.
.
Музыка 1-сынып Музыка бейнелейді : «Тепең көк»
Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3209 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы Музыка бейнелейді : «Тепең көк»
Сабақтың мақсаты Оқушыларды
«Тепең көк» күйімен таныстыру
Дамытушылық Оқушыларды әуен,дыбыс сезіну қабілеттерін
дамыту
Тәрбиелік мәні Оқушыларды бірін-бірі тыңдай білуге
ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі Жаңа сабақ
Көрнекілігі Оқулық, үнтаспа,суреттер
Сабақтың барысы Ұйымдастырушылық кезең
Тепең көк- Садак биі"-қазақ биі. Осы аттас халық күйінің сүйемелімен орындалады. Музыка өлшемі 6/8 жөне 9/8 1934 ж. Е.Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібек" операсында (балетмейстер - А.А. Александров) қойылды. Би жігіттердің ат жарысын, садақ тартудағы мергендігін, қылыш сайысындағы ептілігі мен шеберлігін, сондай-ақ төзімділігін бейнелейді. "Қыз Жібек" операсының жана спектаклінде (1954, 1984) және "Әнші ауыл" көркем фильмінде бидің балетмейстер Д.Әбіров қойған нұсқалары орындалды. Көркемөнерпаздар ұжымының репертуарында "Тепең көк" биінің басқа нұсқалары да бар. Тарихи ұзақ дамудың нәтижесінде, қазақтың халықтық аспаптық музыкасында домбыра, қобыз және сыбызғыда орындалатын күйлердің белгілі жанрлары қалыптасты. Бұларға аңыз күйлер, тарихи күйлер, тұрмыс-салт күйлері, лирикалық күйлер және тартыс күйлері болып бөлінніп шықты.
Аңыз куйлер - халықтық дәстүрлі музыка өнерінде ежелден қалыптасқан шығармалар. Біздің заманымызға дейін жеткен бұл күйлер халықтың тұрмыс-салтын, өмір сүру жағдайын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар, оларды қоршаған дүние, әлем құбылыстары жайындағы наным-сенімдерін де бейнелейді: «Аққу», «Көк бөрі», «Нар идірген», «Аңшының зары», «Қорқыт», «Қазан», «Көрұғлы» «Жұмағұл», «Жетім қыз», «Жетім бала зары», «Қамбар күй», «Желмая», «Ақсақ құлан», «Ақсақ қыз», «Тепен көк» күйлері Дәстүрлі күйлерінің құрылымдық, орындаушылық ерекшеліктері оның жанрлық сипатына, ішкі мән-мағынасына, көркемдік тіліне, дыбыс бітіміне, үндік ерекшелігіие де байланысты бөлініп қаралады.
«Күй аңыздарының жанрлық ерекшелігі, тарихи кезендері, деректілігі, көркемдік қасиеттері, күйдің эстетикалық, эмоциялық қуатын арттырар синкретті сипаты жөнінде тарам-тарам зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әңгіме өрбіту келер күндердің мәртебелі міндеті» - деп жазды ғалым-жазушы Ақселеу Сейдімбекұлы күй жанрлары туралы ғылыми еңбегінде
Қорытындылау: Сұрақтар қою,күйді қайталап тыңдау
Бағалау : Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: Күйді тыңдап келу,оқу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.