Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы» -

«Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы»

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2536 | Размер: | Автор: munira
. Атырау облысы Индер ауданы
М.Әуезов атындағы орта мектебі
музыка пәні мұғалімі Ескайрова Назгүл Есжановна
Ашық сабақ
Сыныбы :6
Тақырыбы: «Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы»

Мақсаты: Н.Тілендиев жайлы әңгімелеу,
Оқушылардың қазақ композиторлары, аспаптық музыкасы жайлы білімдерін толықтыру.
Композитордың шығармаларына оқушылардың көзін қанықтыру, таныстыру және практикалық жұмыс барысында шыдамдылық, ойлай, қиялдай білу, икемділік, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Вокальдық машықтарды қалыптастыру.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, топпен жұмыс
әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, слайд көрсету
типі: қайталау

Музыка материалы: «Әке туралы жыр»
«Саржайлау»
«Ата толғауы»
«Әлқиса»
«Құстар қайтып барады»

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру
Ойын арқылы 3 топқа бөлінеді

І топ: – Нұрғиса Тілендиев кім?
ІІ топ: - «Отырар сазы» оркестрі жайлы не білеміз?
ІІІ топ: - Динара Нұрғисақызы жайлы не білеміз?
( оқушыларға дайындалуға 5 мин уақыт беріледі)

Қазақ домбырасының Құрманғазы мен Тәттімбеттен кейінгі тарландарының бірі, туған халқы үшін барынша еңбеқ еткен, шын дарын иесі, ойлы да білімді сезімтал, қазақ халқының рухани музыка мәдениетін көтеруге атсалдысқан атақты, талантты композитор дүлділ домбырашы, әрі дирижер Н.Тілендиев 1925 жылы сәуірдің бірі күні Алматы облысының қазіргі Жамбыл ауданында дүниеге келді. Ол балалық шағын туған ауылында ақын күйшілердің ортасында өткізді. Музыкаға деген ынтасы ерте оянған зерделі бала жастайынан домбыра тартып ән айтуға машықтанады.
Жеті жасында Жамбыл атаның күні бүгінге дейін төрімнен түспей қымбат қазынадай сақтап жүрген домбырасын сыйға алыпты, осының барлығы музыканың оның ішіндегі күй өнерінің киелі болатыны содан. Музыка тілі барша әлем халқына ортақ тіл.
П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеге түсіп, Латиф Хамидидің баулуымен дирижер болып шықты. Он екі жасында А.Жұбанов сыйға тартқан өзінің кішкене қоңыр домбырасын қолтығына қыса өскен Нұрғиса әкесінің тартатын «Аққу»т.б. күйлерінің сиқырлы сөздерін домбырада ойнауға тырысатын. Әкесі Тілендінің күйшілік, шешесі Салиқадан әншілік қасиеттерін жастайбойына сініріп ел әлдилеген ән-күйдің ортасында жүріп домбырада , алуан түрлі тамаша орындаушылық әдістерді үйреніп, меңгеріп өсті. Арман жетелеген Нұргиса Алматыға келді.А.Жұбанов пен домбырашы Темірбек Ахметов оның талантын тани біледі. Н.Тілендиев он екі жасында Құрманғазы оркестрінде концертмейстер, он төрт жасында дирижерлік мінбеге шығады.
Он жеті жасында Отан соғысына қатысады. Соғыс бітіп, бейбіт өмір орнағаннан кейін, елге аман есен оралады.
«Әке туралы жыр» Ж.Жабаевқа арнап жазылған.»Ата толғауы» күйі ақынымыз Жамбыл Жабаевқа арналып жазылған. «Баламышқа» татардың би әуені Л.Хамидиге арналған.
Сонымен қатар Нұрғиса көптеген спектакльдер мен кинофильмдерге мемлекеттік хор капелласы «Абай арманы» атты вокальды поэма жазды.Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы» пьесасында айтылатын «Куә бол» әні де аспан мүлгіген алатаудан сылдырап аққан бұлақ, сыбырлаған жапырақ, тау аңғарынан ескен салқын самал көз алдыңа елестейді.
«Аққу» күйі «Қыз Жібек» фильмінде орындалды. «Қарлығаштың қүйрығы неге айыр?», «Қырық өтірік», «Ақсақ құлан» сияқты бала қиялын кеңейтіп, ойландыруға итермелейтін мультфильмдер, «Менің атым Қожа», «Көксерек», «Құлагер» сияқты 25 көркем фильмге музыка жазды.
Н.Тілендиев 400 ән жазыпты. Оның «Көш керуен», «Ата толғауы», «Аққу», «Әлқиса», «Махамбет»т.б. күйлері қазақтың музыкасындағы 20-шы ғасырдағы үздік туындылар болып табылады.
«Алғыр қыран, қамал бұзар батыр, желден озған жүйрек, күн тимес сұлудың бәрі де дүниеден өтеді». Өлмейтін тек өнер деген екен. Н.Тілендиевтің өнері, қалдырған асыл музыкасы халқының құлағында мәңгі қалады.
Н.Тілендиевтің еңбегі бағаланып, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Кеңес Одағының Халық әртісі, КСРО Мемлекекеттік сыйлығының лауреаты, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ал, 1998 жылы «Халық Қаһарманы» деген еліміздің әң басты атағына ие болды.
«Атадан бала туса екен- ата жолын қуса екен» деген Махамбет Өтемісұлының өленінен алып қарасақ, биылғы 4-маусымда Жамбыл атындағы Қазақтың мемлекеттік филармониясында бүкіл ұжымның өнер көрсетті. Осы кеште Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрі де өнер көрсетті.Аяқ астынан оркестрдің орындауындағы әкесінің «Махамбет» атты поэмасына Динара Нұрғисақызы дирижерлік етті. Осы концертті тамашалаған Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мырза былай дейді: «Мен бұл оркестр туралы көптен бері ойлап жүр едім. «Отырар сазы» оркестрі-Нұрағаңның перзенті. Динара да-Нұрағаңның перзенті. Сондықтан, бұл оркестрді басқаруға Динараның қақысы бар. Бүгіннен бастап Динара Нұрғисақызын осы оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері етіп тағайындаймын».
Динара Нұрғисақызы 1991 жылы Алматы қаласындағы Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектепте фортепьяно класында 12-жыл оқыды.2003 жылы мектепті тәмамдап, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына оқуға қабылданды. «Симфониялық оркестрдің дирижері» мамандығы бойынша Төлепберген Әбдірашевтың класында оқыды.Кейін Нұрлан Салауатұлының класына ауысып , 2008 жылы «Халық аспаптары оркестрінің дирижері және оқушысы» мамандығы бойынша бітіріп шықты.Дирижер болу-күрделі мамандықтардың бірі, Бұл мамандықты таңдаудағы басты себебім дейді Динара, әкемнің көзіндей болып қалған оркестрге ие болғым келгендігімнен еді. Әкем жаққан отты өшірмеу- менің перзенттік парызым деп түсіндім.
Қазақтың «Отырар сазы» ансамблі 1979 жылы 5-6 адаммен құралған еді. 1982 жылы ансамбльге жетекшілік етіп, құрамында 60 адамы бар оркестр 1983 жылы Мәскеудің Орталық концерт залында екі сағат үлкен шығармашылық концерт берді.
17-тамыздан жұмыс басталады. Қыркүйек айының аяғында немесе қазан айының басында маусымның ашылуы болады деп жоспарлап отыр.Күзде бірнеше гастрольдік сапар күтіп тұр. Биылғы жылы әкесінің туғанына 85 жыл толады.Соған қатысты біраз жоспарлары бар.
Репертуарда халық күйлері, халық композиторларының, осы заманғы қазақ композиторларының шығармалары бар. Әкесі өмірінің соңғы кездерінде «Тіленді Атабайұлының күйлері» деген атпен 7-шығарма жазған болатын.Соларды халық назарына қайтадан ұсынуды жоспарлап отыр.
Бүгінде оркстрде 50 қызметкер жұмыс істейді. Динараның арманы – олардың санын 60-қа жеткізу. Оның ойынша, оркестрдің кәсіби деңгейі айтарлықтай көңіл толтырмайды. Көптеген аспаптар ескіріп кеткен. Соларды жаңарту жағын қарастыру керек. Шаңқобыз, жетіген, асатаяқ, сыбызғы секілді ертеден келе жатқан музыкалық аспаптар оркестрде жоқ. Кезінде алынып тастаған осы аспаптармен оркестрді қайта толықтырсам дейді.
Нұрғиса Тілендиев: «Динара 8-сыныпты бітіргеннен кейін қызыма домбыраның қыр-сырын үйретемін», деп жүрген. Арманына жете алмай кетті.Ол Динараға да арман болып қалды.Содан кейін қосымша домбыра класына барып өзі үйреніп кейін әкесіне арнап «Орындалмаған арман» деген күй туды.Келешекте әкесі секілді орындаушылық қасиеттімен де көрермен алдында өнер көрсетсем деген арманы бар.
Міне Динара Нұрғисақызы әкесінен қалған оркестрді қайта жаңғыртып,дирижерлық етіп болашақ ұрпаққа жеткізіп отыр.Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларының бояуын жоғалтпастан ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырушы Динара Нұрғисақызының алдына койған мақсаты ескірген аспаптарды жаңарту, гастрольдік сапарларға шығу, әкесінің орындалмай қалған шығармаларын халық назарына қайта ұсыну.

1. Ән орындау:
Жаттығу: Бра-бре-бри-бро-бру,
До-ми-ре-фа2
До мажор гаммасы
І топ «Әке туралы жыр» әнін орындайды.
ІІ топ «Саржайлау» әнін орындайды.
ІІІ топ «Құстар қайтып барады» әнін орындайды.

2. Музыка тыңдау:
«Ата толғауы» күйі «Отырар сазы»оркестрі орындауында және жеке оқушының орындауында (домбыра) тыңдалады.
- Күйдің екпіні қандай?
- Оркестр мен жеке орындауда қандай айырмашылық бар?
«Қош керуен» күйін оқушылар көздерін жауып тыңдайды.
- Күйді тыңдағанда көз алдарына не елестеді?
- Күйді кім орындады?

3. Сабақты қорытындылау:
1. О т ы р а р с а з ы
2.Д и Р и ж е р
3.Ф а К т у р а
4.Қ о ш к Е р у е н
5.Қ ұ С т а р қ а й т ы п барады
6. М а х а м б е Т
7. Х о Р


4. Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру.

Ашық сабақ
Сыныбы: 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жауынгер ақын- жыраулар

Сабақтың мақсаты: Мақсаты:
1.Қазақ халқының ақын – жырауларымен танысып, олардың шығармашылығы жөнінде кеңінен білім беру,балаларды қазақтың ақындық, жыршылық өнеріне тартып, олардың мазмұнды да көлемді шығармаларға қызығушылығын арттыру.
2.Оқушылардың терме, жыр жөніндегі түсініктерін одан әрі ақын –жыраулардың шығармашылығымен таныстыра отырып дамыту.
3.Халқымыздың музыкалық және поэтикалық шығармашылығына балалардың сүйіспеншілігін оятып, оны құрметтеуге және өз халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері жөнінде түсініктерін қалыптастырып, эстетикалық ләззат, әсер алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдттар

Жабдығы: музыкалық орталық, дыбыс күшейткіш құралдар

Әдісі: Баяндау,сұрақ- жауап

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Жүрісі: 1. Ұйымдастыру
2. Үй жұмысын тексеру

а)- Терме дегеніміз не?
ә) -Терме неше буынды жыр үлгісінде болады?
б) -Термені орындайтын адамды кім деп атаймыз?
в) -Бабаларымыз өз жыр- термелерінде нені жырлап, өсиет етті?
г) -Терменің әуенін қалай атаймыз?
д) -Терме қалай орындалады?
ж) -Термені орындаушы термені қандай аспаппен орындайды?
з) -Халықтың ”Он үш жаман” термесінде қандай жаман қасиеттерден аулақ болуға шақырады?

3. Жаңа сабақ: Балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын біз жыр дегеніміз не соған тоқталайық.

 Оқиғасы ел, халық өмірінен алынған, ұзақ өлең, терме түрінде баяндалатын әңгімелер – жыр деп аталады.
 Жырау – ақын, ол өлең , жыр шығарып айтады, оның суырып салма шешендік қасиеті бар.
 Жыршы – ақын емес, себебі өз жанынан өлең, жыр шығармайды.Ол негізінен дайын өлеңді таратушы.
Ән сияқты жырдың да өз әуені болады, оны жырдың сарыны дейді.

Ия, балалар жырау жыршы емес.Өйткені жыршының бәрі бірдей ақын бола бермейді.Жырау- әрі ақын,әрі шешен. Ең алдымен, ырғағы бар, ұйқасы бар белгілі өлшемге жататын өлеңдң жыраулардың өздері шығаруы шарт.Екіншіден, жыраудың сөздері терең мағыналы, сырты сұлу шешен сөздер, нақыл сөздермен келуі керек.Үшіншіден, әлеуметтік өмірде кейінгілерге үлгі боларлықтай терең ойлы пікір айтуы қажет. Сонда ғана ол шын мәніндегі жырау атағына ие. Сондай жыраулардың бірі XIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Бұқар жырау Қалқаманұлы. Бұқар жырау болып қана қоймай , Абылай хандық құрған заманда оның үнемі қасында жүріп, елдің ішкі , сыртқы саясатына араласқан. Жас шағынан Абылайдан көп үлкен Бұқар өзінің бүкіл өмір тәжірбиесі мен өнерін ханның ел билеу ісімен ұштастырған. Бұқар жырау 1723 жылдардағы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталған тарихи оқиға тұсында өмір сүрген жауынгер жырау. Ол өз жырларымен ел қорғаған батырларға жауынгерлік рух беріп отырған.Бұқардың жырлары ылғы толғау.Жыршы- жыраулар тек қана жыр шығарып қоймай, сонымен қатар терме,толғаулар да шығарған.
Жаңа термин
Толғау- жырау заманындағы әлеуметтік ірі мәселелерді қамти алатын, жыраудың ішкі ойын, сезімін, өмірге, табиғат құбылыстарына көзқарасын білдіретін үгіт- насихатқа толы өлеңдер.
Толғау “ толғану ” дегенді білдіреді
Жыраулар батырлар ерлігін жырлаумен қатар сол кездегі қоғамдық мәселелерді шешуге қатысқан.
Келесі таныс болатын аұын- термешіміз ол – Махамбет Өтемісұлы, балалар.Махамбет – сауатты, оқыған- тоқағаны, көрген –білгені мол ,қатарынан озық азамат болумен бірге ақындық, жыраулық, композиторлық қабілеті де жетңк, үздік өнер иесі.Оның ақындық, күйшілік қабілетінің дамуына туып - өскен ортасы,қалың ел әсер етті, себебі, бұл жерден Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей тәрізді дарынды күйші- композиторлар шыққан. Ол 1836-37ж.ж. ұлт- азаттық көтерілістің басшысы, жарлы- жақыбай, жетім- жесірдің қақы үшін басын бәйгеге тіккен жауынгер ақын.Енді қазір балалар, Махамбеттің «Адыра қалған Нарында » атты термесінен үзінді тыңдайық.Терме жылдам,жігерлі орындалады,негізгі әуен қайталанып,мәтіннің мазмұнына қарай дамиды.(музыка тыңдау)
Келесі таныс болатын ақынымыз жырау, жыршы, ақын әрі айтыскер ақын да болған ол – жыр алыбы Жамбыл атамыз, балалар.10 жасынана өлең жырға бейім болып, 15 жасында қолына домбыра алып, өнер жолына түседі. Жас кезінен атақты Сүйінбай ақынға шәкірт болып, одан бата алған. Бірнеше жыл Сүйінбайдың қасында жүріп, одан суырып салмалық шеберлікке үйренген. Ірі айтыскер ақын болған.Халық арасында қалған белгілі айтысының бірі- Құлмамбетпен айтысы. Жамбыл Жабаев, балалар,1941-45 ж.ж. Ұлы Отан соғысы кезінде біздің жауынгерлерімізге жауынгерлік рух беріп отырған, өзі қолына қару алып соғыспаса да өлеңдерімен жауға деген өшпенділігін білдірген,әсіресе оның «Ленинградтық өренім» атты өлеңі блокадада қалған Ленинград тұрғындарына күш берген.Осылай ол да өзінің үлесін жеңіс үшін қосқан адам.
Келесі таныс болатын жырауымыз Базар жырау Оңдасұлы.Ол ел арасына «Балқы Базар» деген атпен белгілі болған.Заманы Абаймен тұстас,өз еліне кезінде ерекше дарынымен аты шыққан ақынның бірі- Базар жырау Оңдасұлы.Бұқар жырау мен Махамбеттен кейінгі толғау тарланы- Базар жырау.Ол табиғатынан дарынды,зерек болып өскен.Бала кезінен ақын- жыраулардың жырларын, халық мақал- мәтелдерін көңіліне түйіп өседі.Бізде,қазақ халқында жырау, жыршы, термешілер көп болған.Жиын- тойларда ақын- жыраулар жиналып жыр айтып, айтысқа түсіп отырған.Сондай бас қосулардың бірі 1913 жылы Жетісу өңірінде өткен екен.Суретке назар салып қарасақ жыраулар жиналып отыр. Қолдарында ұстаған аспаптары бар (домбыра,сырнай,қобыз).Енді балалар,Базар жыраудың «Әр нәрсенің парқы бар» атты толғауынан үзінді тыңдайық.Бұл толғауында жырау адамдық қасиетті биіктететін ұнамды мінездерді насихаттайды. ( музыка тыңдау).
Бізді ерекше толғандыратын- қазақ жыраулары.Ауыздан ауызға тарап, ғасырлар бойы тот шалмас алтындай жыраулық дәстүр не күйде? деген сауалға жауап іздейік.Жыраулық, жыршылық мектептер құрдымға айналып бара жатыр деген біржақты ойдан аулақпыз,әрине, құдайға шүкір,жоқ емес жалғастырушылар біршама бар,бірақ көп емес, некен - саяқ.Сондай жыраулардың бірі- домбыра қолына тисе дауысын алты қырға аттандырып,шанағын жұтып қоярдайшыңқылдата жөнелетін, қыл қобызды сылқылдата саздатып, күміс көмейімен астастыра асқақтайтын айтулы жыршы- Бекболат Тілеуханов.Сендерге бұл кісінің есімі таныс па? (балалардың жауабын аламыз).Ендеше осы жыршының орындауында Ақтамбердінің толғауын тыңдайық.Толғаудың сарынына назар қойып,орындалу мәнеріне мұқият мән беріп отырыңдар.(музыка тыңдау) Оқушылар байқап отырсаңыздар бүгінгі тыңдаған терме, толғауларыңның қай-қайсысы да қанша буынды жыр үлгісінде құрылған? (жауабын аламыз)

4.Ән үйрену. Біз бүгінгі жаңа сабағымызда жауынгер ақын- жыраулармен таныстық,ия,балалар?Жалпы жаудан елді қорғайтын кім деп ойлайсыңдар? (балалар жауап береді- жауынегр,сарбаз,солдат)Дұрыс айтасыңдар, ендеше,біз бүгін композитор Кеңес Дүйсекеев ағамыздың «Солдат болам мен ертең» атты әнін үйренеміз.Ән жүрдек, ойнақы екпінде орындалады.Мұнда марш екпінімен қоса би ырғақтары да бар.Мен сендерге әдеттегіше әнді орындап беремін.(Әннің қайырмасын дұрыс орындауға назар аударамыз.)
Солдат болам мен ертең
Әнін жазған: К.Дүйсекеев. Сөзін жазған: Ш.Сариев.

1.Гүлдей жайнап,
Күндей жайнап ,
Мен ер жетіп толамын
Әжем айтқан
Дәу жігіт боп
Ағалардай боламын
қайырмасы: Бір, екі, үш!
Бойға жинап күш,
Шынығамын таңертең,
Ағалардай Отанға
Солдат болам мен ертең.
2.Мөлдір таңым,
Мөлдір жаным,
Мен ер жетіп толамын.
Атам айтқан
Дәу жігіт боп,
Ағалардай боламын.
қайырмасы:

5.Нота сауаты. Балалар,біз сөзді немен жазамыз?(әріппен)ия дұрыс ал әнді,қалай ойлайсыздар,немен,қалай жазамыз?Дұрыс айтасыңдар әнді нотамен жазамыз.(Тақтаға нота сызығы мен скрипка кілтін сызамыз)

6.Қорытынды.Балалар біз бүгінгі сабақтан не білдік? Не үйрендік? (жауаптарын тыңдаймыз)Ал тағы да не білгілерің келеді?БҮҮ стратегиясымен сабақты қорытындылаймыз.(Білемін Үйренгенім Үйренгім келеді)
7.Үйге тапсырма.Сабақ соңында оқушылар сыныптан Бекболат Тілеухановтың орындауындағы Шалкиіз жыраудың «Күн қайда» толғауының сарынымен шығып кетеді.

2 сынып Сабақтың тақырыбы :«Ғажайып музыка ертегісі»
Сабақтың мақсаты:1.Қазақ халқының мол мұрасымен таныстыру, соның ішінде балаға ең жақын аңыз- ертегілер әлемімен табыстыру.
2.Музыкалық ертегі сөзінің мәнін түсіндіру негізінде баланы ертегінің қызғылықты да мәндірек болуы үшін музыканы тыңдауға тәрбиелеу.
3.Оқушылардың ұлттық аспаптар жөніндегі түсінігін кеңейту,олардың музыкаға, ұлттық аспаптарға деген қызығушылығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,музыкалық орталық;
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау әдісі
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа сабақ.Сабақтың жүрісі:
Сабағымыз «Ғажайып музыка ертегісі» деп аталады. Сондықтан сабақты музыкалық ертегі желісімен өткіземіз.
Ертегі- ауыз әдебиетінен мол орын алатын және жазу өнері болмаған кезде ауызша шығарылған күрделі шығармалардың бір түрі.
Мен сіздерге «Сиқырлы аспаптар» ертегісін айтып беремін, дұрыс көңіл қойып отырыңыздар, өйткені мен сіздерге ертегі барысында жұмбақтар жасырамын.Жұмбақтарды шешуге көмектесесіңдер.
Бұрынғы өткен заманда бір күйші ғұмыр кешіпті.Бала кезінен өнер қуып, күй шертіпті.Өмір бойы домбыра,қобыз,жетіге,сыбызғы,шаңқобыз асапаптарын жасапты. (осы кезде слайдтан аталған аспаптар кезекпен шығып тұрады)Оның орындаған күйлерін тыңдаған адамдар да,жан- жануарлар да жүректеріне тәтті шырын құйылғандай ерекше сезімге бөленеді екен.Сырқат адам ауырғанын, мұңды адам қайғысын ұмытып, жылаған бала жылағанын тоқтатып,өмір бойы осылай болуды қалап, сиқырлы сәттің бітпеуін тілейді екен.Күйшінің және оның аспаптарының ерекше сиқыры да осындай екен.Жылдар өтіп, күйші қартайыпты.Күйші:
- Кімде кім менің сиқырлы аспаптарма тіл бітіріп шырқатса,сол адамға аспаптарымды мұра етіп қалдырамын,- деп жар салады.
Сол заманда Өнербай деген кісінің жеті ұлы болыпты.Олар шетінен өнерлі,ақылды. Дарынды болып өскен екен.Олар өнер, білім іздеп ел аралап жүріп, күйшінің үйіне келеді.Балалар амандасып үйге кіргенде ілулі тұрған аспаптар сыр шерткісі келіп тұрғандай күңіреніп кетеді.Енді, балалар,қарияның аспаптарын мұраға алуы үшін не істеуі керек деп ойлайсыңдар?Әрине жасырған жұмбақтарын шешулері керек.
- Дұрыстап тыңдаңдар.Қарияның бірінші жұмбағы:
Тоғыз белбеулі,
Екі тербеулі
Қос құлақты
Үні ұнамды (6 слайд)

- Кәне кім айтады?Бұл қандай аспап?Дұрыс жауабын берген бала тақтаға шығып, қолына домбыра аспабын алады. (домбырада күй естылып тұрады)
Үнім менің шалқиды бар ғаламға,
Арнаймын саз- күйімді бар адамға.
Құрманғазы,Тәттімбет,Дина әжемнің
Күйлерін кім жеткізер болашаққа.
- Қарияның екәнші жұмбағын тыңдаңыздар:
Бас,құлақ,мойны бар,
Үп-үлкен шанағы бар.
Ысқышпен ысқанда
Әндетіп шығар тағы әні бар.(7 слайд)
- Кәне кім айтады?Бұл қандай аспап?Дұрыс жауабын берген бала тақтаға шығып, қолына қобыз аспабын алады. (қобыздың үні естіліп тұрады)
-Ата Қорқыт жасаған нар қобызбым
Тарихты да жырлаған наз қобызбын
Қанша ғасыр өтсе де киелімін.
Ұрпақтармен бірге жасап келемін.
- Қарияның үшінші жұмбағын тыңдаңыздар:
Жеті ішектен жеті түрлі үн шыағр,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең жеті түрлі мұң шығар,
Бұл қандай аспап?
- Кәне кім айтады?Бұл қандай аспап?Дұрыс жауабын берген бала тақтаға шығып, қолына жетіген аспабын алады. (жетігеннің үні естіліп тұрады)
- Қайғы басқан қарияның
Зарын жырлап беремін
Жеті ұлына арналған
Күйді шертіп беремін.
- Қарияның төртінші жұмбағы:
- Сызылған үні, сүйкімді тілі,
Үрлесең ойнайтын, аспаптың бірі
- Кане,балалар,кім айтады екен жауабын?Бұл қандай аспап?Дұрыс жауабын берген бала тақтаға шығып, қолына сыбызғы аспабын алады,(сыбызғының үні естіліп тұрады)
-Қамыс,қурай,ағаштан
Түтікше боп ысылған.
Үрлемелі ойықты
Дыбысым нәзік сызылған,- деп сыбызғы аспабына тәл бітеді.
-Балалар,енді қарияның бесінші жұмбағын жасырамын:
Тілшікті аспап,қобыздай асқақ,
Ерекше үні бар, бұл қандай аспап?
-Кане, дұрыс жауабын кім берер екен?Дұрыс жауабын берген бала тақтаға шығып, шаңқобыз аспабына ие болады.(Шаңқобыздың үні естіледі)
Үнім сондай әдемі,
Тілшігім бар тербелген.
Нәзік сазды әуені,
Шаңқобызға не жеткен,- деп, аспапқа тіл бітеді.
-Қарияның алтыншы жұмбағын жасырамын:
-Қоңыр сазды даусы бар,
Шертсең күй, әні бар.
Домбыраға ұқсайтын,
Бұл қай аспап?
Дұрыс жауабын берген баланы ортаға шақырып,қолына шертер аспабын береміз.Осы кезде шертер үні естіліп тұрады:
- Ұш ішекті аспаппын
Құлағымды оң бұра
Шалықтатып күй шертіп
Шертер аспап атандым.
-Ал, енді, балалар қарияның соңғы жұмбағын тыңдаңдар:
-Ел қорғайтын ерлікке
Әуенімен шақырған.
Батылдыққа, елдікке
Әуенімен шақырған.
-Бұл жұмбақтың жауабы, дұрыс айтасыңдар,жауынгерге қайрат- күш беретін аспап- дабыл.Ортаға дұрыс жауабын берген оқушыны шақырып, қолына дабыл аспабын ұстатамыз.Осы кезде оқушылар күңіренген дабыл үнін дыңдайды.
-Күйші ақсақал балалардың өнерлеріне риза болып, сиқырлы сазды аспаптарының мұрагерлері табылып,өнерінің өшпейтініне көзі жетіп, ұлан- асыр той жасапты.
- Балалар, мен де сендердің тапқырлықтарыңа риза болып тұрмын.Сендер енді Өнербай қарттың жеті ұлысыңдар, қолдарыңдағы аспаптардың қалай ойналатынын білесіңдер, солай емес пе?Олай болса, біз сіздермен ертегіні қорытындылау мақсатында «Біздің оркестр» ойынын ойнаймыз.(Осылайша сабағымыздың 4-ші бөліміне көшіп кетеміз)
4. Музыка тыңдау бөлімі: Оқушылар Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін тыңдай отырып, күйдің әуенімен қолдарындағы аспаптардың қимылын салады.Осыдан оқушылардың аспаптар туралы түсінігінің қаншалықты кеңейгенін байқаймыз.Оқушылар күйдің әуенін тыңдай отырып, барларын салып аспапта ойнап отырғандай қимылын салады.
5.Ән үйрену. Сабағымыз Ж.Назаровтың «Ертегі» әнін үйренумен жалғасады.Алдымен қазақ халқа ертегілеріндегі «Ерте, ерте, ерте екен,Ешкі жүні бөрте екен» деген шумаққа дауыс жаттығуын жасаймыз.Жаттығу кезінде музыкалық дыбыстардың бір қалыпты шығуына,тыныстың дұрыс алынуына және дауысты дыбыстардың еркін, ал дауыссыз дыбыстардың анық қысқа айтылып орындалуына көңіл бөлеміз. Бұл жерде тізбекті дем алу әдісін пайдаланамыз.Дауыс жаттығуы кезінде дикция таза болуы үшін дауысты дыбыстарды созып айтуды талап етеміз.
«Ертегі» әні балалардың үйренуіне жеңіл,дауыс диапазонына лайықты ән.Ән сөзі интерактивті тақтада жазулы тұрады.
6.Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен «Жасырынған аспапты тап» ойынын ойнаймыз.Интерактивті тақтада сандар жазылған ұяшықтар көрсетілген.Оқушылар осы ұяшықтарды кезек таңдап алады.Таңдаған ұяшықтың астында аспаптардың суреттері жасырынған, егер сол аспапты дұрыс атасаң атаған аспабыңның үнін тыңдай аласың.
7.Бағалау.
8.Үйге тапсырма.
Жеткен нәтежием:
1.Оқушылардың аңыз- ертегілер жөнінде түсінігі кеңейді.
2.Музыкалық ертегінің не екенін түсіне алды.
3.Аспаптарды атауымен ажырата білді.
4.Аспаптардың үнін тани алды.
5.Жаңа ән үйренді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.