүгіңкеріп, шетке жүру
4. Тура ат шабыс
5. Жерді табанмен сипап өту
Қуыршақ: Көңілдене секірдік,
Марш адымымен біз жүрдік.
Жерді табанмен сипап алдық,
Ат шабыс пен де жүгірдік.
Ал енді бәріміз,
Би билеуге дайынбыз
БИ: «Менің сүйікті ойыншығым»
Қуыршақ: Тамаша, балалар, мен өте қуанышытымын, сендер жақсы
билейді екенсіңдер. Ал енді ойыншықтарымызды орына
жинайық.
Саз жетекшісі: Қуыршақ, біздің балалар сенімен ойын ойнағысы келіп тұр.
Қуыршақ: Ойнаса ойнайық.
ОЙЫН : «Домбыра»
Домбыраның құлағын,
Мәнерімен бұрадым.
Достарынды ертіп кел.

Досың ұйып тыңдасын,
Әнге қосып жырласын.
Тамылжыта күйге бас,
Сонан кейін биге бас.

Саз жетекшісі: Балалар сендерге ойын ұнады ма?
Келесі музыка оқу іс-әрекетінде әрі қарай жалғастырамыз.
Ал қазір орындарымызға отырайық.
Жетекші-жөндеуші: Әннің бір шумағы мен қайырмасын қайталау.
(рефлексия) «Жетістік баспалдағы» (өз-өзін бағалау).
Қуыршақ: Мен енді таза, әдемі қуыршақпын. Мен туралы бір жақсы ән
орындап беріндерші.
ЖЕКЕ ӘН: «Қуыршағым менің»
Саз жетекшісі: Қуыршақ, саған ұнады ма?
Қуыршақ: Әрине ұнады. Менде үлкен кәмпит бар мен балалармен бірге
дәмін татқым келеді. Болады ма?
Саз жетекшісі: Әрине болады. Ал енді қоштасатын да уақыт келді. Кәне,
балалар орындарымыздан тұрайық қуыршаққа, қоңақтарға
қош сау болыңыз айтайық.
Балалар: Сау болыныздар қоңақтар,
Қоңақтар: Сау болыныздар.
Балалар: До свиданья гости,
Қонақтар: До свиданья.
Балалар: Гуд бай гестс,
Қоңақтар: Гуд бай.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.