Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Музыканы кім шығарады -

Музыканы кім шығарады

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2293 | Размер: | Автор: Нартай4540
. МУЗЫКА 4-СЫНЫП

Сабақтың тақырыбы : Музыканы кім шығарады

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды музыка тілімен таныс-
тыру ,сазгерді дәріптеу
Дамытушылық : Оқушылардың өз ойларын еркін жет
кізе білу қабілеттерін дамыту және
музыка тілін ұғыну.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды бірін –бірі тыңдай білу-
ге ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Көрнекілігі : Оқулық,үнтаспа,суреттер

Сабақтың барысы: Ұйымдастырушылық кезең

Композитор (лат. compositor — құрастырушы) — музыкалық шығармалардың авторы. Бұл термин алғаш рет 16-ғасырда Италияда кеңее пайдаланыла бастады және сол кезден бастап, батысеуропа музыка мәдениетінің тәжірибелерінен туындаған "кәсіби жазба дәстүрінің" бейнесі ретінде қабылданады. Композиторлық мамандық музыкалық-шығармашылық қабілеттілікті және композицияны арнайы оқуын талап етеді
Ақын мен сазгер тығыз шығармашылық байланыс орнатқанда ғана ел құлағында мәңгілік жатталып қалады. Ел жадындағы бірталай әнді дүниеге әкелген халық ақыны Шөмішбай Сариев пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Кеңес Дүйсекеев. Ақынның астарлы мәтіні мен сазгердің әуезді үні иісі қазақтың шабытын оятып, ерекше әсер қалдыратыны сөзсіз. Ақын мен сазгер шығармашылық байланысы өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында орнаған еді. Қазақстан Композиторлар одағында жас ақын-сазгерлермен кездесу кеші өтеді. Сол кештің ертесі күні сазгер ақынды арнайы іздеп барып, әндеріне сөз жазуын өтініп сұрайды. Осылай ақын мен сазгер тіл табысып, «Еркеледің сен» атты алғашқы әнді дүниеге әкеледі. Бірде Кеңес Дүйсекеевтің денсаулығы сыр беріп, ол ауруханаға түсіп қалады. Науқастанған сазгер досының халін білу мақсатымен Шөмішбай Сариев ауруханаға келеді. Өзімен бірге өлеңдерін әкеліп, тастап кетеді. Бойындағы дертке қарамастан, сазгер шығармашылық ізденісін тоқтатпай, ақын Сариевтің өлеңдеріне ән шығарады. «Сәлем саған, туған ел» және «Домбыра туралы баллада» әндері осылай дүниеге келген келген. Сазгер бір сұхбатында: «Бұл екі әнді мен «қазақ эстрадасындағы жаңалығым» деп айта аламын» деген еді. «Домбыра туралы баллада» әні қазақ күйлерінің әуенін қолдана отырып, эстрадалық бағытта, ал «Сәлем саған, туған ел» әні халық термесінің мақамымен жазылған. Қос өнер иесін Қазақ елі атынан Ереванға бүкілодақтық жас ақындар мен сазгерлер байқауына қатысуға жібереді. Байқаудың төрайымы Александра Пахмутова екі әнді тыңдап: «Екі жігіт те жоғары деңгейлі, кәсіби шебер мамандар. Сол себептен шығармашылық талқылауға жатпайды» деген екен. Төрайым сөзінен кейін, ақын мен сазгер өнеріне жоғары баға беріледі. Бірде сазгер қарағандылық тыңдарманнан хат алады. Жеті баланы асырап алған көп балалы ана сазгердің «Асыл ана» әнін естіп, Семей өлкесінде тұратын анасын еске алып, қолына қалам алып, хат жаз бастайды. Хат 3-4 шумақ өлеңмен жазылған. Әр жерден көзден тамған жас іздерін көрген сазгер қатты әсерленіп, ән шығарады. Кейін ақынға көрсетіп, әннің шығу тарихымен таныстырады. Осылай «Анаға хат» әні дүниеге келген. Ақын мен сазгер бірлесе отырып, «Қарағым-ай», «Ғашықтар жыры», «Асыл ана», «Өмір, өмір», «Өкінбе сен», «Ойлан, балам» т.с.с әндерді дүниеге әкелген. Әрбір ән қос өнер иесінің жүрегінен шығып, өнерсүйер қауым жүрегінің төрінен орын таба білді

Қорытындылау: Музыка тілінің сазгер тілі екенін танып білу

Бағалау: Оқушыларға тиісті бағасын қою

Үйге тапсырма : Үйден тақырыпты оқып, дайындалып келу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.