Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Орыс халқының музыкасы -

Орыс халқының музыкасы

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2113 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Орыс халқының музыкасы
Мақсаты:
Білімділік: Орыс халқының музыкасы және музыка аспаптарымен танысу. Дамытушылық: Қазақ халқының музыкасымен салыстыру арқылы оқушылардың ойлау, тыңдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Орыс халқының музыкасына құрметпен қарауға және достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:
Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, тыңдау, ән айту, би билеу т.б
Көрнекілігі: Орыстың музыкалық аспаптары (бубен, трещетка, погремушкалар, маракастар, балалайка), суреттер, нота тақтасы, сөзжұмбақ, үнтаспа
Сабақтың барысы: «Біз-бейбіт ел ұланы» әнін орындап, оқушылар сыныпқа кіреді. –

Қандай музыка? -Марш! (есік қағылады) -Кіріңіз! (Буратино кіреді) Мұғалім:- О,Буратино, кіре ғой, қайдан жүрсің? Буратино:- Жаңа жолда кетіп бара жатқанымда, балалардың ән айтып жатқанын естіп қалып едім, олар осында ма екен? Мұғалім:- Иә, олар осы сыныпта. Буратино: -Бұл балалар көп біледі ме,мен жолдан мынандай кілттер тауып алдым, бірақ қандай кілттер, нені ашатынын білмей басым қатты. (бірнеше скрипка кілттерді көрсетеді) Мұғалім:-Буратино, бұлардың қандай кілттер екенін білмейсің бе? Буратино:-Жоқ! Мұғалім:- Балалар, бұл қандай кілт, нені ашады? (оқушылар жауап береді) - Ендеше мына тақтадағы сиқырлы ноталарды ашайық, осы кілт ашады ғой деймін. (ішіндегі жылтыраған ерекше скрипка кілтті көрсетеді) Буратино: – Таптым! Осы ерекше кілтпен мына ноталарды ашайық, қалған кілттерді кімде-кім сабаққа жақсы қатысып отырса, соған беріп отырамын, кімде көп кілттер болса, ол жақсы баға алады, келістік пе? Мұғалім:- Жарайды, келісейік пе, балалар? 1-ші нотаны ашайық, қандай нота «ДО»Үй тапсырмасы ( «Ахмет Жұбанов» атты сөзжұмбақ арқылы үй тапсырмасы тексеріледі) – Келесі қандай нота? (Буратино «ми» деп айқайлайды) -Жоқ, Буратино қателесесің, «ре» нотасы. «РЕ»Жаңа сабақ -Қазақстан жерінде әр түрлі ұлттардың өкілдері тұрады.Қазақтар қай халықты болсын жатырқамайтын, кіммен болса да, достық пен сыйластықта өмір сүрген халық. - Біздің жерімізде қандай ұлттар тұрады? (оқушылар жауап береді) -Қазақстанның көршілес қандай мемлекеттер бар? - Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттері бар,бүгінгі сабақтан бастап, көршілес мемлекеттердің музыкаларымен танысатын боламыз.Республикамызбен шектесетін мемлекеттің бірі – Ресей Федерациясы. Біз Ресеймен ғасырлар бойы көршілес тату елміз.Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Орыс халқының музыкасы. Орыстың музыкалық аспаптарымен таныстырып өтейін. (аспаптарды көрсетемін) Балалайка – 3 ішекті, домбыра тәрізді, көлемі жағынан кішкене, шанағы үшбұрыш. Гармонь – тілді, баян тәрізді аспап. Треугольник – үшбұрышты ұрмалы аспап. Бубен – ұрмалы, сылдырмақ аспап. Трещетка – ағаштан жасалған ұрмалы аспап. Свирель – сыбызғы тәрізді, үрмелі аспап. Маракастар – ұрмалы, қасық аспаптар. ( әр аспаптың қалай ойналатынын көрсету және оқушыларға қолдарымен ұстатып ойнату) «МИ» Музыка тыңдау Орыстың музыка аспаптарында орындайтын «Камаринская», «Калинка» атты халық әндерін тыңдау. -Қандай музыкалық аспаптың үндерін естіп тұрсыңдар, музыка көңілді ме? - Қазақтың домбыра аспабында күйші, әрі домбырашы Бақыт Қарабалина орыстың шығармаларын көп ойнаған, (портретінкөрсетемін) тыңдайық. «ФА»Ән орындау - Қазақ халқының әзіл айтыс өнері сияқты орыс халқында частушки айтылады. Алдарыңда частушки әнінің сөзі жатыр, 1 рет оқып шығыңдар.(әнді орындау, не жайлы екенін талқылап, көңілді, ойнақы орындауға үйрету) «СОЛЬ» Би билеу -Балалар, қазақтың «Қамажай», «Қара жорға» халық әндеріне билеп көрдіңдер ме? Орыстың «Во поле береза стояла» әніне билейміз деп биші қыздар қонаққа келді, тамашалайық. (орыстың ұлттық киімін киген қыздар билейді) «ЛЯ»Сабақты бекіту - Балалар бүгін сабақта не өттік? - Қай халықтың музыкасымен таныстыңдар? - Қандай шығармалар тыңдадыңдар? - Орындаған частушки ұнады ма? Үйге осы әнді жаттап келесіңдер. «СИ» Бағалау - Буратино, оқушылар сабаққа қалай қатысты? Кілттерін санап бағалап жіберші. - Енді, Буратино соңғы нотаны өзің ашуыңды сұраймыз. «ДО» Сау болыңдар! (Буратино оқушылармен қоштасады)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.