.
.
Сыныбы: 4 Әншілік өнердің хас шебері -Жүсіпбек Елебеков
Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5090 | Размер: | Автор: Нартай4540Тоқсандық тақырыбы: Ұлы ұстаздар көші
Сабақтың тақырыбы: Әншілік өнердің хас шебері -Жүсіпбек Елебеков
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні : Әншнің шығармашылығына тоқталу , таныстыру,
таныту, жан – жақты білімдерін арттыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың музыкаға, әнге деген ықыласын дамыту.
Тәрбиелік мәні : Композиторлардың музыкалық шығармалары,әндері арқылы халықтың
салт- дәстүрін, тәрбиесін балаға бере білу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, әндету , шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих.
Сабақ жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын сұрау
3.Бекіту
4.Жаңа сабақ
5.Қорытындылау
6.Үйге тапсырма
7.Бағалау
Сабақтың барысы:
2.Үй тапсырмасын сұрау
Ән өнерін паш еткен-Манарбек Ержанов
3.Бекіту
а)Манарбек Ержанов қай жерде дүниеге келді?
ә)Манарбектің ұстазы кім?
б)«Қыз Жібек»операсында кімнің ролін сомдады?
Жүсіпбек Елебеков
(1904-1977)
Жүсіпбек ЕлебековҚарағанды облысыЕгіндібұлақ ауданы (қазіргі Қарқаралы) Қаратау ауылы ауылында туған. Елебековті әншілік өнерге баулыған алғашқы ұстазы Ж.Балғабайұлы болған. Кейін Ұ.Айтбаев, Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев, И.Байзақовтармен бірге жүріп, өнерін ұстартады. 1920 — 22 жылдары Семейдегі “Ес-аймақ” драма труппасының қойған спектакльдері мен концерттеріне қатысады. 1931 — 35 жылдары Қазақ драма театрында, 1935 — 60 жылдары Қазақ филармониясында, 1960 — 77 жылдары “Қазақконцерт” бірлестігінде актерлік-әншілік қызметтер атқарады. 1933 — 38 жылдары Қазақ музикалық драма театрында (қазіргі Қазақ опера және балет театры) И.В. Коцыктың “Айман — Шолпан” музикалық комедиясында Әлібектің, Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” және “Айман — Шолпан” операларында Төлеген мен Арыстанның бейнелерін сомдайды. М.Әуезовтің “Еңлік — Кебегінде” Жапал рөлін ойнады. Ұлы Отан соғысы жылдары (1942 — 43) концерттік бригада құрамында майдандағы жауынгерлер арасында концерттер береді. Осы сапарында Р.Елебаевтың “Жас қазақ” әнін үйреніп келіп, алғаш рет халыққа таратты. Ол Абай, Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Балуан Шолақтың классикалық үлгідегі шығармаларын насихаттаушы, кейінгі буынға таратушы болды. Елебеков халық композиторларының, халық әндерімен бірге Қазақстан композиторларының әндерін де орындайды. Оның репертуарында Біржан салдың “Айтбай”, “Жамбас сипар”, Салғараның “Жиырма бес”, Ақан серінің “Құлагер”, т.б. әндер болды.
5.Қорытындылау
а)Жүсіпбек Елебеков қай жерде дүниеге келді?
ә)Ұстазы кім?
б)Халық композиторларынан кімдердің әндерін орындады?
6.Үйге тапсырма: Оқып, түсінігін айту.Мәнжазба жазу.
7.Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.