.
.
Сабақтың тақырыбы: Музыка бейнелейді: «Ақсақ құлан» күйі Музыка бейнелейді: «Ақсақ құлан» күйі
Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3928 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: - Музыка бейнелейді: «Ақсақ құлан» күйі тақырыбы аясында әңгіме құру.
Міндеттері:
1) Музыка бейнелейді - туралы түсінік беру, «Ақсақ құлан» күйін тыңдау
2) Оқушылардың халық музыкасына деген сүйіспеншілік сезімін ,
өнерді құрметтеуге ,пәнге деген қызығушылығын арттыру,
адамгершілікке тәрбиелеу;
3 ) Оқушылардың аңыз-күйлер тыңдау арқылы әуендік
сезімталдығын, әуенді айта білу дағдысын, есте сақтау,
тыңдау,қиялдау, жатқа айту, ойлау, өз жұмысын дұрыс
бағалауын дамыту.
Түрі:дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ қолдану.
Көрнекілігі: Презентация, «Ақсақ құлан»аңыз-күйінің аудиосы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.,үй тапсырмасын сұрау.
2. Жаңа сабақ
3. Үйге тапсыррма беру
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу. 2. (Қуаныш шеңбері)
1.Үй тапсырмасын сұрақтар арқылы сұрау.
Домбыра аспабы құрылысы туралы қысқаша айту .
2. ( Сабақ тақырыбын жаздырту )
Музыка бейнелейді: «Ақсақ құлан» күйі - тақырыбы аясында түсінік беру.
Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры, салт-дәстүрі, өмір сүрген ортасы мен әдет-ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып, тарих арнасына айналды. Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше. Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы-ән мен күйі. Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, адамзат тіршілігіндегі оқиғаларды, алуан түрлі ойларды ән-әуенмен жеткізе білген.
3.Сұрақ-жауап:
А) Өткен сабақтарда қандай күйлер естеріңде қалды?
Ә) Ол күйлерді тыңдаған кезде көз алдарына не елестеттіңдер?Қандай әсер алдыңдар?
Бүгін біз «Ақсақ құлан» деп аталатын аңыз-күймен танысамыз.
1. «Ақсақ құлан» күйін тыңдау.
Күй қандай аспапта ойналды?
Бұл күйдің басты кейіпкерлері кімдер?
Күйшіні ажалдан арашалап қалған не?(домбырамен орындалған күй)
Осы арқылы күйдің құдіретін тыңдап көрдік.
Күйдің құдіреті
.....................................................шауып, (Кең далада құландар жүрді шауып, )
.....................................................атып, (Келді бала садақпен оны атып, )
.....................................................өлтіреді, (Жауызды ызаланған құлан өлтіреді)
.....................................................жеткізеді.(Бұл хабарды домбырамен күйші
жеткізеді)
.Үй тапсырмасын беру: Оқулықтың тт беттерін оқып, мазмұндау.
Бағалау (3-минут)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.