Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Музыка сөйлейді. -

Музыка сөйлейді.

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4665 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сыныбы: 1
Тоқсандық тақырыбы: Музыкалық аңыз әлеміне саяхат
Сабақтың тақырыбы: Музыка сөйлейді.

Сабақтың мақсаты:
.
Білімділік мәні : Оқушыларға музыка мен сөз өнерінің байланысын жеткізе білу.

Дамытушылығы: Музыканың әуені мен сөзін естей отырып, сөзін анық айта білуге үйрету.
.
Тәрбиелік мәні :мәнерңне келтіріп, әдемі сөйлей білуге үйрету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , сурет,әдеп.

Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақты түсіндіру .
Қорытындылау.

Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
«Әліппе»әнінің сөзін сұрау.
Жаңа сабақ:
Балалар, біздер Музыка әлемі музыкалық және шулы дыбыстардан тұратынын білдік. Шулы дыбыстарға табиғи құбылыстар, машинаның гүрілі т.б дыбыстар жатады. Музыка әлеміндебасты мамандық –композитор. Композитор музыка шығарады. Әннің сөзін ақын шығарады.Ал біз музыканы тыңдаймыз, орындаймыз.Әнді сен әннің әуенімен тыңдасаң, не туралы екенін білмейсің.Әннің мазмұнын сөзі арқылы білесің.
Ән- әуені бар музыкалық шығарма.
Өлең- ұйқасы бар көркем сөз. Сондықтан әннің сөзін анық, дұрыс айта білуіміз керек.

Ән үйрену: «Мұғалім ол біздің» әні .
Сергіту: Суреттегі жануарларды атап, дыбыстарын салу.

Жұмбақтар шешу:

Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ қашады.

Қорытындылау:

1.Музыка әлемі қандай дыбыстардан тұрады?

2. Ән - дегеніміз не?

3.Өлең- дегеніміз не?

Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.